- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Терминалдық жағдайлар
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі
- •Некроздар (өліеттену)
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Термиялық зақымдар
Сұрақтары:
Күйіктер, оның түрлері, дәрежесі, ауданы бойынша жіктеу.
Алғашқы мед. көмек көрсету, емдеу
Күйік ауруы, күйік шогының ерекшелігі, кезеңдері, емдеуі, асқынулары.
Некроз, түрлері, жалпы емдеу принциптері, алдын алу.
Электрожарақаттар, клиникасы.
Алғашқы медициналық көмек көрсету. Емдеу.
Үсік шалу, түрлері, дәрежелері, клиникасы, медкөмек, емдеу.
Суыққа тоңу, клиникасы, медкөмек, емдеу.
1.Термиялық зақымдар деп жоғары немесе төмен температураның әсерінен болған зақымдарды атайды. Бұлар -жоғары температура әсерінен пайда болған күйіктер, төмен температура әсерінен пайда болған- үсіктер. Күйіктер себебіне байланысты (ыссы сұйық, жалын, бу әсерінен болса) термиялық күйіктер, (концентрациялы қышқыл, сілті әсерінен болса) химиялық күйіктер, (радиоактивті сәуле әсерінен болса) радиациялық күйіктер, күн сәулесінің күйігі, электрлік күйіктер деп бөлінеді.
Термиялық күйіктер тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге бөлінеді:
1-дәрежелі күйік- қызару деп аталады. Терінің беткі қабатының эпидермисі күюі — науқастың күйген жері ісініп қызарады, ашып ауырады, 2-3 күннен соң белгілері кетеді.
2-дәрежелі күйік- күлбіреу- терінің беткі қабатының түгел күйюі, орны ісіп күлбірейді, эпидермис көтеріліп, күлбіреуіктер пайда болады, астына қанның сұйық бөлігі- плазма жиналады.
3-дәрежелі күйік –некроз-терінің терең қабаттары және тері астында жатқан тіндердің күюі. Қызарған күлбіреген, ісінген жерлермен бірге күйіктен қарайып некроз болып кеткен орындар болса -бұл 3-ші дәрежелі күйік болғаны.
4-дәрежелі күйік –күл-көмірге айналу-барлық жұмсақ тіндер мен сүйектің күйіп, күл-көмірге айналуы.
1-2 дәрежелі күйіктерді майлы таңғыштармен емханада емдесе, 3-4 дәрежелі күйік алған науқасқа тері жамап, ампутация қажет болады, сондықтан оларды ауруханада емдейді.
Күйіктің ауданын анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:
"Тоғыздық " әдісі бойынша бас, қол, аяқ басы мен сирақ, балтыр- 9%-дан, кеуде -9 % х 4 деп алынады.
"Алақан" әдісі - күйікті алақанмен өлшейді, әр алақан 1,2%, сонда неше алақан болса, соны 1,2%-ға көбейтіп, барлығы неше пайыз екені есептелінеді.
Егер науқас 1-2 дәрежелі күйік алып, оның ауданы 30%-дан асса, немесе 3-4 дәрежелі күйігі 10%-дан асса, күйік шогы пайда болады. Мұның алдын алу керек.
«Тоғыздық» әдісімен күйік ауданын есептеу.
Қол басының
4 дәрежелі күйігі.
.
2.Күйік алған науқасқа мынадай медкөмек керек:
а) Күйдіруші фактордың әсерін тоқтату
ә)Анальгетик беру.
б)Күйік жараның айналасын дезинфекциялап, стерильді салфеткамен жабу
в)Сіреспенің алдын алу, шоққа қарсы терапия
г)Иммобилизация, ауруханаға тасымалдау.
Емдеу. Күйікті ашық және жабық әдіспен емдеуге болады.
1д. күйікті таңбай емдеуге болады. Бетіне аэрозоль дәрілер шашып, қабыршақтануға себеп жасайды.
2д. күйікті алғашқы күннен бастап, стерильді жағдайда күлбіреген
тұстарын алып тастағаннан кейін майлы салфетка салып таңып емдейді. Егер іріңдесе ірінді жарадай емдейді.
3д. күйікте некротомия, некрэктомия жасап, некроз болған тұстарын алып тастайды, орнына тері жамайды.
