Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тилдик катынас негиздери Раманова А.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
821.76 Кб
Скачать

10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары 1.4 бөлімінде көрсетілген. Аталған жұмыстарды студенттер қосымша әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет жүйесі бойынша орындауларына болады. СӨЖ-ге берілген тақырыптарды студенттер реферат, баяндама немесе ауызша талдаулар арқылы да орындауға болады.

Студенттің өзіндік жұмысына мыналар кіреді:

  • өткен материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.

  • Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.

  • Үй тапсырмаларын орындау.

  • Семестрлік тапсырмаларды орындау.

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:

  • дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.

  • Тақырыпты толық меңгергенге шейін студенттермен жұмыс істеу.

  • Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтерді енгізу.

  • Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесі дәрісте міндетті түрде талқылау.

СОӨЖ тақырыптары:

1-апта: Тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы жайлы реферат дайындау.

2-апта: Тілдік қатынастың қоршаған ортаға тигізетін әсері, атқаратын қызметі (шағын шығарма жазу).

3-апта: Тілсіз қатынастың аясы неге шектеулі? (реферат әзірлеу)

4-апта: «Баяншы», «Тұлғалар», «Қабылдаушы» ұғымдары туралы аннотация жазу.

5-апта: Қатысымдық тұлғалардың басты ұстанымдары (конспекті жазу)

6-апта: Диктордың сөйлеу мәдениеті (реферат әзірлеу).

7-апта: Тілдік қатынастың адам тәрбиесіне тигізетін әсері (аударма жасау).

8-апта: Тілдің әлеуметтік, жекелік, психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, қатысымдық жақтары мен ерекшелігі (конспекті).

9-апта: Тіл мен таңба мәселесінің қазақ және шетел тіл білімінде зерттелу ерекшелігі (реферат әзірлеу).

10-апта: Мемлекеттік тілдің жаһандану процесімен байланысы жөнінде сұқбат өткізу

11-апта: Тіл мен сөйлесім әрекетінің ортақ байланысы жөніндегі көзқарастарын шағын мақала түрінде әзірлеу.

12-апта: Тілдік қатынастың басты тұлғасы және өзегі сөзге лексикалық тұрғыдан талдау жасау.

13-апта: Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар жөнінде реферат дайындау

14-апта: «Коммуникация» терминінің қоғамдағы қызметі (мақала әзірлеу).

15-апта: «Тілдік қатынастың негізі – қатысымдық тұлғалар» деген тақырыпта хабарлама дайындау

СӨЖ тақырыптары:

1-апта: А.Байтұрсынұлының «Баяншы» атты еңбегіне талдау жасау.

2-апта: Тілдік тұлғалар мен қатысымдық тұлғалардың аражігін ажыратып көрсету.

3-апта: Хабар дегеніміз не? (өзіндік ой-толғаныс)

4-апта: Сөйлеу аппараттарының рөлі (суретті-сызба әзірлеу).

5-апта: Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?

6-апта: Сөйлесім әрекетінің түрлеріне анықтама беру.

7-апта: Тілдік қатынастың психологиямен байланысы (реферат дайындау).

8-апта: Сөйлесімнің әлеуметтік және жекелік мәні, қатысымдық ерекшелігі (реферат).

9-апта: Тілдік таңба ретінде сөздің дыбыстық жамылғышы, сөз семантикасының қатысымдық сипаты

10-апта: Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің? (Өзіндік ой-пікірін жазып келу).

11-апта: Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны жөнінде пікірталас өткізу.

12-апта: «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» атты тақырыпта шағын хабарлама әзірлеу.

13-апта: Тілдік қатынасқа түсушілердің атқаратын қызметтеріне сипаттама беру (жазба жұмысы).

14-апта: Тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік қызметі жайлы ойталқы өткізу (баспасөз материалдарына сүйену).

15-апта: «Оқылым», «айтылым», «жазылым», «тыңдалым», «тілдесім терминдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыс аясы жайында зерттеу жұмысын жүргізу.