- •5В050800- «Есеп және аудит» мамандығы
- •Студенттің өзіндік жұмысының (сөж) мақсаты мен міндеттері
- •Тақырыптар бойынша сөж орындауға қойылатын негізгі талаптар
- •Соөж жүргізуге қойылатын негізгі талаптар
- •Сөж мен соөж түрлері
- •Реферат.
- •Зерттеу жүргізу ережелері.
- •Кейс жасау әдістемесі
- •Тақырыпқа байланысты сөж және соөж орындау тапсырмалары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Международные стандарты финансовой отчетности 2011 [Текст] : перевод полного официального текста мсфо, действующих в ес по сост. На 21.02.2011г. - м. : Аскери-асса, 2011. - 998 с
Реферат.
Белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет құралдарына немесе бірнеше адамдардың көзқарасына шолу жасау. Қандай да бір құралға немесе классиктің теориялық мұрасына анализ жасау. Пәннің қолданылатын әдебиеттерінің негізінде тапсырылады.
Реферат мазмұны кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Рефераттың көлемі 10-15 бетті құрайды.
Жұмыс компьютерді қолдана отырып баспа әдісімен орындалуы қажет. Негізгі техникалық шарттар: А4 парағы, интервал 1, шрифт - кәдімгі, кегль 14, парақтың параметрлері: оң жағы - 10 мм, үсті - 20 мм, сол жағы - 30 мм және төменгі жағы - 20мм.
Презентация – бұл қандай да бір тақырып бойынша көлемді ақпараттарды қабылдауға жеңіл әрі қазықты түрде етіп дайындау. Презентацияның басты масаты – күрделі әрі көлемді ақпаратты жеңіл қабылдайтындай етіп жеткізу.
Жақсы презентация жасау үшін нақты тақырып бойынша ақпараттар жинап, оны жүйелеп, мәтін және кесте мен диаграмма түрінде ретке келтіру қажет. Содан кейін арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып жүйеленген ақпаратты түрлі суреттер, сызбалар қосып қызықты әрі көрікті түрде дайындау қажет.
Презентация Microsoft Power Point немесе өзге де компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып әзірленуі қажет. Дайын презентацияның көлемі 7 - 15 слайдтан тұруы қажет. Презентация дайындау алдында қажетті әдебиеттерден, интернет көздерден ақпараттар мен статистикалық және аналитикалық деректер жинап, оны терең зерттеу қажет.
Зерттеу жүргізу ережелері.
Жалғыз бір өзі дербес білім алу мақсатында жасалатын шаралар зерттеулер деп аталады.
Зерттеулердің келесідей түрлері бар:
Индуктивті зерттеу;
Дедуктивті зерттеу;
Эксперимент/жаңалық.
Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы қойылған мәселені шешуге бағыттайтын жағдайларды қамтамасыз етсе, ғылыми концепциялар жеке дербес өз бетінше қарастырылады. Студент, сонымен қатар, сәйкессіздіктерді бейнелеуге, қазіргі мәселелерді, дискомфорт туғызушы негізгі мәселелерді қарастыруы қажет.
Дедуктивті зерттеу кезінде негізгі концепциялар мен оқытушы ұсынатын концепциялар негізге алынуы тиіс. Студенттер іс жүзіндегі аспектілерді өз бетімен қарастырулары қажет.
Түйіндеме жазу (аннотация) – қандай да бір мақалаға комментарий, яғни түсініктеме жазу. Аннотация жазу мерзімді баспасөз құралдарына шолу жасап, олардан тақырыпқа қатысты мақалалар іздеп, оған түсінік беруді білдіреді. Міндетті түрде қарастырып отырған мақаланың атауы, авторы, шыққан күні мен көзі, аннотацияның атауы, мақалаға шолу және соңында студенттің мақала мазмұнына қатысты пікірі (мақала авторымен келісу не оның пікірне келіспеу) болуы қажет.
Кейс жасау әдістемесі
Кейс дегеніміз нақты бір жағдайды бейнелеуді білдіреді. Мысалы: нақты бір факторлар мен жағдайларды сипаттау, автор жағынан ешқандай баға берілмейді, біржақты дұрыс шешімі жоқ.
Шығарма стильі рәсімделген, академиялық немесе қарапайым сөздер қолданысымен жасалуы тиіс. Кейстің құрылымы – уақытша, сюжетті, түсіндірме болып бөлінеді.