4д. күйікте ампутация жасайды
3.Күйік ауруы — күйік үлкен көлемді болып, жалпы жағдайы өзгерсе, күйік ауруы пайда болады, ол белгілі периодтармен жүреді.
1 период -күйік шогы, ең ұзақ шоктың бірі —72 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Шоктың клиникасын еске алайық.Бұл периодта шокқа қарсы терапия жасап, науқасты реанимация бөлімшесінде емдейді
2. период- токсемия- ткань, клеткалар күйгенде улы заттар босап шығып, организмге қан арқылы сіңіп улайды, науқастың басы аурып, жүрегі айниды, құсады, тәбеті болмайды. Детоксикациялық ем береді.
3. период - септикотоксемия -жараға инфекция түсіп, іріндейді, науқастың жағдайы нашарлайды. Қызуы көтеріледі, қалтырайды.
Осы периодта антибиотикотерапия, гормонотерапия, детоксикациялық терапия жасайды, ГБО (гипербаротерапия) береді, плазма, қан құйып, көп мөлшерде сұйық ішкізеді.
4- период –жазылу, жағдайы түзеліп жақсарады.
Химиялық күйік деп химиялық қышқыл, сілті және тағы басқа химиялық қоспалардың әсерінен болған күйікті айтады. Алғашқы мед.көмек: сол бойда судың қатты ағынымен химиялық ерітіндіні шайып жіберу керек, күйген орынды стерильді салфеткамен жауып таңып, анальгетик беріп дәрігерге көрсетеді.
Жарылғыш заттар түскен жерін ойып күйдіреді, түгел жанып болғанша, сол жер үлкен ойық жараға айналуы мүмкін. Сондықтан ол затты пинцетпен, мақтамен не таяқпен түсіріп жіберу керек. Орнын сумен шайып не суға батырып пинцетпен қалдықтарын алып тастайды. Анальгетик беріп, стерильді салфеткамен жауып, дәрігерге көрсетеді.Асқынулар-ткань некрозы, күйік тыртықтарынан дефект болу.
4.Электрозақымдар деп электр тогы немесе найзағайдың әсерінен болған зақымдарды айтады. Оның жергілікті және жалпы белгілері болады. Жергілікті белгілері — 3-4 д. күйік түрінде болады. Ол денеге токтың кірген және шыққан тұстарында орналасады, мұны ток таңбасы деп атайды. Жалпы белгісі - эл.тогының ми мен жүрекке әсер ететіндігінен байқалады. Осы екі орган алдымен зақымдалады.
Ми шайқалғандай белгілері: басы айналу, жүрегі айну, лоқсу, құсу-пайда болады-бұларды жалпы ми ісіну (общемозговые) симптомдар деп атайды. Не көзі көрмей, құлағы естімей, қол-аяғы сал болып қалуы мүмкін, бұл ошақтық симптомдар, мидың бір бөлігі зақым алып, функциясынан айырылып қалғанын көрсетеді.
Жүрегі жағынан тахикардия, аритмия сияқты өзгерістер болады. Ауыр жағдайда жүрегі, тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Мұндайды «жалған өлім» деп атайды. Бұл кезде адамның жүрегі соқпай, демі тұрып қалады. Осы жағдай кезінде көмек етпесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетеді.
5. Алғашқы медициналық көмек, емдеу:
-ток соққан адамды, не қолында ток өтіп жатқан сымы бар құлап жатқан адамды токтың әсерінен құтқару үшін қолға резин таяқ, резин қолғап немесе резин етік киіп немесе құрғақ ағаш таяқ сияқты ток өткізбейтін заттар алып токтың сымын немесе адамды ығыстырып, токтан ажырату керек.
Жараққаттанған адамды тегіс жерге жатқызып, жасанды дем беріп, жүрегіне сырттай массаж жасау керек. Жүрек-тамыр дәрілерін беріп науқасты реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
Егер электр тогы соққан адамда жалпы белгісі болмай, тек 3-4 д. күйік болса, күйігін стерильді салфеткамен жауып таңып, ауруханаға жеткізеді.
