Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азия және Африка.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

1.Бабырдың Үндістанды жаулауы

2. Ұлы Моғол империясының ішкі құрылымы

Моғол әулеті, ұлы Моғолдар әулеті – 16 – 19 ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы – Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Темір әулетінен шыққан, әкесі Омар Шейх (1456 – 95) Әмір Темірге туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы. Бабыр Ферғананың әмірі болды. 1504 жылы Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып, Кабулды иеленді. 1512 жылы Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті (1518 – 19, 1524 – 25). Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел болатын. Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 жылы Панипат жазығында Ибраһим ІІ-ні, 1527 жылы раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, Агра жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, ірі империя құрды. Олар Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада ұлы моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезеңде Үндістан әлемге әйгілі болды. Оның белгілі сұлтандары: Бабыр (1526 – 30), Құмайын (1530 – 56), Акбар (1556 – 1605), Жаһангер (1605 – 27), Жаһан шаһ (1627 – 58), Аурангзеб (1658 – 1707), Баһадүр шаһ (1707 – 12), Жаһандар шаһ (1712 – 13), Фаррух Сий-Сийяр (1713 – 19), Насыр әд-Дин Мұхаммед (1719 – 48), Ахмад шаһ Баһадүр (1748 – 54), Әзиз әд-Дин Аламгир ІІ (1754 – 59), Жәлел әд-Дин Әли Жауһар шаһ Алам (1759 – 1806), Акбар ІІ (1806 – 37), Сираж әд-Дин Баһадүр ІІ (1837 – 58). 18 ғасырдың ортасында ұлы моғолдар империясы ыдырай бастады. Ақырғы сұлтан Баһадүр ІІ Үндістан халқының ағылшындар үстемдігіне бағытталған көтерілісін басқарды. Көтеріліс басылған соң оның ұлдары ағылшындар қолынан қаза тапты, ал Баһадүр ІІ Бирмаға айдалып, сонда қайтыс болды.

Ұлы моғолдар империясы — Үндістан аумағында өмір сүрген ірі мемлекет (1526 — 1858) Дели сұлтандығы ыдырағаннан кейін құрылған. Негізін Темір әулетінен шыққан Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары Моғолстаннан шыққандықтан үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы Моғолдар деген атпен белгілі болды. Ұ. М. и. барынша ұлғайған кезінде аум. оңт-ндегі шағын князьдіктер мен патшалықтардан басқа Үндістан түбегін түгелге дерлік қамтыды.

Сұлтандық билік мұрагерлік жолмен жүзеге асырылып, сұлтандар (шаїтар) шексіз билікке қол жеткізді. Олар бағындырылған аумақтарды өздері қойған билеушілер арқылы басқарды.

Ұлы моғолдар империясының құрамына кірген жерлер — субтарға (провинцияларға) бөлінді. Субтардың билеушілері сұлтанның вассалдары болып есептелді. Бабыр ұрпақтары ислам дінінің үстемдігін қалыптастыруға күш салып, басқаруды орталықтандыру және үнді раджалары мен көпестерін өз жағына тарту жолымен мемлекетін күшейтуге тырысты. Бағындырылған князьдіктер мен патшалықтар сұлтан қазынасына көптеген алым-салықтар (жан басы салығы — джизья, жерден түскен өнімнен заттай салық, қолөнершілерден, саудадан түскен пайдаға салынатын ақшалай салықтар мен төлемдер, т.б.) төлеп отырды. 16 — 17 ғ-ларда Ұ. М. и. Үндістанның қайта гүлденуіне қолайлы жағдай туғызды. Сауда өркендеп, қалалар гүлденді.