Кейс түрлері:
Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер;
Түрлендірілген кейстер;
Стратегиялық кейстер;
Тактикалық кейстер;
Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер дегеніміз компаниямен тығыз байланыста қызметшілік ету негізіндегі шынайы ақпараттар толық жинағы болып табылады. Нақты бір компаниянын нақты бір мәселесі бейнеленеді, мәселе мен онын шешімін нақты дәл сипаттау, бірақ, мәселе толық анықталмаған болуы мүмкін. Ақпараттар әртүрлі деңгейдегі менеджерлермен ұсынылады.
Кейсте қаржылық ақпараттар болғанымен, пайдалы қосымша ақпарат болмауы мүмкін, жанама сұрақтардың мазмұнысыз-ақ жалпы көлемі қомақты болады.
Тактикалық кейстерде – басты мақсат – студентті компания шаруашылығына квалификацияланған талдау жасауға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың белгілі бір сферасының белгілі бір мәселесіне қатысты болады. Жалпы көлемі – 5-6 ұсыныстан тұратын 2 бет көлемінде. Сонымен қатар, қосымша ескертпелер бейнеленеді: сұрақтарға жауап беру кезінде жанама облыстарынан қосымша ақпараттар мен толықтырулар қажет.
Мұндай кейстің құрылымында компанияға қысқаша сипаттама келтіріп кету қажет. Шаруашылығының бөлек элементтеріне толық сипаттама (мысалы – жарнама, технологиялары, персоналды дайындау), сонымен қатар, талқылауға ұсынылатын сұрақтар көрсетіліп кетеді.
Стратегиялық кейстер – олардың негізгі мақсаты – логиканы дамыту, негізделген шешімдер қабылдауға, белгісіздік шарттарында талдау жасау негізінде стратегиялар өңдеп шығаруға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың әртүрлі сфераларына қатысты болады. Жалпы көлемі 2-200 бет.
Кейстің бұл түрінің құрылымы мынадай:
Басы – қызмет етуші тұлғалардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, компаниянын жалпы сипаттамасы, уақытша параметрлері, қойылған мәселеге қызметкерлердің атынан әртүрлі жан-жақты көзқарастар.
Негізгі бөлім – тарихы, сыртқы ортасы, ішкі ортасына кеңірек сипаттама.
Қорытынды – мәселені шешуде немесе шешімдер қабылдаудағы мерзімділіктің жағдайын белгілейтін сценарий.
Қосымшалар – тарихындағы негізгі даталар, ұйымдастырушылық схемасы, қаржылық есептерінен деректер, статистика, фотографиялық суреттер.
Оқытушы мұндай кейстерді жасау кезінде қоршаған орта өзгерістерін есепке ала отырып, әртүрлі сыртқы көздер ақпараттарын, әртүрлі нақта немесе ойлап табылған, мысалға алынған деректерді қолдана алады. Ақпарат өзіндік мәселеге қатысты және сонымен қатар, жалпыланған теориялық материалдардан құралуы қажет. Студенттер бұл жағдайда, сынды талдау жасайды және жеке дербес өз бетімен қосымша ақпараттық ізденіс жасауы қажет. Ақпарат көздері ретінде – кезеңдік басылымдардағы мақалалар, мамандандырылған және бизнес-конференциялардан алынған ақпараттар, студенттер мен түлектердің жеке байланыстары және т.б. бола алады.
Тәжірибе жүргізу барысында кейстерді талдаудын негізгі жолдары:
Бастапқы саты – кейс материалына қысқаша шолу, басты сөздерді бөліп алу, «не болып жатыр?» жалпылама сұрақ қою, оқыған, алған ақпараттары туралы алған әсерлерін, болуы мүмкін өзгерістер, белгілі бір ойларға беретін келісімі немесе келіспеушілігі (қарсылығы) туралы сұрау және нәтижесінде оқытушы мен студенттер жалпылама қорытындылайды.
Ілгеріленген оқыту сатысы – шаруашылық тәжірибесін зерттеу, терең талдау жасау, даму шарттары мен уақытша контексттерді есепке алу, таңба-белгілеріне көңіл бөлу. Сырттай бақылаушылардың көзқарасын бағалау, талдау кезінде статистикалық тәсілдерді қолдану, логикалық теректер құрастыру, сандарға сынды көзқараспен қарау, өзінің жеке өмірлік тәжірибесін қолдану, «Ал, егер, жағдай басқаша болса...?» дегендей сұрақтар қою.
Сонымен қатар, кейстерді талдау кезінде оқытушы негізгі әдіс-тәсілдерді: қойылған сұрақтарды, сабақта меңгерілген тәжірибені, нақты сұрақтарды, жағдайлар тізбегін, ішкі және сыртқы аудит және т.б. қолдана алады.
