Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тилдик катынас негиздери Раманова А.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
821.76 Кб
Скачать
  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1. Семинарлық сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.

1.1 Ұйымдастыру талаптары:

  • семинарлық сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестігі.

  • семинарлық сабақтардың дәріс сабақтарына байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

  • семинарлық сабақтарды қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

  • семинарлық сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

  • семинарлық сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.

1.2 Семинарлық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

  • семнарлық сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

  • пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

  • сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

  • тапсырмаларды қрындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3 Әдістемелік талаптар:

  • дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету; сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

Семинар № 1

Тақырыбы: Тілдік қатынас негіздері пәні

Мақсаты: пән туралы түсінік беру; зерттеу нысанын анықтау; басқа ғылым салаларымен байланысын көрсету.

Негіздемесі: Тілдік қатынас негіздері пәні. Тілдік қатынас, оның зерттеу нысаны, зерттелу жайы. Басқа ғылымдардың ішінде тілдік қатынастың алатын орны, оның басқа ғылымдармен байланысы.

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. А., 2005.

  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1989.

  3. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992.

  4. Оразбаева Ф. Тілдік коммуникация негіздері. А., 1995.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас мәселесіне қатысты ой айтқан ғалымдар туралы не білесің?

  2. Тілдік қатынас дегеніміз не?

  3. Тілдік қатынасты зерттеу нысаны не?

  4. «Тілдік қатынас негіздері» пәніне қатысты алғашқы ғылыми еңбекті жазған ғалым туралы не білесің?

  5. Тілдік қатынас тіл білімінің қай салаларымен тығыз байланысты?

Тапсырма 1. «Тілдік қатынас негіздері» пәні бойынша библиографиялық көрсеткіш әзірлеу.

Тапсырма 2. «Қазіргі қазақ тіл біліміндегі тілдік қатынас мәселесінің зерттелу жайы» тақырыбына баяндама жазу.

Тапсырма 3. Тілдік қатынас мәселесінің бүгінгі күннің өзекті проблемасы ретінде ғылыми-теориялық жағынан зерделеудіне үшін қажет ететіндігін ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып дәлелдеу.

Семинар № 2

Тақырыбы: Тілдік қатынас мәселесіне байланысты терминдер.

Мақсаты: тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын термидер жүйесімен таныстыру; «коммуникация» терминінің мәнін ашып түсіндіру; бұл атаулардың сөздіктерде берілу жайын сөз ету.

Негіздемесі: Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі. Оқулықтар мен бағдарламалардағы тілдік қатынас және оның басты мәселелері туралы терминдердің бірізді болмауы. Тілдік коммуникация мәселесі. «Коммуникация» термині, оның қалыптасуы. Терминдердің әр түрлі сөздікте берілу үлгілері. Сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты терминдер.

Әдебиеттер:

  1. Кеңесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. А., 1966.

  2. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.

  3. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. А., 1975.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Коммуникация» термині нені білдіреді?

  2. Сөздіктерде терминдер қалай беріліп жүр?

  3. Қай сөздікте «коммуникация» терминіне дұрыс түсініктеме берілген?

  4. Сөйлесім әрекетіне қатысты қандай терминдерді білесің?

  5. «Оқылым», «айтылым», «жазылым», «тыңдалым», «тілдесім» сөздерінің термин ретінде қалыптасу жайы туралы не білесің?

Тапсырма 1. Лингвистикалық сөздіктерден «коммуникация» терминіне берілген түсініктемелерді жазып алып, өз тұжырымын айту.

Тапсырма 2. Сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты терминдер тізімін жасау.

Тапсырма 3. Ахмет Байтұрсынов еңбектеріндегі тілдік қатынас мәселесіне қатысты терминдерге түсініктеме беру.

Семинар № 3

Тақырыбы: Тілдік қатынас қағидалары

Мақсаты: тілдік қатынастың анықтамасымен таныстыру; негізгі ерекшеліктерін ашып көрсету; қоғам мен тілдік қатынас мәселесінің байланысын түсіндіру.

