
- •5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5в12100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша
- •1. «Тілдік қатынас негіздері» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Тілдік қатынас негіздері» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- •1.2 Семинарлық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3 Әдістемелік талаптар:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5в12100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша
кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«Тілдік қатынас негіздері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
____________________________________________________________________________
Курс – 2
Семестр – 4
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 сағат
Семинар – 15 сағат
СОӨЖ – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 4-семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал - 2013
«Тілдік қатынас негіздері» бойынша
курстың бағдарламасы
2013-2014 оқу жылы, 4-семестр, 2 кредит
2-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Тілдік қатынас негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешені М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесі отырысының Хаттама шешімімен бекітілген (№1 хаттама, 26.09.2013) және пайдалануға рұқсат етілген «Тілдік қатынас негіздері» жұмыс оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.
Құрастырған: ф.ғ.к., БҚМУ доценті Раманова А.А.
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілді.
« 06 » _қыркүйек_ _2013 ж.__ № _1__ хаттама
1. «Тілдік қатынас негіздері» пәні бойынша бағдарлама
1.1. Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушы: Раманова Айгүл Абибуллақызы – «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Оқытушының мекен-жайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 162, «Қазақ филологиясы» кафедрасы, бас оқу ғимаратының 4-қабаты, 408-кабинет.
Жұмыс телефоны: 51-30-62
Электронды пошта адресі: ramanova2008@mail.ru
2. Пән туралы мәлімет
Пән атауы: Тілдік қатынас негіздері, 2 кредит сағат
Өтетін орны: кесте бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде
Сабақ кестесі:
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит-сағат саны болуы тиісті, әр кредит-сағат саны 2 байланыс сағаттан (1 дәріс, 1 семинар) және 2 сағат СОӨЖ, СӨЖ тұрады.
Аптаға кредит-сағат санының бөліну кестесі
Сабақ |
Өткізу уақыты |
Сабақ |
Өткізу уақыты |
2 байланыс сағаты (1 дәріс, 1 семинар) |
50 минут |
СОӨЖ, СӨЖ |
50+50 минут |
Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәрістер |
Семинар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
2 |
4 |
2 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
Емтихан |
КІРІСПЕ
Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы көзқарастар ертеректе болғанымен, тілдік қатынастың тіл білімінің жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда коммуникативтік лингвистика – әртүрлі бағытта терең де жан-жақты дамып келе жатқан ғылым саласы. Сондықтан тілдік қатынас филолог мамандардың әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді.
Курс мақсаты: Тілдік қатынас пәнінің мақсаты – студенттердің тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра келіп, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.
Курс міндеті:
Тілдік қатынастың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;
Тілдік қатынас мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
Тілдік қатынастың ерекшеліктерін көрсету;
Тілдік қатынастың методологиялық негізін меңгерту;
Қатысымдық тұлғалар туралы түсінік беру;
Қатысымдық тұлғаларды дұрыс пайдалана білуге үйрету;
Сөйлесім әрекеті және оның түрлерімен таныстыру;
Тілсіз қатынас туралы түсінік беру;
Тіл, ойлау, сөйлеу процестерінің байланысын кеңінен түсіндіру.
Курс мазмұны:
Тілдік қатынас негіздері пәні.
Тілдік қатынас мәселесіне байланысты терминдер.
Тілдік қатынастың анықтамасы, ерекшеліктері.
Тілдік қатынас негіздері.
Тілдік қатынас және тілсіз қатынас.
Тілдік қатынастың негізі – хабар (ақпарат).
Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар.
Тілдік қатынастың құрамы.
Қатысымдық тұлғалар.
Тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл.
Тілдік қатынас пен сөйлеу мәдениеті. Сөйлесім әрекеті, оның түрлері.
Тілдік қатынастың ғылыми негіздері.
Тіл мен ойлау.
Тіл және таңба.
Тіл және сөйлесім
Оқыту әдістемесі:
Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.
Пререквизиттер: Тіл біліміне кіріспе. Нормативті қазақ тілі.
Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Курс талаптары:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.
Студенттер тарапынан сабаққа күнделікті дайындалу міндеттеледі. Себебі студент білімі әр сабақ сайын балдық жүйеде бағаланады. Студент сабақта болмаған жағдайда материалды игеріп, кейіннен тапсыруы тиіс.
Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу арқылы айқындау.
Қарапайымнан күрделіге қарай көше отырып, өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру.