Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снабжение от Жулдыз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.48 Кб
Скачать

14-15-сұрақтар. Кернеуі 1кВ-тан жоғары және төмен қоректендірудің радиалды-магистралды схемалары

Электроаппараттың қосылу сұлбалары радиальды және магистральды түрде қосамыз.

Радиалды сұлба.

Радиалды сұлбамен жанғандарға торап, көлік ресорлы, станциялық тораптар және де отқа қауіпті және шаңды өндірістерде қолданылады. Электроэнергиясының таратылуы радиалды желі бойынша іске асады. Радиалды сұлбаның жақсы жағы өте жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді, ол жерде автоматиканың элементтерін оңай түрде қолдануға болады. Бірақ оның кемшілігі шығыны өте көп, тарату құрылғыларындағы щиттарды, кабельдерді төсеуге, қымбат түседі.

ТП

0,4 кВ

ТП 10/0,4

ШМА

ШРА1

ШРА3

б) 1000 В дейінгі ЭЖ қоректендіруге арналған «трансформатор-магистраль» блогының сұлбасы

а) 1000 В дейін ЭЖ магистралдық қоректендіру сұлбасы

0,4 кВ

ТП

кабель

СП1

СП2

СП3

в) СП күштік пунктерін магистралдық қоректендіру сұлбасы

17 Сурет - Магистралдық сұлбалар

а) 1кВ-қа дейінгі электр қабылдағыштарының магистральды сұлбасы;

б) 1кВ-қа дейінгі электр қондырғыларын қоректендіретін трансформаторлы магистралінің блоктық сұлбасы.

а және б сұлбасы цех ауданы бойынша тең дәрежеде таратуға қолданылады, б сұлбасы тарату щитын орнатуға тура келеді, энергияны тарату «трансформаторлы –магистральды» сұлба арқылы іске асырылады.

ШМА және ШРА шинасымдармен магистралдық қорек берген кезде технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру желіні қайта өндеу мәселесін қозғамайды. Кемшіліктері - егер де магистральда қандай бір апатты жағдай болса, онда ол жердегі барлық электр құрылғыларын түгел ажыратуға тура келеді. Егер олардың барлығы бар магистральға жалғанса. Кейбір жағдайда радиальды және магистральды сұлбаларды араластырып қосады, қоршаған ортаның, өнеркәсіптердің сипаттамасына байланысты.

Шинаөткізгіштік ШМА сериясы жабық жағдайда цехтарға электроэнергиясын жеткізеді, ол 3-фазалық өндірістік жиіліктегі токты U -660-қа дейінгі арлықта дейін. Оларды түзу және бұрыштық жағдайда құрастырып, кранштейін немесе арнайы тіреулерге орналастырады. ШРА сериялы шиноөткізгіш 3-фазалық өндірістік жиілікті токты 380 және 660 В арқылы цехтарға электроэнергиясын тарату үшін қолданады.

ШМА-ны КТП-ға қосу ШМА-ның қосу сексиясында іске асады, бұл секцияда коммутациялы қорғаныштық аппараттар қосылады, олар КТП-ның шкафында орналастырылған.

ШРА қосалқы станцияның шинасына қосу кабель немесе сыммен іске асырылады, ол шығыс қорапшасы арқылы жұмыс істейді.

ШРА-ны ШМА-ға қосу қарапайым тәсілмен іске асады, шығыс қорапша арқылы ол ШРА-да орнатылған кезде, ол ШМА-ның кабельді тұйықтаушына қосылады.

Жарықтандыру жүктемесі цехтағы радиальды сұлба бойынша жеке желі арқылы қосылады, ал магистральды жағдайға магистральдың басқа бөліктері арқылы қосылады.

Кернеуі 6-35кВ-тық тоқ өткізгіштері

Олар үлкен токтар кезінде пайдаланылады (1,5-6 кА). Құрылысы бойынша тоқ өткізгіштер қатты және майысқақ; ашық және жабық болып бөлінеді.