Негіздемесі: Адамдық болмыстың түп қазығы – тілдік қатынас болуы. Тілдік қарым-қатынас арқылы адамның қоғамдық рөлінің кеңеюі. Тілдік қатынастың барлық қоғамдық үрдістердің іске асу көзі екендігі. Тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік мәні, оның адамның жеке басының қабілеті мен қоғамдағы орнына байланысты болуы.

Әдебиеттер:

  1. Ибрагимова Ж. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2002, 95-97-б.б.

  2. Ә.Қайдари. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде дамытудың жолдары мен шаралары. А. 1990 ж.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тілдік қатынастың анықтамасын айтып бер.

  2. Тілдік қатынастың қоршаған ортаға тигізер әсері бар ма?

  3. Тіл табысуға қандай дағдылар қажет деп ойлайсың?

  4. Қоғам мен тілдік қатынас арасындағы байланысқа сипаттама бер.

  5. Тілдің қоғам үшін маңыздылығы неде?

Тапсырма 1. Ж.Ибрагимованың «Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар» атта мақаласын конспектілеп, тілдік қатынас негіздері пәніне қатысты пікірлерді толықтыру.

Тапсырма 2. «Қоғам және тіл» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Тапсырма 3. Адам өміріндегі тілдің алатын орны турасындағы өз пікірлерін, дәлелдерін айту.

Семинар № 4

Тақырыбы: Тілдік қатынас негіздері

Мақсаты: тіл мен адамның бірлігін дәлелдеу; тілдік қатынас негіздерінің басты нысаны адамзат тілінің қарым-қатынас құралы қызметін зерттеу екендігін түсіндіру.

Негіздемесі: Тіл мен адамның тұтастығы, бірлігі. Тілдік қатынастың басты зерттеу нысаны – тіл мен адамның тұтас болмысы, оның табиғи жаратылысы, тіл арқылы адамды тану, адам арқылы тілді тану екендігі. Лингвистика ғылымының зерттеу материалы – тілдік бірліктер жиынтығы, тілдік қатынастың оған қатысы, одан айырмашылығы.

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева А. Парентезаны коммуникативтік-прагматикалық қатынас тұрғысынан зерттеу // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 7, 2004, 110-115-б.

  2. Бекмағамбетов Ш. Тілдік құбылыстың жаратылыстық табиғаты // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2007, 12-18-б.

  3. Мырзағазиева М. Табиғат әлеміндегі концептілердің берілуі // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2, 2007, 85-91-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тіл мен адам арасындағы тұтастықты сипаттап бер.

  2. Тілдік қатынас негіздерінің басты шарттары не?

  3. Тілдік бірліктерді ата.

  4. Тілдік бірліктерге тілдік қатынастың қатысы қай дәрежеде?

Тапсырма 1. Тілдік бірліктерге толықтай түсініктеме беру және жеке-жеке сипаттамасын жазу.

Тапсырма 2. Ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, тіл мен адамның бірлігін дәлелдейтін мысалдар жинау.

Тапсырма 3. Тілдік қатынас негіздерінің басты шарттарын басшылыққа ала отырып, адамзат тілінің қарым-қатынас құралы екендігн дәлелдеу.

Семинар № 5

Тақырыбы: Тілдік қатынас және тілсіз қатынас

Мақсаты: тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылықтарын көрсету; тілсіз қатынастың адам өміріне қажет тұстарын анықтау; ым тіліне сипаттама беру.

Негіздемесі: Тілдік қатынастың түрлері. Адамдардың белгілі бір ақпаратты қабылдауы және ұғуы.Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылығы, ерекшеліктері, оларға тән белгілер: оларды қабылдау мен түсінудің жолдары.

Әдебиеттер:

  1. Нұрсұлтанқызы Ж. Бейвербалды амалдар – қарым-қатынастың маңызды элементі // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 1, 2004, 111-116-б.

  2. Ешимов М. Ым семантикасы; универсалды және ұлттық табиғаты. Ф.ғ.к.дисс. авторефераты. А., 2004.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тілдік қатынастың қандай түрлері бар?

  2. Тілсіз қатынас дегеніміз не?

