Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы

Сұрақтары:

  1. Анаэробты инфекция,түрлері, қоздырғыштары, жасырын кезеңі.

  2. Газды гангренаның пайда болу жағдайлары.

  3. Газды гангрена клиникасы.

  4. Газды гангренаның алғашқы белгілері шыққан кездегі медиктің тактикасы.

  5. Газды гангренаны емдеу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу үшін жасалатын эпидшаралар.

  6. Сіреспе, қоздырғыштары, инкубациялық кезеңі, тарау жолдары.

  7. Сіреспе клиникасы, дәрігер келгенше көмек, емдеуі, күтімі, алдын алу.

1. Анаэробты инфекция жара арқылы түсетін ауыр газды инфекция. Соғыс кезіндегі жаралар осы инфекциямен жиі асқынған. Анаэробты инфекцияның қоздырғыштары -клостридий тобының микробтары, олар жара арқылы түсіп, 24-48 сағат ішінде белгілері пайда болады.

2.Газды гангрена пайда болуына ықпал ететін бірнеше факторлар бар: жаралардың жыртылған,топырақпен ластанған, қуыстары көп, қан айналымы бұзылған, жгутпен немесе басқа ауыр затпен қысылған, бұлшық еттері мылжаланған болуы. Клостридийлер ауа жоқ, бітеу, қан айналымы бұзылған жараларда жақсы көбейеді, токсиндері бұлшық еттерін, дәнекер тканьдерін шірітіп ыдыратады, интоксикация симптомдары шығады. Микробтар көбейе отырып газ бөліп шығарады.

3.Клиникасында жергілікті және жалпы симтомдары болады. Жергілікті симптомдары:жара айналасында өте үлкен ісік пайда болады, жара маңын басып қарағанда қытырлап, газ бар екендігі білінеді, жараның бұлшық еттері «піскен ет» түстес болады, жарадан газ көпіршіктері шығады, өте жағымсыз иіс сезіледі.

Терісі бозғылт түстес, сұр таңбалар пайда болады. Жара айналасы қатты кернеп ауырады, үлкен ісік пайда болады, шеткі артерияда пульс болмайды, сезімі болмайды, жарадан ірің бөлінбейді. Жараны таңған таңғыштың ізі ойылып білініп тұрады.

Жалпы симптомдары: науқас қозған немесе санасы тежелген, қызуы 39-40°С, тахикардия, пульсі- минутына 150 соққы, А/Қ төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, анализінде-анемия, интоксикация симптомдары білінеді, науқас шөлдейді, олигурия, гематурия болады. Емделмесе 2-3 күннен кейін өліп кетуі мүмкін.

4.Газды ганренаның өте ерте шығатын симптомдары: беймазалану, қызулау (39-40°), тахикардия, жарасын қатты ауырсыну, таңғышы қатты қысып түрғандай немесе аяғын аяқ киімі қысып тұрғандай сезіну. Қарағанда жараның айналасында өте үлкен ісік болады, бұлшық еттері жараның сыртына шығып тұрады, таңғыштың ізі немесе тіккен жіп ізі терісіне кіріп кеткендей көрініп түрады. Жарадан жағымсыз иіс сезіледі. Бактериологиялық тексеру қорытындысы 48 сағаттан кейін дайын болады.

Орта буын медицина қызметкерінің тактикасы:жарасын жуу, таңу иммобилизация жасау, аналгетик, антибиотик егу, гангренаға қарсы сарысу 30 мың активті бірлік егіп, ауруханаға жеткізу.

5. Газды гангренаны емдеу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу үшін жасалатын эпидшаралар.

Науқастың ауыратын жерін сүйекке дейін жолақ-жолақ етіп терең тіледі, гематома, бөтен зат, шіріген бұлшық еттерден тазартады. Бітеу қуыс, қалталарын тіліп ашады,тазалайды. Аэрация жасап, жараны сутегі асқын тотығы, калий перманганаты ерітіндісімен жуады, жараны тығындамай таңады. Аяғы (немесе қолы) гангрена болса, ампутация жасайды. Антибиотиктер егеді, детоксикациялық терапия жүргізеді, қан, белок препараттарын құяды. Гангренаға қарсы сарысуды аурудың басынан бастап құйса әсері болады. Гипербарооксигенация камерасында емдейді.

