- •5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5в12100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша
- •1. «Тілдік қатынас негіздері» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Тілдік қатынас негіздері» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- •1.2 Семинарлық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3 Әдістемелік талаптар:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
11. Реферат тақырыптары:
Тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы.
Хабардың жүзеге асу жолдары.
Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
Тілсіз қатынастың аясы неге шектеулі?
Диктордың сөйлеу мәдениеті.
Тіл мен таңба мәселесінің қазақ және шетел тіл білімінде зерттелу ерекшелігі.
Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
Тілдік қатынастың психологиямен байланысы.
Сөйлесімнің әлеуметтік және жекелік мәні, қатысымдық ерекшелігі.
Тілдің таңбалық табиғаты.
Тіл мен сөйлеу жөніндегі лингвистердің пікірлері.
Тілдік қатынасты жүзеге асырушылар жөніндегі терминдер.
Сөздің тілдік қатынастағы орны.
Фразеологиялық оралымның қатысымдық мәні мен қызметі.
Сөйлем және оның қатысымдық ерекшеліктері мен белгілері.
Мәтіннің қатысымдық белгілері.
Тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік негізі.
Тіл мен ойлау.
Тілдік қатынас және мемлекеттік тіл.
Тілдік қатынасқа байланысты сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымдары.
12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
Жұмыс көлемі – 20 беттен кем емес. Параметрлері: шрифт TNR, 12 кегль, полуторный интервал, сілтемелер бет бойынша, нумерация бет соңында ортасында.
Әдебиеттер тізімі – жұмыс соңында. Құрылымдық компоненттері: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі
2. «Кіріспе»
«Кіріспе» бақылау жұмысының жалпы сипаттамасын, көтеретін мәселелерді, мақсаттары мен міндеттерін қамту керек (көлемі – 0,5 – 1,5 бет). Бұл бөлімде жұмыстың жаңалығы, өзектілігі, негізгі бөлімде айтылатын ойдың ұшығы, қарастырылатын мәселелер, негізгі сүйенген әдебиеттер туралы мағлұматтар қарастырылу керек.
3. Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде кіріспеде берілген мақсаттар мен міндеттер орындалу тиіс
4. «Қорытынды»
Қорытынды жұмыста жалпы жұмысқа баға беріледі, негізгі бөлімдегі ой қорытындыланады. Қорытынды көлемі 0,5 – 1 бет.
13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
http://www.rmeb.kr
http://www.iis.ru/el-bib
www. sdu.edu.kz
www. studentochka.kz
www.kazakh.ru
14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
ramanova2008@mail.ru
platon.wksu.kz
www.wksu.kz
Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
1-7 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
1.8.1. 1-7 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас мәселесіне қатысты ой айтқан ғалымдар туралы не білесің?
Тілдік қатынас дегеніміз не?
Тілдік қатынасты зерттеу нысаны не?
«Тілдік қатынас негіздері» пәніне қатысты алғашқы ғылыми еңбекті жазған ғалым туралы не білесің?
Тілдік қатынас тіл білімінің қай салаларымен тығыз байланысты?
«Коммуникация» термині нені білдіреді?
Сөздіктерде терминдер қалай беріліп жүр?
Сөйлесім әрекетіне қатысты қандай терминдерді білесің?
Тілдік қатынастың анықтамасын айтып бер.
Тілдік қатынастың қоршаған ортаға тигізер әсері бар ма?
Тіл табысуға қандай дағдылар қажет деп ойлайсың?
Тіл мен адам арасындағы тұтастықты сипаттап бер.
Тілдік қатынас негіздерінің басты шарттары не?
Тілдік бірліктерді ата.
Тілдік бірліктерге тілдік қатынастың қатысы қай дәрежеде?
Тілдік қатынастың қандай түрлері бар?
Тілсіз қатынас дегеніміз не?
Ым тілі дегенді қалай түсінесің?
Тілсіз қатынастың адамға қажеттілігі неде?
Тілсіз қатынастың тілдік қатынастан айырмашылығы неде?
Хабар дегеніміз не?
Хабардың тілдік қатынаста алатын орны қандай?
Хабарға қандай талаптар қойылады?
Хабардың өту кезеңдерін ата.
Хабар туралы ғалымдар қандай пікірлер айтады?
Хабарды іс жүзіне асырушылар туралы не білесің?
Хабарға кімдер қатысады?
Баяншы туралы айтып бер.
Қатысымдық тұлғалар туралы не білесің?
Қабылдаушы дегеніміз кім?
1.8.284 8-15 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
Тілдік қатынастың құрамын ата.
Тілдік қатынас құрылымы туралы не білесің?
Тілдік қатынасқа қатысушылар қандай деңгейде қызмет атқарады?
Сөйлеу мүшелері тілдік қатынасқа қалай қатысады?
Қатысымдық тұлғалар жиынтығы нені білдіреді?
Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалардың арасындағы байланысты сипаттап бер.
Қатысымдық тұлға жөнінде ғалымдар қандай ой айтады?
Қатысымдық тұлғалардың қандай түрлері бар?
Мәтін дегеніміз не?
Сөйлемнің тілдік қатынастағы маңызы қандай?
Сөз тілдік қатынасқа қатыса ма?
Тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл арасындағы байланыс туралы айтып бер.
Ықпалдастық ұстаным дегенді қалай түсінесің?
Мемлекеттік тілге қатысты коммуникативтік бағыт пен бағдарларды ата.
Сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады?
Сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымдарына нелер жатады?
Сөйлеу мәдениетін игеруде қандай әдістер қолданылады?
Сөйлесім әрекетінің түрлерін ата.
Айтылым дегеніміз не?
Оқылым деп нені айтамыз?
Тыңдалым деген терминді қалай түсінесің?
Тілдесім дегеніміз не?
Тілдік қатынас педагогикамен қалай байланысады?
Психология ғылымы мен тілдік қатынас арасындағы байланысты ашып бер.
Тіл мен ойлау туралы не айтасың?
Ойлаудың танымдық, қатысымдық қызметтері қандай?
«Тіл – таңбалар жүйесі» дегенді қалай түсіндіресің?
Тілдің таңбалық табиғаты қандай?
Тілдік амалдарға нелер жатады?
Тіл мен сөйлесім арасындағы байланысты сипатта.