Ауруханада науқастың қасына жеке пост медбикесі отырып, тәулік бойы оның жағдайын бақылайды. Күн сайын ЭКГ түсіріп, асқыну (жүрек тоқтап қалуы) болмайды деп күткенде ғана науқасты ауруханадан шығарады.
Электр тогынын әсеріне ұшыраған кез келген адамды дәрігерге көрсету үшін ауруханаға жеткізу қажет!
«Жалған өлім» жағдайындағы науқасты топыраққа көмуге болмайды!
6. Үсік — төмен температураның әсерінен болған травма. Тері, тері асты тканьдері жарақаттануына байланысты үсіктің 4 дәрежесі болады.
1-дәреже- домбығу деп аталады. Тері бетіндегі эпителий жарақаттанып, тері ісінеді, қызарады, ашып ауырады. 2-3 күннен кейін қалпына келеді.
2-дәреже –күлбіреу-тері көтеріліп, күлбіреп, астына лай суйық жиналады, айналасы ісінеді.
3-дәреже - некроз -тері, тері асты тканьдері зақымданады, ісінеді, ауырады, күлбірейді, терісі некроз болады.
4-дәреже- сүйек некрозы-жұмсақ тканьдер және сүйек зақымданады, некроз болады.
Суреттерде аяқ бастарының
1- 2 дәрежелі және 3-4 дәрежелі үсік шалуы
Үсіктің клиникасында 2 кезең бар
Реакцияға дейінгі кезен — аязда тұрса да науқас үсігенін білмейді, шағым айтпайды, үсудің белгілері білінбейді.Қасында тұрған адам үсіген жерлерін жұмсақ тоқыма матамен уқалап жылытуына болады.
Реактивтік кезен - науқас жылынғаннан кейін үсіген жерлері ісініп, ашып ауырып, белгі береді.
Алғашқы медициналық көмек- үсіген адам қабылдауға келсе, үсіген жерін айналасын сүртіп, салфеткамен жауып, анальгетик дәрі беріп, дәрігерге жібереді.
Үсудің алдын алу — киім ауа райына байланысты жылы қалың болуы керек, аяқ киім 1 размер кең болуы тиіс. Дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылданғандар үсімейді. Үсіген деген жерлерін жүннен тоқылған киіммен ысқылау керек.
Жалпы тоңу(қату)- төмен температура организмге ұзақ уақыт әсер еткен кезде пайда болады, өлімге душар болуы мүмкін. Ауа райы жылы (10-15ºС), бірақ ылғал болса, адам тез тоңады.
Оның 4 фазасы болады:
1-фазасында перифериялық тамырлардың тарылуынан, ішкі органдардың жылу шығаруы көбейіп, дене қызуы -37 градусқа көтеріледі. Жағы, іш бұлшық еттері қалтырайды.
2-фазасында – бұлшық еттері дірілдеп, қанша қимыл болса да дене қызуы төмендейді, терісі бозарып, ұстағанда ауырады. Есі дұрыс, тынысы әлсіз. Аздап қозған.
3-фазасында- қимыл азайады, бұлшық еттер дірілдеуі қойып, паралич болып қалады, ауырсыу сезімі жоғалады. Есі кіресілі –шығасылы, рефлекстері әлсіз. Дем алуы әлсіз, дене қызуы төмендеген жағдайда жүрек аритмиясы болады.
4-фазасы - дем алысы, пульсі әзер білінеді. Галлюцинациялар болады. Рефлексі, ауырсыну сезімдері жоқ. Бұдан әрі тоңса- өлім болады.
Дәрігер келгенше көмек: егер пациенттің санасы болмаса, оныжылы жерге кіргізіп, үстіндегі мұздай киімін шешіп, қалың етіп жауып жылындырады.Тамырға 45 градустағы физ.ерітінді тамшылатып, оттегі иіскетеді. Ірі қан тамырлары бойына жылытқыштар қояды. Ысқылап жылытуға болмайды. Өздігінен жылынып, А/Қ, пульсі, тынысы, санасы қалпына келгенше реанимация бөлімінде емдейді. Жүрек-тамыр дәрілерін, тынысын жақсартатын дәрілер беріп, барлық органдарының функциясын тексеру үшін анализдер алады.