Науқасты оқшаулайды. Науқасты емдеуші дәрігер, медбике, тазалықшы жеке гигиена, асептика ережелерін қатаң сақтауы шарт. Науқастың жарасын таңу, науқас күтімі(ауыз қуысына, терісіне күтім жасау) резин қолғаппен, клеенка алжапқышпен істелуі керек. Емші дәрігер, медбике бокс-палатадан шыққан кезде екінші халатын шешіп, осы палатаға тастап кетуі керек. Палатаны дезинфекциялап, жинастыру құралдарына белгі салынып, автоклавта стерильденеді (№87 бұйрықты қара).

6.Сіреспе, қоздырғыштары, инкубациялық кезеңі, тарау жолдары. Сіреспе – жедел жалпы спецификалық анаэробты инфекция. Оны қоздырушы- анаэробты сіреспе таяқшасы. Ол жара арқылы түседі. Егер жарада некроздалған тканьдер көп болса, ауа бармайтындай жағдай жасалған болса, организм әлсіз болса, сіреспе таяқшалары жақсы көбейіп, спазмотетанин токсинін бөліп шығарады. Ол бұлшық етті құрыстырады. Жасырын кезеңі-24-36 күн (ай-ай жарым).

7. Сіреспе клиникасы, дәрігер келгенше көмек, емдеуі, күтімі, алдын алу. Науқас мазасызданып, басы ауырады, бұлшық еттері тартады, бұлшық ет тонусы көтеріліп, жиырылып қалады. Бұлшық еттің құрысуы (аяқтан) төменнен немесе жоғарыдан басталуы мүмкін. Ымдау бұлшық еттері жиырылса, “сардоникалық күлкі” мимикасы пайда болады, бұл кезде ымдау бұлшық еттері ауызы жылап, ал көздері күліп тұрғандай болып жиырылып құрысады. Жағы қарысып, ашылмайды, бұл “тризм” деп аталады. Қолдары құрысқан кезде саусақтары “акушерка қолы” тәрізді қалыпта болады. Бұлшық еттері құрысып дірілдеуі желке, арқа бұлшық еттеріне тарайды. Жұтқыншақ, диафрагма, өңеш, шек, қуық бұлшық еттері спазм болады, жұтына алмайды, тыныс алу қиындайды, асқазан, жүрек тұстары ауырады. Бұлшық еттері әуелі сағатына 1-2 рет дірілдеп тартылады. Соңынан сағатына 40 ретке дейін тартылады. Дыбыс, жарық, дәрі еккен кезде ине тығу сияқты қоздырғыштар бұлшық ет тартылуын туғызады. Денесінің барлық бұлшық еттері тартылып, құрысқан кезде науқас опистотонус (көпір) жағдайына келеді, яғни басы мен өкшелері жер тіреп, ал денесі шалқалап, сіресіп құрысып қалады. Бұл кезде қызуы 40 °С дейін көтеріліп, терлейді, бұлшық еттері үзіліп, сүйектері сынуы мүмкін, дәретін жіберіп қоюы мүмкін. Жүрегі мен тынысы тоқтап қалуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек: науқасты ауруханаға салады.

Емдеуі: ауруханада қараңғы бөлмеге жатқызады, сіреспеге қарсы сарысуды 10-25 мың АБ (активті бірлік) егеді, нейролептоанальгетиктер береді, тамыр анестетиктерін береді, жасанды дем беру аппаратымен демалдырады. Науқасқа тыныштық жағдай жасалады, зондпен тамақтандырады. Тері ойылуының алдын алады.

Алдын алу: жаңадан жарақат алған науқастың жарасын дәрігер-хирург стерильді жағдайда тазалап тігеді. Бұл- спецификалық емес профилактика. Спецификалық профилактика- жараланған науқасқа жарасын тігіп болған соң сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин егеді.

Мына сұрақтарға жауап бер:

  1. Анаэробты инфекция ,түрлері,қоздырғыштары, жасырын кезеңі.

  2. Газды гангренаның пайда болу жағдайлары, клиникасы, медиктің алғмедкөмек берудегі тактикасы.

  3. Газды гангренаны емдеу,ауруханалық инфекцияның алдын алу үшін жасалатын эпидшаралар.

  4. Сіреспе, қоздырғыштары, инкубациялық кезеңі, тарау жолдары.

  5. Сіреспе клиникасы,дәрігер келгенше көмек,емдеуі, күтімі ,алдын алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]