Үнді архитектурасына Орт. Азиядан енген мұсылман сәулет өнері үлкен әсер етті. Тәж-Махал сияқты ғажайып сәулет ескерткіштері салынды. Дегенмен, 17 ғ-да Үндістанға еур. сауда капиталының ене бастауы (португалдар, француздар, ағылшындар мен голландықтардың Ост-Индия компаниясы) ішкі және сыртқы сауданың өсуіне әсер етті, сондай-ақ жат жерліктердің Үндістанды экон. жағынан отарлай бастауына жол ашты. Жергілікті халықтың жағдайы нашарлап, өсімқорлық күшейді. Өсімқорлар шаруаларға жоғары пайызға қарыз ақша беріп, кіріптарлыққа түсірді. Тұрмыстың нашарлауы жергілікті халықтың наразылығын күшейтті. Жеке аймақтарда Ұлы Моғолдар үстемдігі мен жергілікті шонжарларға қарсы халық көтерілістері басталды.

17 -18 ғ. мұндай көтерілістердің ең ірілері сикх сектасы жетекшілік рөл атқарған Пенджабтағы қала кедейлері мен шаруалардың көтерілісі, Аграның оңт.-батысындағы қолөнершілердің ең кедей топтары мен “кесепатшылар” кастасының өкілдерін біріктірген джаттар мен сатнами сектасының көтерілістері, сондай-ақ Шиваджидің басшылығымен болған моратхилер көтерілісі (17 ғ-дың 2-жартысы) болды. Моратхилер өз мемлекетін құрып, Шиваджиді мемлекет басшысы етіп тағайындады. Бірақ Шиваджи қайтыс болғаннан кейін Аурангзеб шаї моратхилердің мемлекетіне күйрете соққы берді. Биджапур, Голконда мемлекеттерін басып алып, іс жүзінде бүкіл Үндістанның билеушісіне айналды. Алайда көтеріліске шыққан халықтар мен бүлік жасаушы вассалдарға қарсы жүргізілген үздіксіз соғыстар Ұ. М. и-н әлсірете бастады. 1739 ж. Ираннан Надир-шах Афшар баса көктеп кіріп, Делиді алды. Ол қаланы тонап, сұлтан қазынасында сақтаулы тұрған орасан мол байлықты өзімен бірге алып кетті. 1747 ж. Ауғанстан билеушісі Ахмад шаї Дуррани Ұ. М. и-на қарсы жорық жасап, Пенджабты тартып алды. 1720 — 40 жылдар аралығында Ұлы Моғолдар Рохилкхандтағы, Бенгалия мен Декандағы биліктерінен айрылды. Моғол державасының әлсіреуін моратхи билеушілері пайдаланып кетті. Олар моғолдар билеген аудандардан алым-салық алып отыруға рұқсат беретін жарлыққа ие болды. Баладжи Баджи Рао (1740 — 61) пешва тұсында моратхилер Делиді басып алып, Пенджабқа шабуыл жасады. Пенджабты алу моратхилерді Ахмад шах Дурранимен қақтығысқа түсірді. Ауғандармен соғыста моратхилер талқандалып, бірнеше дербес князьдіктерге бөлініп кетті. Ұ. М. и-ндағы тақ үшін үздіксіз соғыстар ағылшын және француз Ост-Индия компанияларына Үндістанды жаулап алуға қолайлы жағдай туғызды. Әли Жауһар шах Аламның (1759 — 1806) кезінде ағылшындар Делиді басып алғаннан кейін (1803) Ұ. М. и. Ост-Индия компаниясына тәуелді болып қалды.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004

10-лекция. Селжұқтар және Осман империясы.

1. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы

2. Селжұқтар мемлекетінің мәдениеті

3. Осман мемлекеті.

4. Мехмед ІІ реформалары.

5. 17ғ Түркия.

III Сәлемнің реформалары. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.

Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тыйым салды.

Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді.

Елде реформа қайтадан басталды . Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын .

Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.

«Шығыс мәселесінің» тууы. Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.

«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.

Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.

Ресей керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында

«Шығыс мәселесі» асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табыады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясына тәуелсіз деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.

II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.

1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.

1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты. Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.

Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.

1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен , ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған I Николай Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық дайындала бастады.

Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып , 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

II Махмұттың реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.

30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет саласына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.

Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет(губерния) пен санджакка(уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды. II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар II Махмұд өлгеннен кейін іске асырылды.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004

11-лекция Монголия мемлекеті