Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айга ЭЧЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.28 Кб
Скачать

Электр станциясының электрлік бөлігі Айга

  1. Электр станция түрлері, олардың сипаттамалары.

Электр энергияның негізгі бөлігін мыналар шығарып береді:

1) жылу электр станциялары (ЖЭС), олар конденсациялы (КЭС) және жылуфикациялы (ЖЭО);

2) атом электр станциялары (АЭС);

3) гидравликалық электр станциялары (ГЭС) және гидроаккумуляциялаушы электр станциялары (ГАЭС).

Энергияны біршама бөлігін дизельді электр станциялар (ДЭС), ал сонымен қатар газ құбырлы (ГҚ) мен бу газды қондырғылы (БГҚ) ЖЭС-тер өңдеп шығарады.

Ерекше орынды жаңартылмайтын энергия көзімен жұмыс істейтін электр станциялар алады, олар: күн (КЭС), жел (ЖЭС), геотермалды (ГЕОТЭС) және ағынды электр станциялары (АғЭС). Дегенмен, осы станциялардың қуаттарының қосындысы жеткіліксіз.

Әртүрлі электр станциялардың қуаты сол мемлекеттің территориясында жылу энергетикалық және су энергетикалық қорлардың бар болуы мен орналасуына, олардың техника-экономикалық сипаттамаларына, оның ішінде отынды тасымалдау шығындарына және станцияның техника-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді.

Электр станция түрі…………………………...… КЭС ЖЭО АЭС СЭС

Үлестік шығыны, $/кВт…………….....................100-150 165-200 200-300 190-350

АЭС те ядролық отын ретінде уран қолданылады. АЭС тен алынатын энергия, уран ядросының бөлінуінен пайда болатын ядролық энергиядан бөлінеді. сосын ол турбинаны айналдыруға арналған будың немесе газдың жылу энергиясына толығымен түрленеді, механикалық энергияға түрленеді. АЭС тардың ПӘКі ең жоғары , шамамен 70-80% . дүние жүзінде өндірілетін бүкіл энергияның 55% ы осы АЭСтан шығады. Ол реактордан, турбинадан, генератордан және трансформатордан тұрады.

ЖЭС те отын ретінде көмір қолданылады. ПӘК і 40% дан аспайды. Көмір бункерден ұсақтау қондырғысына келіп түседі. Онда ол шаң жағдайына дейін ұсақталады. Көмірлі шаң ауа үрлегіштен шыққан ауамен бірге жағуға беріледі. Осы жану нәтижесінде бөлінген жылу құбырдағы суды буға айналдырады. Су сорап көмегімен жылан пішіндес құбырлар арқылы және бу құбыры арқылы алдымен турбинаның бірінші сатысына, ал одан соң екінші сатысына келеді. Турбинада бу энергиясы генератор роторының айналуының механикалық энергиясына түрленеді. Турбинадан шыққан бу конденсаторға түсіп, суға айналдырылады. Бұл су сорап арқылы қазанға беріліп, жоғарыда баяндалған процесс қайталанады. ЖЭС-тің негізгі жабдықтарына қазан, турбина және генератор жатады.

Қазіргі қолданыстағы гидравликалық турбнилардың ПӘКі 93% ға дейін барады,СЭС те өндірілетін энергия ЖЭС қа қрағанда арзан болады, жіне құрылымы жағынан да қарапайым. Бірақ СЭС ті салуға кететін алғашқы шығын ЖЭС қа қарағанда жоғарырақ болады. СЭС гі басқа станциялардан нақты артықшылығы мәңгі қайта жаңартын энергетикалық қорларды қолдану болып табылады. СЭС турбинадан генератордан және трансформатордан тұрады. СЭҚ жұмысының технологиялық жұмысы қарапайым. Өзеннің табиғи су қорлары гидротехникалық ғимараттар құрылысы көмегімен СЭҚ та су энергетикалық қорларға түрленеді. Яғни, СЭҚ турбинасында олар алдымен механикалық энергияға сосын генераторда электр энергетикасына түрленеді. СЭС тің ПӘК і жоғары 93%, бірақ 1кВТ сағ эл.энергиясын өндірудегі өзіндік құн ЖЭС пен АЭС тен қарағанда 5-6 есе төмен.

ГАЭС тің ПӘК і шамамен 70-80% олар түнде отын және АЭС энергиясын тұтынып, суды бассейнге тартып, энергия қорын жинақтайды. Бірақ бассейндер аумағы бойынша азырақ және энергияның аз көлемін ғана жинақтап отырады. Сонымен ГАЭС те аз жинақталған су энергиясы қолданылады. Ол бассейн,су ағар, ГАЭС ғимараты және төменгі бассейннен тұрады.

ГТЭС деп электр генераторының жетегі ретінде газ турбинасы қолданылатын ЖЭС ті айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]