Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі

1.Хирургиялық туберкулез түрлері. Сүйек-буын туберкулезінің этиопатогенезі.

2. Сүйек-буын туберкулезінің клиникасы, емдеу.

3. Лимфа безі туберкулезі, клиникасы, емдеу.

1. Хирургиялық туберкулез түрлері туберкулезге тыныс ағзалары шалдыққан адамдарда кездеседі. Сонымен қатар бүл дертке сирек те болса ми, ми қабықшасы, сүйек буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер де ұшырайды.

Сүйек-буын туберкулезі. Сүйек-буын ауруларының арасында жиірек кездесетін туберкулез. Барлық туберкулез ауруының 10 процентке дейіні сүйек-буын туберкулезінің есебіне жатады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні омыртқа туберкулезі (40 процент), тізе-буын туберкулезі (40 процент), ал басқа сүйектер туберкулезімен әлгі екеуіне қарағанда сирек ауырады.

Сүйек-буын туберкулезі өз алдына жекелеп те немесе өкпе туберкулезімен біргеде кездесе береді. Туберкулездің осы түрі негізінен алғанда балалар ауруы болып есептеледі, себебі тез өсіп келе жатқан бала сүйегінің қан айналысы өте жақсы болғандықтан жілік сүйектердің кемік бастары туберкулез микробына тамаша ұя болады. Әріне, бұл айтқанымыз сүйек-буын туберкулезі ересек адамдарда болмайды деген сөз емес, бірақ сүйек-буын туберкулезімен ауырғандар арасында ересектер үлесі өте аз. Сүйектегі ауру туберкулез микробы қан немесе лимфа тамырлары арқылы тарай бастаған кезде басталады, содан кейін буынға өтеді, ал кейде ауру буында басталып сүйекке өтуі мүмкін.

2. Омыртқа туберкулезі (спондиллит). Бұл сүйек-буын туберкулезінің ішінде ең жиі кездесетіні. Туберкулез микробы омыртқа сүйегінің ұлпасына ұялайтын болғандықтан сырқат көп уақытқа дейін сыр білдірмей өте береді. Дегенмен алғашқы кездің өзінде-ақ аурудың жүдеп кететінін байқаймыз. Бұл әсіресе жас балаларда анық білінеді. Бала селсоқ, ештенеге көңіл аудармайтын, ойынға қызықпайтын болады. Сүйегі сырқырап ауыра бастайды, басын тік ұстап жүруге тырысады, ауру жүйке жүйесі арқылы бүкіл беліне таралады. Арқа қозғалысы кемиді. Микробтар омыртқа ішінде өсіп көбейіп, омыртқа ішін кеміріп, іріңге айналдырады. Арқадағы омыртқалар адам денесін ұстап тұратын тірегі екені белгілі. Табиғи уақытта омыртқалар адам салмағын еш қиындықсыз ұстап тұра алады. Ал ішін туберкулез микробы кеміріп талқандаған омыртқалар өзінен жоғары омыртқалармен адам салмағының қысымында шыдай алмай сынады. Әдетте ауырған омыртқалар саны екі-үштен кем болмайды, ал жас балаларда 3-5-ке дейін жетеді. Ауырған омыртқаның сынуы адам денесінің әрқилы болып қисаюына, құныстың пайда болуына әкеліп соғады. Омыртқаны бұзып шыққан ірің ақпа іріңдікке айналады да аурудың санынан, жанбасынан тесіп сыртқа шығады.

Омыртқа сүйегінің сынуы, адам денесінің қисайып қалуы, жұлынды, қан тамырларын, жүйке жүйесінің қысып қалып олардың қызметін бұзады. Осының арқасында аурудың аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалуы мүмкін. Уақытылы гипсте емделген жас балаларда омыртқа туберкулезі ешқандай белгі қалдырмай жазылады. Ал, закымданған омыртқа саны бірнеше болып, олар сынған болса адам бүкір болып қалады.

Диагностикасы. Жарадан бөлінген, немесе патологиялық ошақтан пункция жасап алынған іріңді бактериологиялық тексеруге жіберіп, Кох таяқшасын анықтайды.

Емдеуі. Емдік иммобилизация, ДОТS-терапиясын, құнарлы тамақтануды, витаминдерді, гормон препараттарын тағайындайды. Емдік гимнастика, массаж т.б. физиопроцедуралар береді. Санаториялық-курорттық ем береді. Уақытында емдесе, нәтижесі жақсы болады.

Жамбас ұршығы туберкулезі (коксит). Туберкулездің бұл түріне аурудың алғашқы ұялары жамбас сүйегінде, ортан жіліктің ұршығында орнайды. Ауыра бастағаннан адам шаршағыш келеді, жүрісі өзгереді. Жас балаларда әлсін-әлсін ақсау пайда болады. Аяқты қозғағанда қатты ауыратын болғандықтан науқас балдақпен жүреді. Осының салдарынан бұлшық ет көлемі кішірейіп, аурудың саны жіңішкеріп кетеді.

Туберкулез микробы ұршық мойынын кеміріп жұқартқандықтан аз ғана күш түскенде сынып кетуі мүмкін. Бұл ауру аяғының 4-8 см. қысқаруына әкеліп соғады. Микроб әсерінен шіріген сүйек іріңге айналады да, көбейе келе жамбастан тесіп шығады.