Егер пациенттің санасы болса, жылы жерге кіргізіп, қол-аяқтарын жылы суға батырып, немесе өзін жылы ваннаға салып, судың температурасын 25-тен 45 -55градусқа дейін көтеріп, уқалап жылытуға болады. Ыссы тамақ, шай, кофе беруге болады. Дәрігерге жеткізеді.
Сұрақтары:
Күйіктер, оның түрлері, дәрежесі, ауданы бойынша жіктеу.
Алғашқы мед. көмек көрсету, емдеу
Күйік ауруы, күйік шогының ерекшелігі, кезеңдері, емдеуі, болжамы, асқынулары.
Электрожарақаттар, клиникасы.
Алғашқы медициналық көмек көрсету. Емдеу.
Үсік шалу, түрлері, дәрежелері, клиникасы, медкөмек, емдеу.
Суыққа тоңу, клиникасы, медкөмек, емдеу.
1.Термиялық зақымдар деп жоғары не төмен температураның әсерінен болған зақымдарды айтады. Бұлар -жоғары температура әсерінен пайда болған күйіктер, төмен температура әсерінен пайда болған- үсіктер. Күйіктер себебіне байланысты (ыссы сұйық, жалын, бу әсерінен болса) термиялық күйіктер, (концентрациялы қышқыл, сілті әсерінен болса) химиялық күйіктер, (радиоактивті сәуле әсерінен болса) радиациялық күйіктер, күн сәулесінің күйігі, электрлік күйіктер деп бөлінеді.
Термиялық күйіктер тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге бөлінеді:
1-дәрежелі күйік- терінің беткі қабатының эпидермисі күюі — науқастың күйген жері ісініп қызарады, ашып ауырады.
2-дәрежелі күйік- тері барлық қабатының күйюі, орны ісіп күлбірейді, эпидермис көтеріліп, күлбіреуітер пайда болады, астына плазма жиналады.
3-дәрежелі күйік -терінің терең қабаттары және тері астында жатқан тіндердің күюі. Қызарған күлбіреген, ісінген жерлермен бірге күйіктен қарайып кеткен орындар болса -бұл 3-ші дәрежелі күйік болғаны.
4-дәрежелі күйік -барлық жұмсақ тіндер мен сүйектің күйіп, күл-көмірге айналуы.
3-4 дәрежелі күйік алған науқасқа тері жамап, ампутация қажет болады, сондықтан оны ауруханада емдейді.
Күйіктің ауданын анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:
"Тоғыздық " әдісі бойынша бас, қол, аяқ басы мен сирақ, балтыр- 9%-дан, кеуде -9 % х4 деп алынады.
"Постников таблицасы" бойынша есептегенде адам мүшелерінің ауданы шамамен %-бен есептелініп қойған кестеге қарап анықтайды.
"Алақан" әдісі - күйікті алақанмен өлшейді, әр алақан 1,2%, барлығы неше пайыз екені есептелінеді.
Стерильді мөлдір рентген пленкамен ауданын сызып, оны сантиметрлік қағазбен өлшеп шығарады.
2.Күйік алған науқасқа мынадай медкөмек керек:
а) Күйдіруші фактордың әсерін тоқтату
ә)Анальгетик беру
б)Күйік жараны ашу, айналысын дезинфекциялап, стерильді салфеткамен жабу
в)Сіреспенің алдын алу, шоққа қарсы терапия
г)Иммобилизация, ауруханаға тасымалдау.
Емдеу.
Күйікті ашық және жабық әдіспен емдеуге болады.
1д. күйікті таңбай емдеуге болады. Бетіне аэрозоль дәрілер шашып, қабыршақтануға себеп жасайды.
2д. күйікті алғашқы күннен бастап, стерильді жағдайда күлбіреген
тұстарын алып тастағаннан кейін майлы салфетка салып таңып емдейді. Егер іріңдесе ірінді жарадай емдейді.
3д. күйікте некротомия, некрэктомия жасап, некроз болған тұстарын алып тастайды, орнына тері жамайды.
4д. күйікте ампутация жасайды
3.Күйік ауруы — күйік үлкен көлемді болып, жалпы жағдайы өзгерсе, күйік ауруы пайда болады, ол белгілі периодтармен жүреді.
