Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл безопас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.99 Кб
Скачать
  1. Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.

МЕСТ бойынша жерге электрлік тұйықталу деп ток өткізгіш бөліктерінің кездейсоқ жағдайда жермен немесе жерге басқа да металлоконструкциялық бөліктер арқылы жерге электрлік тұйықталуын айтады. Оқшауламаның бұзылуы, электр қондырғының ток өткізгіш бөліктері мен жерлендірілген сымның арасында байланыстың(контакт) болуы, кернеулі сымның жерге үзіліп құлауы тұйықталуды болдырады. Жерге тұйықталу кезінде грунт арқылы апаттық ток аға бастайды, ол электр қондырғының жағдайын қауіпсіздік көзұарасымен қарағанда өзгертеді. Бұл ретте электр қондырғының корпусы мен жерлің арасында кернеу пайда болады, сонымен қатар жер бетінің жеке нүктелерінің арасында кернеу пайда болып адамдарға қауіп төндіреді.

Жарты сфералық жерлендіргіш арқылы токтың жерге таралуы.

  1. Қорғаныстық жерге қосу, түрлері және орындалуы, есептелуі және бақылануы.

қорғанысты жерге қосу – кернеулікте қалу мүмкіндігі бар электр қондырғыларының ток өткізетін металл бөліктерін жермен немесе оның баламасымен қосуды айтамыз. Жерге қосу құрылғысы - жерге қосқыш және өзара қосушы сымдардан тұратын жиынтықты айтамыз. 1кВ-тан жоғары тораптарда жерге қосу кедергісінің шамасын нормалау күрделірек болады, сондықтан оны жаппай алғанда 0,5Ом-нан артық емес деп қабылдайды. Ал төменгі вольтті электр желілерінде:

220В үшін – 8 Ом;

380В үшін – 4 Ом;

660В үшін – 2 Ом-нан артық болмау керек. Бірақ ПУЭ бойынша 1кВ-қа дейінгі желілерде бейтарап түріне байланысты:

Оқшауланған бейтарапта қорғанысты жерге қосуды; ал бейтарабы жерге қосылғанторапта қорғаныстық нөлдеуді қолдануды ұсынады. Жерге қосу кедергісін өлшеу МС-07; МС-08 сияқты аспаптармен кемдегенде үш жылда бір рет өлшейді.

Мұндағы: - жанасу кернеуін ескеретін коэффициент

- адам тізбегіндегі қосымша кедергілерді ескеретін коэффициент

  1. Нөлдеу, есептелуі мен бақылануы.

Нөлдеу – электр қондырғыларының кернеу түсетін бөліктеріне нөлдік сыммен электрлік жалғауды айтамыз. Қорғаныстық нөлдеуді 1000В-қа дейінгі ұшфазалы бейтарабы жерге қосылған желілерде қолданады. Нөлдеуді кернеуі бар корпус қысқа тұйықталу болған жағдайда корпус пен электр қондырғыларының металл бөліктеріне жанасқанда электр тогының қауіптілігін болдырмау үшін қолданылады.

Қорғаныстық нөлдеу бейтарабы жерге қосылған 1кВ-қа дейінгі электр қондырғыларында жанасу болғанда негізгі қорғаныс болып табылады. Нөлдендірудің жұмысының ұстанымы: егер кернеу(фаза) аспаптың металл корпусының нөлмен байланысына түссе қысқа тұйықталу болады. Тізбектегі ток күші өте үлкен мәнге жетіп қорғаныс аппаратарының(автоматы ажыратқыштар, сақтандырғыштар) іске қосылуын қамтамсыз етеді, олар бұзылған аспапты қоректендіретін желіні өшіреді. ПУЭ ережесі зақымдалған желінің автоматы өшу уақытын белгілейді. 380/220В номиналды желі кернеуі үшін ол 0,4с-тан аспау керек. Нөлдендіру оған арналған арнайы сыммен жүзеге асады. Мысалы, бір фазалы желіде сымның немесе кабельдің үшінші желісі(жила).

Нөлдендірудің іске қосылу принципі.

Нөлдендіруге қойылатын негізгі талаптар: зақымдалған қондырғыны сөндіру үшін сенімді және тез іске қосылатын қорғаныспен қамтамасыз ету керек. Ол үшін келесі шартты орындау қажет: ,мұнда    - сақтандырғыштың номиналды тогы немесе аппараттың автоматты сөндіру үшін орнатылған тогы. k – іске қосылу сенімділігінің коэффициенті. Сенімділік коэффициенті: сақтандырғыштар мен автоматты аыйрғыштар үшін k ≥3; электрмагниттік ағытпасы бар автоматтор үшін: k ≤1,1. Нөлдендірудің бақылануы: жылына 1 реттен кем емес өлшеп, келесі параметрлерді анықтайды: - ілгектің кедергісі,   . Өлшенген шамаларды нормаға сәйкес шамамен салыстырады.