  3. Ым тілі дегенді қалай түсінесің?

  4. Тілсіз қатынастың адамға қажеттілігі неде?

  5. Тілсіз қатынастың тілдік қатынастан айырмашылығы неде?

Тапсырма 1. М.Ешимовтің «Ым семантикасы; универсалды және ұлттық табиғаты» атты зерттеу жұмысы конспектілеу.

Тапсырма 2. Б.Момынова, С.Бейсембаевалардың «Қазақ тілінің ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігін» қолдана отырып, көркем шығармалардан бейвербалды амалдарға мысалдар теру.

Тапсырма 3. Тілсіз қатынастың адам үшін қажеттілігін өз сөзімен түсіндіру.

Семинар № 6

Тақырыбы: Тілдік қатынастың негізі – хабар (ақпарат)

Мақсаты: хабар туралы ғалымдар пікірлеріне шолу жасау; хабар туралы түсінік беру; хабардың мәні мен маңызын ашу; хабар арқылытілдік қатынаста жүзеге асатын кезеңдердің сипаттамасын беру.

Негіздемесі: тілдік қатынастың негізі хабар туралы ғалымдардың тұжырымдары мен пікірлері. Хабардың мәні мен маңызы, тілдік қатыната хабардың алатын орны, оған қойылатын талаптар. Хабарды қабылдаудың жолдары мен амал-тәсілдері. Тілдік қатынастың негізін қалайтын хабардың өту кезеңдері.

Әдебиеттер:

  1. Колшанский Г. Коммуникативная функция и структура языка. М., 1984.

  2. Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1963.

  3. Проблемы коммуникативной лингвистики. Сб.науч.тр. М.,1982.

Бақылау сұрақтары:

  1. Хабар дегеніміз не?

  2. Хабардың тілдік қатынаста алатын орны қандай?

  3. Хабарға қандай талаптар қойылады?

  4. Хабардың өту кезеңдерін ата.

  5. Хабар туралы ғалымдар қандай пікірлер айтады?

Тапсырма 1. Хабар туралы айтылған ғалымдар пікірлерін жазып алу және оларға талдау жасау.

Тапсырма 2. Хабардың өту кезеңдерін сызба (схема) түрінде көрсетіп, оған сипаттама беру.

Тапсырма 3. Хабар арқылы тілдік қатынаста жүзеге асатын кезеңдердің басты критерийлерін мысалмен дәлелдеп беру.

Семинар № 7

Тақырыбы: Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар

Мақсаты: Хабарды іс жүзіне асырушылар туралы түсінік беру; хабарға тікелей қатысушылардың қызметін ашып көрсету; тілдік қатынастың орындалуына қатысушыларға: баяншы, қатысымдық тұлғалар, қабылдаушыға сипаттама беру.

Негіздемесі: Тілдік қатынастың негізгі мазмұны мен мәні болып табылатын хабарды іс жүзіне асырушылар туралы түсінік. Хабарға тікелей қатысушылардың белгілі бір ақпараттың, ойдың, мазмұнның екінші біреуге жетуі үшін қызмет етуі. Тілдік қатынастың іске асуына, орындалуына қатысушылар: баяншы, қатысымдық тұлғалар, қабылдаушы.

Әдебиеттер:

  1. Бекмағамбетов Ш. Тілдік құбылыстың жаратылыстық табиғаты // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2007, 12-18-б.

  2. Ибраимова Ж. Қатысымдық семантиканың басты тірегі – қатысымдық тұлғалар // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2007, 90-96-б.

  3. Сағынтаева Ж. Тілді қарым-қатынас құралы тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 5, 2006, 61-65-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Хабарды іс жүзіне асырушылар туралы не білесің?

  2. Хабарға кімдер қатысады?

  3. Баяншы туралы айтып бер.

  4. Қатысымдық тұлғалар туралы не білесің?

  5. Қабылдаушы дегеніміз кім?

Тапсырма 1. Хабарға қатысушылар жөніндегі терминдерге сипаттама беру және түсіндіру.

