Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл безопас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.99 Кб
Скачать
  1. Адам денесі арқылы пайда болатын электр тізбегі, адам денесінің кедергісі.

Адам денесінің кедергісі

Адам денесінің электрлік кедергісі тек қана физика – химиялық құбылыстармен ғана емес, био – физика – химиялық құбылыстармен қалыптасады. Ал дененің кедергісі немесе өткізгіштігі металлдағы, сұйықтағы немесе газдағы электрондар мен иондардың қозғалысымен ғана емес, сонымен бірге токтың тура әсеріндегі пайда болатын күрделі механизмдермен және жүйке жүйесі арқылы анықталады. Денедегі тірі тканьның кедергісі сызықсыз шама және осы шама көптеген факторлардан үнемі өзгерісте болады. Мысалы, кернеуден. Зерттеулер адамның ішкі бөлігі активтік « » кедергісімен, ал терісі « » кедергісімен орын алатынын дәлелдеді. Токтың жиілігінің өсуімен тізбегіндегі кернеуі мен токтың арасындағы бұрылу бұрышының ұлғаятындығы дәлелденген. Дененің ішкі бөлігінің ең жоғарғы өткізгіштігін жүйке талшықтары мен қан тамырлары құрайды. Бірақ басқа тканьдармен салыстырғанда жүйке жүйесі қайтпайтын бүлінулерге ұшырайды. Қауіпсіздік ережесі дененің есептелу шамасы ретінде =1000Ом және де кедергіні кернеу мен топография бойынша келесідей дифференциалдауды ұсынады:

Тізбек схемасы

Кедергісі, кОм

65В дейін

127В

220В

220В жоғары

Қол – аяқтар

4,4

3,4

1,6

1,2

Қол – аяқ

3,6

2,8

1,2

0,8

Алақан – қолдың сыртқы беті

3,2

2,5

0,8

0,65

  1. Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу, адам ағзасына ток түрі мен жиілігінің әсері, токтың әсер ету уақыты және токтың жүру жолы.

Токтың күші бойынша:

  • Сезінерлік ток І=1,6мА-ден бастап (табалдырықтық сезінерлік ток – бұл сезінерлік токтың ең аз мәні);

  • Жіберетін ток І≤10-15мА;

  • Жіберілмейтін ток І≥15-30мА;

  • Асфикция тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥20-30мА (5-10секунд аралығында);

  • Фибрилляциялық тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥100мА (1-3секунд аралығында);

  • Токтың термиялық әсері І=5А;

  • Ұзаққа созылған қауіпсіз ток І=6-10мА;

  • Қысқа мерзімді қауіпсіз ток (Дальзиэль) – , [мА]

Токтың түрі мен жиілігі бойынша:

Тәжірибелер, токтардың мәні бірдей және біркелкі коммутация жағдайында тұрақты токтың азырақ қауіпті екендігін дәлелдеді. Айнымалы токтың ішіндегі ең қауіптісі бір жарты периодты түзетілген ток. Шамамен 120В кернеудегі тұрақты токтың әсері өнеркәсіптік жиіліктегі (50 немесе 60Гц) 40В кернеудегі айнымалы токтың шамасымен қарайлас деп қабылдауға болады. Ал жиілік бойынша 50-400Гц аралығы ең қауіпті деп саналады. Ең қауіптісі f=50Гц, ал кГц, МГц қауәпсәз деп саналады. Себебі олардағы ток жүйке талшықтары мен ішкі органдарды бүлдірмей терінің бетімен өтеді.

Токтың жүру жолы

Адам арқылы тұйықталу жағдайында токтың жүретін 18 түрлі вариантын қарастыруға болады. Солардың ішінде:

  • Аяқ – аяқ (аз қауіпті);

  • Қол – аяқ (орташа қауіпті);

  • Сол қол – бас (ең қауіпті).