
- •3. «Электр қауіпсіздік негіздері» Лязка
- •Электр тогының жарақаттылығы, электр жарақатының түрлері және адам ағзасына электр тогының әсері.
- •Электр жарақатын тексеру актысы және электр жарақаттылығын азайту жолдары.
- •Электр тогына соғылу нәтижесін анықтайтын шешуші факторлар.
- •Адам денесі арқылы пайда болатын электр тізбегі, адам денесінің кедергісі.
- •Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу, адам ағзасына ток түрі мен жиілігінің әсері, токтың әсер ету уақыты және токтың жүру жолы.
- •Электр тораптарын қауіптілікке талдау жасау.
- •Электр тораптарындағы бейтарап режимдерін таңдау принциптері.
- •Адымдық (қадамдық) кернеу және жанасу кернеуі.
- •Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.
- •Қорғаныстық жерге қосу, түрлері және орындалуы, есептелуі және бақылануы.
- •Нөлдеу, есептелуі мен бақылануы.
- •Қорғаныстық ажырату.
- •Аз кернеуді қолдану, электрлік және механикалық блокировкалар.
- •Оқшауламаны (изоляцияны) бақылау.
- •Негізгі және қосымша электрлік қорғаныс құралдары, ғимараттарды электр қауіпсіздігі бойынша жіктеу.
Қорғаныстық ажырату.
Қорғаныстық ажырату – желіде апаттық аймақтың барлық фазалардың автоматты өшуін қамтамасыз ететін электр қондырғыларда электр тогынан қорғаныстың түрі. Желінің зақымдалған аумағының өшу ұзақтығы 0,2с-тан ұзақ болмауы тиіс. Қорғаныстық ажыратудың қолдану аймағы: электрофицированный аспаптардағы жерлендіру немесе нөлдендіруге қосымша қорғаныс, қорек көзінен ажыратылған электр қондырғыларының ажыратуына нөлдендіруіне қосымша, кернеуі 1кВ-қа дейінгі жылжымалы электр қондырғыларының қорғаныс түрі. Қорғаныстық ажыратудың жұмысының негізі электр қондырғыларының бұзылуы желідегі өзгерістерге әкелуінде. Мысалы, фазаны жерге тұйықтағанда фазаның кернеуі жерге қатысты өзгереді – фазалық кернеудің мәні желілк кернеудің мәніне ауысады.
Қорғаныстық ажырату құрылғысының принципиальды схемасы: 1-максималды ток релесі; 2-ток трансформаторы; 3-жерлендіру сымы; 4-жерлендіргіш; 5-электрқозғалтқыш; 6-іске қосқыш контактылері; 7-блок-контакт; 8-іске қосқыштың өзегі; 9-жұмыстық(рабочая) катушка; 10- опробования түймесі; 11-қосалқы кедергі: 12 -13-өшіру және қосу түймесі; 14-іске қосқыш.
Қорғаныстық ажыратуға негізгі талаптар:
1) тез әрекеттілік. Өшу ұзақтығы 0,2с-тан кем болмауы керек.
2) сенімділік, жалған іске қосылудың болмауы. Ол үшін схемада өзін-өзі бақылау көзделеді.
3) жоғары сезімталдық. Кіріс сигнал ток бойынша бірнеше миллиамперден аспау керек, ал кернеу бойынша бірнеше ондаған вольттан аспау керек.
4) селективтілік, яғни тек апаттық аймақтың өшуінің таңдаушылығы.
5) қарапайым, күтудің жайлылығы, құнының арзандығы.
Аз кернеуді қолдану, электрлік және механикалық блокировкалар.
Аз кернеу – электр тогына соғылудан туындайтын қауіптілікті азайту мақсатында 42В-қа дейінгі қолданылатын кернеуді айтады. Аз кернеудің көзі ретінде гальваникалық элементтер, аккумулятор, түзеткіш, жиілікті түрлендіргіш және трансформатор қолданылады. Аз кернеудің 42, 36 және 12В негізгі көзі болып өлшемдері аса улкен емес және ауыспалы аппараттары бар арнайы талғаулы төмендеткіш трансформатор болып табылады. Олар 380 және 127В желіден қоректенеді. Аз кернеудің көзі ретінде трансформаторды қолданғанда жоғарғы кернеуден төменгі кернеуге ауысқанда қорғаныста қамтамасыз ету міндетті.
Блоктау.
Оқшауланған ток өткізгіш бөліктерге жанасу мүмкіндігін болдырмау үшін кедергілер, шектеулер жән блоктаушылар қолданылады. Блокировкалаушы қондырғылар қызмет көрсетуші персоналды электр тогынынан қорғанудың ең сенімді тәсілі болып табылады. Қауіпсіздік техника ережелеріне сәйкес блокировка екі түрлі болып келеді:
Механикалық;
Электрлік.
Олар электр қондырғыларында, рубильниктерде, іске қосқыштарда, автоматты ажыратқыштарда қолданылады.
Электрлік блоктаушы тек электр тізбегінің контактылеріне ықпал етеді. Олар қорғалатын объектіден кез келген ара қашықтықта қолдана береді. Электр блоктаушының іске қосылу принципі шкафтардың немесе электр қондырғыларын шектеушілердің есігін ашқанда электр тізбегінің үзілуі және электр қондырғының автоматты өшуіне негізделген.
Механикалық блоктаушы жезлді(жезловая) және тұтқалы(рычажная) жүйеде қолданылады. Механикалық блоктаушының принципі шкафтардың немесе шектеушілердің есігін тек алдын ала электр қондырғыға қорек беретін рубильникті өшіргенде ғана мүмкін болатындығында, немесе керісінше рубильникті тек шкафтардың есігі жабылғанда және электр қондырғыларының қаптамасы қапталғанда ғана қосуға болады.