Тапсырма 2. Ж..Ибраимованың «Қатысымдық семантиканың басты тірегі – қатысымдық тұлғалар» атты мақаласын конспектілеу және мақалаға өзіндік пікірін білдіру.

Тапсырма 3. «Баяншы», «қабылдаушы» және «қатысымдық тұлғаларды» қатыстыра отырып, диалог құрастыру.

Семинар № 8

Тақырыбы: Тілдік қатынастың құрамы

Мақсаты: тілдік қатынастың құрамдық бөліктерінің әрқайсысына сипаттама беру; олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсету.

Негіздемесі: тілдік қатынастың негізгі құрамы, оның бөліктері, олардың тілдік қатынасты іс жүзіне асыруда алатын орны, маңызы. Тілдік қатынас құрылымының жіктелуі. Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар. Тілдік қатынасқа қатысушылардың атқаратын қызметі.

Әдебиеттер:

  1. Жинкин Н. Речъ как проводник информации. М., 1982.

  2. Колшанский Г. Коммуникативная функция и структура языка. М., 1984.

  3. Оразбаева Ф. Тілдік коммуникация негіздері. А., 1995.

  4. Сағынтаева Ж. Тілді қарым-қатынас құралы тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 5, 2006, 61-65-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тілдік қатынастың құрамын ата.

  2. Тілдік қатынас құрылымы туралы не білесің?

  3. Тілдік қатынасқа қатысушылар қандай деңгейде қызмет атқарады?

  4. Сөйлеу мүшелері тілдік қатынасқа қалай қатысады?

Тапсырма 1. Тілдік қатынастың құрамдық бөліктерінің әрқайсысына сипаттама беру.

Тапсырма 2. Тілдің экспрессивтік қызметі, оны мысалмен дәлелдеу.

Тапсырма 3. Сөйлеу аппаратының тілдік қатынастағы орны мен қызметін ашып көрсететін реферат жазу.

Семинар № 9

Тақырыбы: Қатысымдық тұлғалар

Мақсаты: Қатысымдық тұлғаларға сипаттама беру; тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалардың байланысын ашып көрсету; қатысымдық тұлға жөніндегі ғалымдар көзқарастарына шолу жасау; қатысымдық тұлғалардың түрлерімен таныстыру.

Негіздемесі: Қатысымдық тұлғалар, олардың жиынтығы. Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалардың байланысы. Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға жөніндегі пікірлер мен көзқарастар. Қатысымдық тұлғалардың түрлері: мәтін, тұрақты сөз тіркестері, сөйлем, сөз. Қатысымдық тұлғалардың басты ұстанымдары мен ерекшелігі, қызметі.

Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.

  2. Байтелиев А. Қазақ тіліндегі коммуникативтік фразеологизмдердің семантикалық құрылымы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2004, 52-58-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қатысымдық тұлғалар жиынтығы нені білдіреді?

  2. Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалардың арасындағы байланысты сипаттап бер.

  3. Қатысымдық тұлға жөнінде ғалымдар қандай ой айтады?

  4. Қатысымдық тұлғалардың қандай түрлері бар?

  5. Мәтін дегеніміз не?

  6. Сөйлемнің тілдік қатынастағы маңызы қандай?

  7. Сөз тілдік қатынасқа қатыса ма?

Тапсырма 1. Қатысымдық тұлға жөніндегі ғалымдар пікірлеріне шолу жасау. Өзіндік ой-тұжырымын айту.

Тапсырма 2. Фразеологиялық оралымдарға мысал келтіре отырып, олардың қатысымдық мәнін ашу.

Тапсырма 3. Төмендегі көрнекті ғалым Фердинант де Соссюрдің пікірін оқып шығып, балама аудармасын жасау.

«...Слово, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центральное в механизме языка».

Семинар № 10

Тақырыбы: Сөйлесім әрекеті

Мақсаты: сөйлесім әрекеті туралы түсінік беру; сөйлесім әрекетінің түрлеріне жеке-жеке сипаттама беру.

Негіздемесі: Сөйлесім әрекеті туралы түсінік. Сөйлесім әрекетінің түрлері. Сөйлесім әрекетіне байланысты терминдер және оларға қойылатын талаптар. Сөйлесім әрекетінің басты қағидалары мен тілдік қатынаста алатын орны. Сөйлесім әрекеті түрлерінің бір-бірімен байланысы.

