
- •3. «Электр қауіпсіздік негіздері» Лязка
- •Электр тогының жарақаттылығы, электр жарақатының түрлері және адам ағзасына электр тогының әсері.
- •Электр жарақатын тексеру актысы және электр жарақаттылығын азайту жолдары.
- •Электр тогына соғылу нәтижесін анықтайтын шешуші факторлар.
- •Адам денесі арқылы пайда болатын электр тізбегі, адам денесінің кедергісі.
- •Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу, адам ағзасына ток түрі мен жиілігінің әсері, токтың әсер ету уақыты және токтың жүру жолы.
- •Электр тораптарын қауіптілікке талдау жасау.
- •Электр тораптарындағы бейтарап режимдерін таңдау принциптері.
- •Адымдық (қадамдық) кернеу және жанасу кернеуі.
- •Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.
- •Қорғаныстық жерге қосу, түрлері және орындалуы, есептелуі және бақылануы.
- •Нөлдеу, есептелуі мен бақылануы.
- •Қорғаныстық ажырату.
- •Аз кернеуді қолдану, электрлік және механикалық блокировкалар.
- •Оқшауламаны (изоляцияны) бақылау.
- •Негізгі және қосымша электрлік қорғаныс құралдары, ғимараттарды электр қауіпсіздігі бойынша жіктеу.
Электр тогына соғылу нәтижесін анықтайтын шешуші факторлар.
Тоқтың шамасы;
Кернеудің шамасы;
Әсер ету уақыты;
Ток түрі мен жиілігі;
Токтың жүріп өту жолы;
Адам денесінің кедергісі (акупунтуралық зоналар);
Қоршаған орта;
Сезу факторы (психо – гальваникалық эффект)
Токтың күші бойынша:
Сезінерлік ток І=1,6мА-ден бастап (табалдырықтық сезінерлік ток – бұл сезінерлік токтың ең аз мәні);
Жіберетін ток І≤10-15мА;
Жіберілмейтін ток І≥15-30мА;
Асфикция тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥20-30мА (5-10секунд аралығында);
Фибрилляциялық тогы (уақыт функциясындағы) – І ≥100мА (1-3секунд аралығында);
Токтың термиялық әсері І=5А;
Ұзаққа созылған қауіпсіз ток І=6-10мА;
Қысқа мерзімді қауіпсіз ток (Дальзиэль) –
, [мА]
Кернеу және әсер ету уақыты бойынша:
Кернеу шамасы және әсер ету уақыты МЕСТ бойынша келесідей кернеу мен токтың жіберілетін қауіпсіз шамалары бекітілген:
t,с |
Ұзаққа созылған |
30 дейін |
1 |
0,5 |
0,2 |
1 |
U,В |
6 |
36 |
50 |
100 |
250 |
500 |
I,мА |
1 |
6 |
50 |
100 |
250 |
500 |
Кернеудің әсерін қарастырғанда жанасу схемасында, тораптың кернеуіне назар аудару қажет, яғни:
Желілік
кернеу(
);
Фазалық
кернеу(
);
Фаза
мен жер арасындағы кернеу(
);
Нөлдік
реттелік кернеу(
);
Жанасу
кернеуі(
);
Қадамдық
кернеу(
);
Есептеулердің нәтижесінде ең қауіпсіз кернеу шамасы ретінде 18В алынған.
Токтың түрі мен жиілігі бойынша:
Тәжірибелер, токтардың мәні бірдей және біркелкі коммутация жағдайында тұрақты токтың азырақ қауіпті екендігін дәлелдеді. Айнымалы токтың ішіндегі ең қауіптісі бір жарты периодты түзетілген ток. Шамамен 120В кернеудегі тұрақты токтың әсері өнеркәсіптік жиіліктегі (50 немесе 60Гц) 40В кернеудегі айнымалы токтың шамасымен қарайлас деп қабылдауға болады. Ал жиілік бойынша 50-400Гц аралығы ең қауіпті деп саналады. Ең қауіптісі f=50Гц, ал кГц, МГц қауәпсәз деп саналады. Себебі олардағы ток жүйке талшықтары мен ішкі органдарды бүлдірмей терінің бетімен өтеді.
Токтың жүру жолы
Адам арқылы тұйықталу жағдайында токтың жүретін 18 түрлі вариантын қарастыруға болады. Солардың ішінде:
Аяқ – аяқ (аз қауіпті);
Қол – аяқ (орташа қауіпті);
Сол қол – бас (ең қауіпті).
Қоршаған орта
Адамның ылғалдылығы және температурасы, жерге қосылған металл конструкциялары мен еденнің болуы, ток өткізгіш шаң мен басқа да фактор (қоршаған орта факторы) электр қауіпсіздік шарттарына қосымша әсер етеді.
Назар аудару факторлары
Психо – гальваникалық эффект.
Адам денесінің кедергісі
Адам
денесінің электрлік кедергісі тек қана
физика – химиялық құбылыстармен ғана
емес, био – физика – химиялық құбылыстармен
қалыптасады. Ал дененің кедергісі немесе
өткізгіштігі металлдағы, сұйықтағы
немесе газдағы электрондар мен иондардың
қозғалысымен ғана емес, сонымен бірге
токтың тура әсеріндегі пайда болатын
күрделі механизмдермен және жүйке
жүйесі арқылы анықталады. Денедегі тірі
тканьның кедергісі сызықсыз шама және
осы шама көптеген факторлардан үнемі
өзгерісте болады. Мысалы, кернеуден.
Зерттеулер адамның ішкі бөлігі активтік
«
»
кедергісімен, ал терісі «
»
кедергісімен орын алатынын дәлелдеді.
Токтың жиілігінің өсуімен тізбегіндегі
кернеуі мен токтың арасындағы бұрылу
бұрышының ұлғаятындығы дәлелденген.
Дененің ішкі бөлігінің ең жоғарғы
өткізгіштігін жүйке талшықтары мен қан
тамырлары құрайды. Бірақ басқа тканьдармен
салыстырғанда жүйке жүйесі қайтпайтын
бүлінулерге ұшырайды. Қауіпсіздік
ережесі дененің есептелу шамасы ретінде
=1000Ом
және де кедергіні кернеу мен топография
бойынша келесідей дифференциалдауды
ұсынады:
Тізбек схемасы |
Кедергісі, кОм |
|||
65В дейін |
127В |
220В |
220В жоғары |
|
Қол – аяқтар |
4,4 |
3,4 |
1,6 |
1,2 |
Қол – аяқ |
3,6 |
2,8 |
1,2 |
0,8 |
Алақан – қолдың сыртқы беті |
3,2 |
2,5 |
0,8 |
0,65 |