Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 ЭТ СЖ діс.нсау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.69 Кб
Скачать
  1. Студенттің өзіндік жұмысының (сөж) мақсаты мен міндеттері

«Экономикалық талдау» пәні студенттердің дәріс және практика сабақтарында алған білімін тереңдете және бекіте түсетін өзіндік жұмыстарды орындауды көздейді.

Студенттердің өзіндік жұмысы – студенттердің ғылыми әдебиеттерді, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады.

СӨЖ басты мақсаты –студенттерді логикалық әрі кезекті түрде ойлауға, жеке дара жұмыс істеуге, талдауға және ой қорытындылауға үйрету. СӨЖ тапсырмаларын орындау студенттерге алған теориялық білімін дұрыс меңгеруге, оларды тәжірибеде қолдануға, негізгі мәселелерді шешуге, нақты сұрақ бойынша өз пікірін қалыптастырып, оны дәлелдей білуге көмектеседі.

Өзіндік жұмыс қандай да бір тапсырманы механикалық түрде орындауға ғана бағытталмауы тиіс, ол студенттердің шығармашылық қабілеттерінің дамуына, болып жатқан оқиғалардың дамуына талдау жасай білуіне ықпал етуі қажет. Бұндай тапсырмаларды орындау студентке дәріс және практикалық сабақта алған білімін толықтай меңгеруге, алынған дағдыларын бекітуге, яғни әрбір қаржы саласындағы маманға аса қажетті дербес ойлау қасиетін дамытуға мүмкіндік береді.

«Экономикалық талдау» пәні бойынша өзіндік жұмыстың негізгі түрлері төмендегідей:

  • дәріс материалдарын одан әрі зерттеу және бекіту;

  • аудиториялық сабақтарға дайындалу мақсатында әдебиетпен, мерзімді басылымдардағы мақалалармен, интернет көздерімен дербес жұмыс істеу;

  • ұсынылған жағдайлар бойынша кейстер құру;

  • эссе, баяндама, реферат жазу;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • материалдарды кесте, схема түрінде жүйелеу;

  • берілген тақырыптар бойынша презентация жасау;

  • нақты ұйым мәліметтерін пайдалана отырып талдау жасау.

Өзіндік жұмыс, кез-келген оқу процесінің маңызды бөлігі бола отырып, студенттердің келесідей тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал етеді:

  • жауапкершілік;

  • міндеттілік;

  • жаңа материалдарды дербес түрде іздеу және жүйелеу;

  • тапсырмаларды жеке дара орындау мүмкіндігі;

  • дербес ойлау, ой қорытыдылау.

  1. Тақырыптар бойынша сөж орындауға қойылатын негізгі талаптар

Студенттердің өзіндік жұмысы берілген тапсырмаға сәйкес қарастырылып отырған сұрақ бойынша теориялық, статистикалық материалдар мен аналитикалық деректердің негізінде орындалады.

Өзіндік жұмыстарды орындау «Экономикалық талдау» пәнінің барлық тақырыптары бойынша қарастырылады. СӨЖ орындау мерзімі, тапсыру уақыты, бақылау түрі Силлабуста көрсетілген. Әрбір СӨЖ студентпен жеке дара СОӨЖ сабағында қорғалады және оқытушымен баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті әдебиеттер тізімі әрбір СӨЖ тапсырмасының соңында беріледі.

  1. Соөж жүргізуге қойылатын негізгі талаптар

Студенттердің оқытушының қатысуымен өзіндік жұмысы студенттің білімін тереңдетуге және бекітуге, оның аналитикалық дағдыларының дамуына бағытталады. Бұндай оқытушының қатысуымен өткізілетін аудиториялық сабақтарында студенттердің орындаған өзіндік жұмыстары қорғалады, қорытындыланады және нәтижелері бағаланады.

Бұл жұмыс түрінде алынған баллдар СОӨЖ бойынша бағаны қалыптастырады және курс бойынша қорытынды аттестация кезінде ескеріледі. Силлабуста әрбір СОӨЖ өткізудің формалары көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]