Әдебиеттер:

  1. Айтмұхаметова Қ. Кәсіби саладағы сөйлеу коммуникациясы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2000, 48-49-б.

  2. Бейсенбекова Г. Оқылым процесі: теориясы мен әдістемесі. А., 2003.

  3. Жапбаров А. Сөйлеудің лексикалық икемділігі мен дағдысы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2004, 65-68-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады?

  2. Сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымдарына нелер жатады?

  3. Сөйлеу мәдениетін игеруде қандай әдістер қолданылады?

  4. Сөйлесім әрекетінің түрлерін ата.

Тапсырма 1. Қ.Айтмұхаметованың «Кәсіби саладағы сөйлеу коммуникациясы» атты мақаласын оқып шығып, пікір айту.

Тапсырма 2. Сөйлесім әрекетінің түрлерін атап көрсетіп, әрқайсысына жеке сипаттама беру.

Тапсырма 3. Тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінің байланыстылығы және бұл тұстағы тілдік қатынас мәселесінің орны туралы айту.

Семинар № 11

Тақырыбы: Оқылым

Мақсаты: оқылым туралы толық түсінік беру; оқылымның түрлерін атап көрсету; оқылым әрекетінің орфоэпиямен байланысын тілдік деректермен дәлелдеу.

Негіздемесі: Оқылымның анықтамасы, басты белгілері. Оқылымның түрлері, олардың тілдік қатынастағы рөлі, маңызы. Оқылымның басқа сөйлесім әрекетінің түрлерімен арақатынасы. Оқылым әрекетінің орфоэпиямен байланысы.

Әдебиеттер:

  1. Бейсенбекова Г. Оқылым процесі: теориясы мен әдістемесі. А., 2003.

  2. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. А., 1950.

  3. Төлегенова Г. Тілдерді оқытудың қатысымдық іс-әрекет негізі // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2002, 61-63-б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқылым деп нені айтамыз?

  2. Оқылымның қандай түрлері бар?

  3. Оқылымның тілдік қатынастағы рөлі қандай?

  4. Орфоэпиямен оқылым әрекетінің байланысы туралы не айтасың?

Тапсырма 1. Оқылым процесі барысында жұмыс жасайтын дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалыстарына сипаттама беру.

Тапсырма 2. Кез келген бір мақаланы алып, танымдық оқылымды тәжірибе жүзінде қолданып көру.

Тапсырма 3. Оқылым процесі жете меңгерілу үшін қажетті дағдыларды санамалап жазу.

Семинар № 12

Тақырыбы: Айтылым

Мақсаты: Айтылым туралы түсінік беру; айтылымға тән белгілерді анықтау.

Негіздемесі: Айтылым туралы түсінік. Айтылымға тән белгілер. Айтылымның тілдік қатынаста алатын орны, мәні мен маңызы. Айтылым және сөйлесім әрекеті. Айтылым әрекетін іске асырудың жолдары.

Әдебиеттер:

  1. Нұрғали С. Заң факультеті студенттеріне айтылым әрекеті арқылы үстеуді қатысымдық тұрғыдан оқыту. Алматы, 2004.

  2. Сыздықова Р. Сөз сазы (сөзді дұрыс айту нормалары). А.1995.

Бақылау сұрақтары:

  1. Айтылым дегеніміз не?

  2. Айтылымға тән негізгі белгілерді ата.

  3. Айтылымның тілдік қатынаста алатын орны қандай?

  4. Айтылым әрекетін іске асырудың жолдары қандай?

Тапсырма 1. Айтылым әрекетін іс жүзінде көрсететін тілдік жағдаят жазу.

Тапсырма 2. Ауызша сөйлесудің барлық түрі (хабарламалық, ақпараттық, белсенділік) пайдалана отырып, сұқбат әзірлеу.

Тапсырма 3. Өзге тілді меңгерту барысындағы айтылым әрекетінің маңыздылығына сипаттама беру.