Уақытында емделген жамбас ұршығы туберкулезі сүйек фунцияларын бұзбай жазылады. Аурудың көпшілігінде туберкулез ұршық ұясын зақымдайды, ал кейін жазылғанда дәнекер шандырлар арқылы шоғырланып бітумен аяқталады. Осы себепті бұл шоғырланып біту аяқ қозғалысын азайтады, ал кейде тіптен қозғалмай қалуы да мүмкін.

Тізе буыны туберкулезі (гонит). Әдетте тізе буыны туберкулезы осы буынды құрайтын ортан жіліктің төменгі жағында, тізе тобығында немесе жіліншектердің жоғарғы жағында кездеседі. Микробтар тізе буыны ішінде өсіп көбейіп, буынның ішін кеміріп, ірінге айналдырады. Тізе буыны ауырады, қақсайды, ісиді, қызметі бұзылады, формасы өзгереді. Сырқат адамдар таяқсыз жүре алмайтын қалға душар етеді.

Диагнозын қою үшін науқасты толық зерттейді. Ауру мүшеден бөлінген іріңді бактериологиялық тексеруге алады. Емдеуі. Науқасқа емдік иммобилизация, ДОЦ-терапиясын, құнарлы тамақтануды, витаминдерді, гормон препараттарын тағайындайды. Емдік гимнастика, массаж т.б. физиопроцедуралар беріледі. Санаториялық-курорттық ем береді. Осындай туберкулезге байланысты әртүрлі болып қисайған, қозғалмай қалған аяқтардың қызметін хирургиялық емдеу арқылы орнына келтіріп, адамды таяқсыз тік жүргізуге болады.

3.Лимфа безі туберкулезі ( туберкулездік лимфаденит). Негізінен алғанда жас балалар арасында көп кездеседі. Бездердің қан айналысы өте жақсы болғандықтан туберкулез микробы басқа мүшелерге қарағанда бездерге түседі, ауру қоздырады.

Без туберкулезінің ішінде ең көп кездесетіні кеңірдек тарамы тұсындағы бездер туберкулезі. Бұл түсінікті де, себебі микроб адам ағзасына түсетін басты жолы тыныс жолдары. Сондықтан кеңірдек тарамы бездерінің ауыруы өкпеден де бұрын басталуы мүмкін. Бұл бездер ауруға шалдыққанда сырқат белгілері тез білінеді. Кенеттен дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пайда болу, шаршағыштық, күйгелектік, сәл нәрсеге ренжу туберкулез микробымен уланудың алғашқы белгілері болып табылады. Бұлармен қатар ауруда ентігу, жүрек соғу, терлегіштік, қалқанша бездердің үлкеюі сияқты белгілер пайда болады. Сырқат меңдеген сайын белгілер күшейе түседі, тұрақты болып алады, жүрек қыжылдауы қосылады.

Туберкулезге көп шалдығатын бездердің бірі – мойын бездері. Ал шықшыт, қолтық, шап, шынтық бездерінің ауруы мойын бездеріне қосарлана жүреді. Мойын бездерінің ауырғаны да тез білінеді. Ауру басталарда мойын терісі қалыңдайды. Қолмен сипап ұстағанда тері астынан көлемдері үлкейген, біріне-бірі байланысып жатқан бездер білінеді. Уақыт өткен сайын без үстіндегі терілер қызарады, астындағы бездердің іріңге тола бастағанын көреміз. Бездер ұстаған кезде аздап ауырады. Без туберкулезі 3-4 айға дейін созылуы мүмкін, осы уақыттарында ірің ағуы азайғанымен тиылмайды.

Без туберкулезі ұзаққа созылғандығына қарамай, емделсе сәтті аяқталады, бірақ, жарылған бездер орны бүкіл тамақты алып жатқан тыртыққа айналады. Кезінде еленбей, ескерусіз өз бетімен өткен туберкулезі басқа мүшелердің туберкулезбен ауыруына әкеліп соғуы мүмкін.

Диагнозын қою үшін науқасты толық зерттеуден өткізіп, ауру безінен бөлінген іріңнен жағынды алып, бактериологиялық тексеруге жібереді. Емдеуі. Науқасқа ДОЦ-терапиясын, құнарлы тамақтануды, витаминдерді, гормон препараттарын тағайындайды. Емдік гимнастика, массаж т.б. физиопроцедуралар беріледі. Санаториялық-курорттық ем береді.

Емі және алдын ала жасайтын шаралары: Ауру адам дұрыстап құнарлы азықпен тамақтануы, таза ауады жиі болу, дене шынықтыру шараларын қолдану қажет. Тамақтың құрамында мал өнімдерінің белоктары жеткілікті болуы тиіс, жеміс шырындардын және көкөністерді көбірек пайдалану керек. Бұрыннан келе жатқан қымызды да ұмытпаған жөн.

Балалар дүниеге келе салып осы дертке қарсы егіледі, кейін 5 жыл сайын қайталайды. Егілген балалар 2-2,5 есе аз ауырады. 12 жастан бастап әр адам жыл сайын флюорография түсу арқылы аурудың бастапқы кезенің анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]