
- •3. «Электр қауіпсіздік негіздері» Лязка
- •Электр тогының жарақаттылығы, электр жарақатының түрлері және адам ағзасына электр тогының әсері.
- •Электр жарақатын тексеру актысы және электр жарақаттылығын азайту жолдары.
- •Электр тогына соғылу нәтижесін анықтайтын шешуші факторлар.
- •Адам денесі арқылы пайда болатын электр тізбегі, адам денесінің кедергісі.
- •Адамның алатын әсері бойынша электр тогын жіктеу, адам ағзасына ток түрі мен жиілігінің әсері, токтың әсер ету уақыты және токтың жүру жолы.
- •Электр тораптарын қауіптілікке талдау жасау.
- •Электр тораптарындағы бейтарап режимдерін таңдау принциптері.
- •Адымдық (қадамдық) кернеу және жанасу кернеуі.
- •Жерге тұйықталу жағдайындағы токтың таралуы.
- •Қорғаныстық жерге қосу, түрлері және орындалуы, есептелуі және бақылануы.
- •Нөлдеу, есептелуі мен бақылануы.
- •Қорғаныстық ажырату.
- •Аз кернеуді қолдану, электрлік және механикалық блокировкалар.
- •Оқшауламаны (изоляцияны) бақылау.
- •Негізгі және қосымша электрлік қорғаныс құралдары, ғимараттарды электр қауіпсіздігі бойынша жіктеу.
3. «Электр қауіпсіздік негіздері» Лязка
Электр тогының жарақаттылығы, электр жарақатының түрлері және адам ағзасына электр тогының әсері.
Электр жарақаттылығын анықтайтын коэффициенттер:
Жиілік коэф-і;
Ауырлық коэф-і;
Еңбек істеу жарамсыздығының орташа ұзақтығы
Электр жарақатын жіктеу:
Өлімші;
Еңбек істеу жарамдылығын жоғалту;
Еңбек істеу жарамдылығын жоғалтпау.
ПТБ – қауіпсіздік техника ережесі (правила тех.без)
ПУЭ – электр қондырғыларын құру ережесі (правила уст.эл.установки)
ПТЭ – техникалық қажетке жарату ережесі (правила тех.эксплуатации)
Электр жарақаттылығын талдау арқылы электр жарақаттарының ошақтарын табуға және электр жарақатын алудан қорғауға бағытталған шараларлы құруға көмектеседі.
Электр жарақатын 2 түрде қарастыруға болады:
Жергілікті;
Электрлік соққы.
Жергілікті электр жарақаттары – организм тканьдарды бүтіндігінің жергілікті зақымдануы:
Электрлік күю (60-65%, түйіспелік және доғалық, І-ІV деңгеймен жүріледі);
Электрлік белгілер (20%);
Терінің металдануы (10%, қ.т кезінде, жүктемеден ажыратуда кездеседі);
Электроофтальмия (1-2%, ультракүлгін сәулесімен көз жанарының ісінуі);
Механикалық зақымданулар (сирек, терінің жыртылуы, қан тамырлары мен жүйке талшықтарының үзілуі және буынның шығуы, сүйектің сынуы).
Электрлік соққы – электр тогының адам денесінен өтуіндегі организм тканьдарының қозып, бұлшық еттерінің дірілдеп еріктен тыс тартылуы:
Бұлшық еттерінің дірілдеп тартылуында адам санасынан айырылмау;
Адам санасынан айырылып, бірақ жүрек соғысы мен тыныс алу жүйесі қалыпты болу;
Санасынан айырылу және жүрек қызметінің немесе тыныс алудың қиындауы;
Клиникалық өлім, қан айналысы мен тыныс алу тоқтаған.
Электр тогына соғылу нәтижесінде адамның мерт болуы:
Жүрек жұмысының тоқтауы (фибрилляция, 100мА);
Тыныс алудың тоқтауы (асфикция – қылқыну, 20-25мА);
Электрошок (жүйкелік рефлекторлық реакция, оншақты минуттан тәулікке дейін).
Электр жарақатын тексеру актысы және электр жарақаттылығын азайту жолдары.
Өндірістегі қайғылы жағдайларда тексеру және тізімге алу ережесі;
ЭЖ картасы;
ЭЖ-ның тексеру актысы;
Сот медициналық экспертициясының қорытындысы;
Морфологиялық, спектрографиялық, спектрометрикалық зерттеудің негізінде мүрдені ашып көру (диагностикалық көрсеткіштері);
Электр қондырғыларын қолдану жағдайлары.
Электр жарақатын тексеру актысы (анықтама қағазы)
Мем.тех.қадағалау (госгортехнадзор, энергонадзор) инспекторлар, әкімшілік және кәсіподақ инспекторларымен толтырылады:
Кәсіпорын;
Мекенжай;
Министрлік (ведомоствосы);
Электр жабдықтары мен электр шаруашылығын пайдалануға жауаптылар;
Инспекторлар;
Кәсіпорын әкімшілігінің өкілі;
Істі тексеруге қажетті басқа кәсіпорын өкілдері;
Қайғылы жағдайдың болған ай – күні, уақыты, орны;
Есепке алу тобы (электртех/қ персонал, өндірістік, тұрмыстық);
Жіктеу (топтық, ауыр, т.б);
Зақымдалушы жайлы мағлұмат: ФАӘ, туған жылы, қызметі, мамандығы бойынша стажы, мамандығы, ең соңғы медициналық куәлігі, ҚТ бойынша жіктелу тобы, ҚТ бойынша еі соңғы тексеру;
Қайғылы жағдай болған электр қондырғысы жайлы (схема, фото);
Қайғылы жағдай әсер еткен жағдайлар;
Дәрігерге дейінгі көмікті кім, қалай жасаған;
ТҚЕ және ТҚЖЕ бойынша жіберілген қателіктер, ережені бұзушылардың қызметі, ереже бойынша жіберілген № пунктілер;
Ұсынған шаралар;
Қосымша;
Кәсіподақ тех/қ инспекторлары ...... қолы;
Мемлекеттік тех/қ инспекторлары ....... қолы;
Анықтама қағаздарын алушы кәсіпорын басшысы ......... қолы;
Бас инженер ....... қолы;
Датасы.
Электр жарақаттылығын азайту:
Өндірісте, жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қатал бақылау;
Электротехникалық персонал үшін қауіпсіз техника ережесі – ПТБ, ПУЭ дұрыс орындалуын бақылау;
Электр тогынан қорғаныс құралдары мен техникалық құралдарды жаппай пайдалану;
Жұмысты механикаландыру және автоматтандыру.