Семинар № 13

Тақырыбы: Тыңдалым

Мақсаты: Тыңдалым туралы түсінік беру; тыңдалымның мәні, маңызы, қызметін ашып көрсету; тыңдалымның түрлерімен таныстыру.

Негіздемесі: тыңдалм туралы түсінік. Оның басқа сөйлесім әрекетінің түрлерімен байланысы және комплекстік бағыт. Тыңдалымның мәні, маңызы, қызметі. Оның тілдік қатынастағы ерекшелігі мен алатын орны. Тыңдалымға қойылатын талаптар. Тыңдалымның түрлері.

Әдебиеттер:

  1. Бейсенбекова Г. Оқылым процесі: теориясы мен әдістемесі. А., 2003.

  2. Колшанский Г. Коммуникативная функция и структура языка. М., 1984.

  3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. А., 2005.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тыңдалым деген терминді қалай түсінесің?

  2. Тыңдалымның тіл үшін маңызы қандай?

  3. Тыңдалымға қандай талаптар қойылады?

  4. Тыңдалымның түрлерін ата.

Тапсырма 1. «Тілді үйретудегі тыңдалым әрекетінің маңызы» деген тақырыпта реферат жазып әкелу.

Тапсырма 2. Тыңдалымның түрлеріне мысал келтір және іс жүзінде дәлелдеп көрсет.

Тапсырма 3. Сөйлесім әрекетінің бір түрі тыңдалым туралы өз түсінігін айту.

Семинар № 14

Тақырыбы: Жазылым

Мақсаты: жазылым әрекеті туралы түсінік беру; жазылымның түрлерімен таныстыру; графика, орфография салаларының жазылым әрекетімен байланысынашып көрсету.

Негіздемесі: жазылымның маңызы, оның сөйлесім әрекетінің басқа түрлерінен айырмашылығы. Жазылымның тілдік қатынаста алатын орны. Жазылым әрекетін іске асырудың жолдары, түрлері, амал-тәсілдері. Жазылым әрекетінің графикамен, орфографиямен байланысы. Жазылым әрекетін тілдік қатынаста дұрыс қолданудың маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А., 1993.

  2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1981.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жазылым дегеніміз не?

  2. Жазылымның тілдік қатынаста алатын орны қандай?

  3. Жазылым әрекеті орфографиямен қалай байланысады?

  4. Жазылым әрекетін іске қалай асыруға болады?

  5. Жазылым әрекетін тілдік қатынаста дұрыс қолданудың маңыздылығы неде?

Тапсырма 1. «Жазылымның психологиялық ерекшелігі» деген тақырыпта реферат жазу.

Тапсырма 2. Жазуды үйретудің басты алғышарттарын мысалдармен дәлелде.

Тапсырма 3. Орфография мен графиканың жазылым әрекетінің байланысын ашып түсіндіру.

Семинар № 15

Тақырыбы: Тілдесім

Мақсаты: Тілдесімнің мәні мен маңызын ашып көрсету; тілдесімнің түрлерімен таныстыру; тілдесімнің ерекшелігіне тоқталу.

Негіздемесі: тілдесімнің тілдік қатынасты жүзеге асырудағы мәні мен маңызы. Тілдесімнің пікір алмасуға қатысы. Тілдесімнің ерекшелігі мен қызметі. Тілдесімнің түрлері және олардың жіктелуі. Бұл әрекетке тән басты критерийлері.

Әдебиеттер:

  1. Айтмұхаметова Қ. Кәсіби саладағы сөйлеу коммуникациясы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2000, 48-49-б.

  2. Ибрагимова Ж. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2002, 95-97-б.б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тілдесім дегеніміз не?

  2. Тілдесімнің түрлерін ата.

  3. Тілдесімге тән қандай критерийлер бар?

Тапсырма 1. Ресми тілдесімде қолданылатын сөз қолданыстарына мысал келтіру.

Тапсырма 2. Бейресми тілдесімнің элементтерін пайдалана отырып, сұқбат құру.

Тапсырма 3. Газет беттерінен кәсіби тілдесімге тән тілдік қолданыстарды теру.