Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЙ ЗАНЯТИЯ . СТОМ.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488.45 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Т Ә ЖІ Р И Б Е Л І К С А Б А Қ Т А Р Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н

Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н Ұ С Қ А У Л А Р

Тақырып № 1: Физиологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Қозғыш тіндерді тітіркендіру әдістері. Қозғыштық, қозғыштықтың көрсеткіштері, тыныштық потенциал және әрекет потенциалы. Бұлшықеттін физиологияық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері. Қозудың жүйке талшықтарымен өту заңдары. Парабиоз.

Оқыту мақсаты:

1. Физиологиялық зерттеудің негізгі әдістері және қозғыш тіндерді тітіркендірудің негізгі әдістері бойынша білім қалыптастыру.

2. Қозғыш тіндер физиологиясы бойынша білім қалыптастыру( қозғыштықтың көрсеткіштері, тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.

3.Бұлшықет физиологиясы бойынша білім қалыптастыру.

4. Жүйке талшықтар физиологиясы бойынша білім қалыптастыру.

5. Динамометрмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері.

1. Физиологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру.

2. Қозғыш тіндер физологиясының негізгі маңызын ашу.

3. Қозғыштық параметрлерімен, биоэлектрлік құбылыстарымен (ТП, ӘП) таныстыруі.

4.Бұлшықет физиологиясымен және еттің жиырылу түрлерімен таныстыру .

5. Жүйке талшықтары физиологиясы. Қозудың жүйке талшықтары бойымен өту заңдары.

6. Парабиоз құбылысының маңызын ашу.

7. Динамометрмен жұмыс жасауды игеру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Физиологиялық зерттеудің негізгі әдістері

  2. Қандай тіндер қозғыш тіндер деп аталады.

3. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.

4. Қозғыштық : анықтамасы, көрсеткіштері.

5. Қозғыштықтың кезеңдері.

6. Мембраналық және әрекет потенциалдары

Оқыту және сабақ беру әдісі:

Аралас түрде (тақырыпты ауызша талқылау, тәжірибелік жұмыстарды талдау және орындау, клиникалық физиологиялық әдістерді игеру, тесттермен жұмыс істеу, протокол толтыру (протокол толтыру тәртібі нұсқау соңында көрсетілген)

Жұмыстар:

- Жүйке-бұлшықет препаратын даярлау тәсілі (әдеб. 2, 3)

- Галванидің І және ІІ тәжірибесі (әдеб. 2; 33,34 бет; № 4.1, 4.2 жұмыс; әдеб. 3; 5 бет; № 4,5 жұмыс)

- Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау (әдеб. 2; 31 бет; № 3 жұмыс; әдеб. 3; 3 бет; № 3 жұмыс)

- Электроодонтометрия (әдеб. 2)

- ЕДЖ жазу (әдеб. 3; 8 бет; № 9 жұмыс)

- Тетанусты жазу (әдеб. 2; 42 бет; № 2 жұмыс)

- Жүйке талшығының қозуды жеке өткізуін дәлелдейтін тәжірибе (әдиб: 2, 3)

- Парабиоз кезеңдерінің суретін салу.

\-Динамометрия

Әдебиеттер:

Негізгі:

1) Адам физиологиясы // Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. – Алматы, 2005 ж. 54-93 бет.

2) Қозғыш ұлпалар физиологиясы //Қанқожа М.Қ. – Алматы, 2004 ж. Бет 78.

3) Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007; 1-11 бет.

Қосымша:

1) Физиология человека под. ред. Покровского В.М., Коротько Г.Ф.- М.-2003, стр.39-57

2)Физиология человека под. ред. Агаджаняна Н.А., Циркина В.И. – М.-2001, стр. 5-17

3)Основы физиологии человека под. ред. Ткаченко Б.И. (2 тома)- СПб-1994г, стр.6-53

.

4) Нормальная физиология. Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д.-М.-2005

5). Методические указания для студентов по «Физиологии возбудимых тканей», КазНМУ, 2002 г.-56 с.

6) Общая физиология (методическая указания для студентов) //под ред. Соколова А.Д. Алматы, 2006 г. 101 стр.

Студенттің білімін бағалау:

«ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейін бағалау ережесіне» сәйкес, МАКО и НСРМО Орталығының ұсынысымен тәжірибелік сабақтар бағаланады

    1. «Білімі» құзіреттілігі – ауызшажәне жазбаша сұрақ-жауаптар, тестілеу (сұрақтар мен тестілер тізімі төменде)

    2. «Тәжірибелік дағдылар» құзіреттілігі- дағды меңгеруін бағалау

  • Динамометрия

Бақылау (сұрақтар, тестер):

Сұрақтар

1. Қандай тіндерді қозғыш тіндер деп атайды.

2. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.

3. Қозғыштық: анықтамасы, көрсеткіштері.

4. Қозғыштықтың кезеңдері.

5. Мембраналық потенциал, пайда болу механизмі, мөлшері.

6.Қозу үрдісі туралы қазіргі ұғымдар. Әрекет потенциалы және оның кезеңдері. Әрекет потенциалы кезеңдеріне қозғыштық кезеңдерінің арақатынасы.

7.Тістің электрқозғыштығын анықтау .

8. Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері

9. Бұлшық еттің жиырылу түрлері

10. Бұлшық еттің жиырылу мен босаңсу механизмі

11. Шайнау бұлшықеттерінің күші мен жұмысы.Мастикациография.

12. Жүйке бойымен қозудың өту заңдылықтары

13. Жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі

14. Жүйке талшықтарының жіктелуі.

15. Жүйке талшықтарының құрылысы мен қасиеттері

16. Парабиоз

Тестер

1. Қозғыш тіндер :

  1. Сүйек, эпителий, бұлшықет

  2. Жүйке, бұлшықте, сүйек

  3. Жүйке ,бұлшықет, сөл бөлу

  4. Байламдар, бұлшықет, сөл бөлу

  5. эпителий, сүйек, байламдар

2. Қозғыш тіндерді қоздыратын тітіргендіргіштің үдеу қарқынына бейімделуі:

A. Қозғыштық

B. Лабильдік

C. Пластикалық

D. Аккомодация

E. Өткізгіштік

3Тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты:

  1. аккомодация

  2. хронаксия

  3. реобаза

  4. Әсердің пайдалы уақыты

  5. Лабильдік

4. Тіннің түрі мен оның лабильдігінің сәйкестігін тап (Гц):

А. Жүйке талшықтары 1. 100-125

Б. Бұлшықет 2. 250-330

В. Синапс 3. 500-1000

1. А2, Б1, В3 2. А1, Б2, В3 3. А3, Б1, В2 4. А3, Б2, В1

5. Иондардың жылжу бағыты мен әрекет потенциалының кезеңдерінің арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А-деполяризация

Б-реполяризация

1. натрий внутрь клетки

2. натрий из клетки

3. калий из клетки

4. калий внутрь клетки

1) А-3, Б-4

2) А-1, Б-3

3) А-2, Б-1

6. Қозғыштықтың супернормальдық кезеңін көрсетіңіз:

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

8. Сау тістің қозу табалдырығы:

  1. 2 мкв-тан төмен

  2. 2 -6 мкв

  3. 10- 60 мкв

  4. 60- 100 мкв

  5. 100 мкв-тан жоғары

9. Ауыз қуысындағы Гальванизм құбылысы байланысты:

A. Эмальдің өткізгіштігінің жоғарылауы

B. Ауыз қуысының кілегейлі қабатының қорғаныс қызметінің бұзылуы

C. Пломб немесе протез қойылғанда әртүрлі материалдар қолданылғандықтан

D. Кілегейлі қабаттың регенерациялық қызметінің бұзылуы

E. Кілегейлі қабаттың сіңіру қызметінің бұзылуы

10.Бұлшықеттердің жиырылуын тікелей қамтамасыз ететін энергия көзі:

  1. Тропонин

  2. Кальций ионы

  3. АҮФ - молекуласы

  4. Тропомиозин

  5. АҮФ - аза

11. Бұлшықет тегіс тетанус күйіне келу үшін бұлшықеттің жиырылуының қай фазасына келесі тітіркендіру келіп түсуі қажет?

  1. Босаңсу фазасына

  2. Латентті фазасына

  3. Қысқару фазасына

  4. Деполяризация фазасына

  5. Фазаға дейін

12. Бұлшықет тісті тетанус күйіне келу үшін келесі тітіркену бұлшықет жиырылуының қай фазасына келіп түсуі керек?

  1. Босаңсу фазасына

  2. Латентті фазаға

  3. Қысқару фазасыны

  4. Деполяризация фазасына

  5. Фазаға дейін

13. Аукстоникалық жиырылуда байқалады

  1. Жиырылған кезде бұлшық кернеуінің тұрақты шамасы

  2. Бұлшықет кернеуі өскен кезде бұлшықеттің тұрақты ұзындығы

  3. Бұлшықет кернеуінің және ұзындығының өзгеруі

  4. Ұзындығы қысқарған кезде кернеуі азаяды

  5. Ұзындығы қысқарғанда кернеуі өседі

14. ЕДЖ мен оның уақыты арасындағы сәйкестікті анықта:

А. Латенттік 1. 0,01 сек

Б. Босаңсу 2. 0,05 сек

В. Жиырылу 3. 0,06 сек

1. А1, Б2, В3 2. А1, Б3, В2. 3. А2, Б1, В3

15. Жинақталу түрі мен БДЖ кезеңі арасындағы сәйкестікті анықта:

А. Толық 1. Босаңсу

Б. Толық емес 2. Жиырылу

1.А.2, Б1 2.А.1, Б2

16. ЕДЖ уақыты:

  1. 0,016 сек 2. 0,12 сек 3. 0,08сек 4. 0,05 сек 5. 0,01сек

17. Бұлшықет талшығының ұзындығының өзгеріп, ал кернеуінің өзгермеуін, ... деп аталады: :

  1. Изометриялық

  2. Изотониялық

  3. Ауксотониялық

  4. Концентрлік

  5. Эксцентрлік

Мәселелік тапсырмалар:

  1. Тура және жанама тітіркендіру кезінде жүйке-ет препаратының қозғыштығы қандай таблдырық күшпен сипатталады? (0,5 және 0,8 в)

  2. Қозғыш тіндердің қайсысында лабильдігі ең үлкені ( жүйке, бұлшықет және түйіспеде)? Қайсысында ең төмені және ол неге байланысты?