Оларға 6-35кВ-тық электрэнергиясын тарату тораптары жатады. Электрэнергиясын зауыт ішіне тарату магистральді, радиалды немесе аралас сұлбалар арқылы орындалады, олар және жүктеменің территория бойынша орналасуына, олардың шамасына, қоректендіру сенімділігінің қажет ететін дәрежесіне тәуелді болады. Шарттар бірдей болған кезде көбінесе магистральді немесе аралас сұлбалар қолданады, өйткені мұндай сұлбаларды қолдану үнемдірек.

Электрэнергияны радиалды сұлба арқылы тарату, жүктемелер орталық қорек көзінен әр түрлі бағытта орналасқан жағдайда қолданады. Олар екі немесе бір сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы, әдетте кіші, а екі сатылы - үлкен өндірістерде қолданылады.

Радиалды сұлбаның артықшылығы – пайдалануы сенімді және орындалуы қарапайым және сенімді қорғаныс пен автоматизацияны қолдану. Мұндай сұлбалардың кемшілігі - апаттық сөндірулер кезінде радиалды желіден қоректеніп тұрған цехтық РПЗ бірнеше цехтың ТП (3,4,5) электрмен бұзылады. Бұл кемшілік жою үшін (РП1 және РП2) қоректендіретін радиалды сұлбасын екі тәуелсіз қорек көзінен қоректендіреді (ГПП-ның әр түрлі шиналары) және сенімділігін жоғарлату үшін АВР қолданады.

Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбаларын қолдану жоғары вольтті аппараттар санын көбейтеді, бұл капиталды шығындарды көбейтеді.

24 Сурет - Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы

ТП1, ТП2 – бірсатылы радиалды қоректену

РП1, РП2 және РП3 – екісатылы радиалды қоректену.

Кернеуі 1кВ-тан жоғары магистральді сұлбалар

Магистральді сұлбаларды электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесінде қолданады, егер де тұтынушылар айтарлықтай көп болса және радиалды сұлбаларды қолдану тиімді болмаса. Әдетте магистральді сұлбалар тұтынушылардың ортақ қуаты 5000-6000кВА-дан көп емес бес-алты ҚС-ды қорекпен қамтамасыз етеді.

Бұл сұлба қоректенудің төмен сенімділігімен сипатталады, бірақ ағытатын аппараттар санын азайтуға және тұтынушыларды қорек үшін сәтті жинақтауға мүмкіндік береді..

25 Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректенулі бар сипаттық магистральды сұлбасы

Магистральді сұлбалардың артықшылықтарын сақтау қажет болғанда және қоректендірудің жоғары сендімділігін қамтамасыу ету үшін транзитті магистральдар жүйесін қолданады. Мұндай жүйеде кез-келген қоректендіруші жоғары кернеулі магистраль зақымдалса, тұтынушыларды автоматты түрде істе қалған трансформатордың төменгі кернеулі шиналар секциясына ауыстыру арқылы қоректендіруді екінші магистраль арқылы сенімді қамтамасыз етеді. Бұл қосылыс 0,1-0,2 с аралығында болады, яғни тұтынушыларды электрмен жабдықтауда зиян тигізбейді.

Тәжірибе жүзінде өндірістік кәсіпорындардың ЭЖЖ-ін жобалау және қолдану кезінде, тек қана магистральді немесе ралиалды сұлбаларды қолдану аз кездеседі. Әдетте, үлкен және жауапкершілігі жоғары тұтынушылар немесе қабылдағыштарды радиалды сұлбалар бойынша қоректендіреді. Орта және кіші тұтынушыларды топтастырып олардың қоректенуін магистральді принцип бойынша қоректендіреді. Бұл шешім техника-экономикалық көрсеткіштері ең жақсы ішкі электрмен жабдықтау сұлбасың құруға мүмкіндік береді.

6-сұрақ. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі сымдар мен кабельдердің электрлік есебі

Қыздыру шарты бойынша 1000 В-қа дейінгі кабелдер мен сымдардың қимасын ұзақ мерзімді өткізетін токтың жүктеменің есептелінетін мәніне тәуелді кестеден алынған қалыпты жағдайда төселген кезде, екі қатынас шарты бойынша есептеледі.

Қыздыру шарты:

а) ұзақ мерзімді есептік ток бойынша