1 период -күйік шогы, ең ұзақ шоктың бірі —72 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Шоктың клиникасын еске алайық.Бұл периодта науқасты шокқа қарсы терапия жасап, реанимация бөлімшесінде емдейді
2. период- токсемия- ткань, клеткалар күйгенде улы заттар босап шығып, организмге қан арқылы сіңіп улайды, науқастың басы аурып, жүрегі айниды, құсады, тәбеті болмайды. Детоксикациялық ем береді.
3. период Септикотоксемия -жараға инфекция түсіп, іріндейді, науқастың жағдайы нашарлайды. Қызуы көтеріледі, қалтырайды.
Осы периодта антибиотикотерапия, гормонотерапия, детоксикациялық терапия жасайды, ГБО (гипербаротерапия) береді, плазма, қан құйып, көп мөлшерде сұйық ішкізеді.
4- период –жазылу, жағдайы түзеліп жақсарады.
Химиялық күйік деп химиялық қышқыл, тағы басқа қоспалардың әсерінен болған күйікті айтады. Алғашқы мед.көмек : сол бойда судың қатты ағынымен химиялық ерітіндіні шайып жіберу керек, күйген орынды стерильді салфеткамен жауып таңып, анальгетик беріп дәрігерге көрсетеді.
Жарылғыш заттар түскен жерін ойып күйдіреді, түгел жанып болғанша, сол жер үлкен ойық жараға айналуы мүмкін. Сондықтан ол затты пинцетпен, мақтамен не таяқпен түсіріп жіберу керек. Орнын сумен шайып не суға батырып пинцетпен қалдықтарын алып тастайды. Анальгетик беріп, стерильді салфеткамен жауып, дәрігерге көрсетеді.
4.Электрзақымдар деп электр тогы не найзағайдың әсерінен болған зақымдарды айтады. Оның жергілікті және жалпы белгілері болады. Жергілікті белгілері — 3-4 д. күйік түрінде болады, ол токтың кірген және шыққан жерінде орналасады, мұны ток белгісі деп атайды. Жалпы белгісі - эл.тогы ми мен жүрекке әсер ететіндіктен осы екі органды алдымен зақымдайды.
Ми шайқалғандай белгілері: басы айналу, жүрегі айну, лоқсу, құсу-пайда болады. Не көзі көрмей, құлағы естімей, қол-аяғы сал болып қалуы мүмкін, бұл ошақтық симптомдар, мидың бір бөлігі зақым алып, функциясынан айырылып қалғанын көрсетеді.
Жүрегі жағынан тахикардия, аритмия сияқты өзгерістер болады. Ауыр жағдайда жүрегі, тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Мұндайды «жалған өлім» деп айтады. Бұл кезде адамның жүрегі соқпай, демі бітіп қалады. Осы жағдай кезінде көмек етпесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетеді.
5. Алғашқы медициналық көмек, емдеу:
-ток соққан адамды, не қолында ток өтіп жатқан сымы бар құлап жатқан адамды токтың әсерінен құтқару үшін қолға резин таяқ, резин қолғап немесе резин етік киіп не құрғақ ағаш таяқ алып токтың сымын не адамды ығыстырып, токтан ажырату керек.
Жараққаттанған адамды тегіс жерге жатқызып, жасанды дем беріп, жүрегіне сырттай массаж жасау керек. Жүрек-тамыр дәрілерін, лобелин, цититон беріп науқасты реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
Егер электр тогы соққан адамда жалпы белгісі болмай, тек 3-4 д. күйік болса, күйігін стерильді салфеткамен жауып таңып, ауруханаға жеткізеді.
Ауруханада науқастың қасына жеке пост медбикесі отырып, тәулік бойы оның жағдайын бақылайды. Күн сайын ЭКГ түсіріп, асқыну (жүрек тоқтап қалуы) болмайды деп күткенде ғана науқасты ауруханадан шығарады. Электр тогынын әсеріне ұшыраған кез келген адам ауруханада жатып емделуі керек!
«Жалған өлім» жағдайындағы науқасты топыраққа көмуге болмайды!
6. Үсік — төмен температураның әсерінен болған травма. Тері, тері асты тканьдері жарақаттануына байланысты үсіктің 4 дәрежесі болады.
1-дәреже- тері бетіндегі эпителий жарақаттанып, тері ісінеді, қызарады, ашып ауырады. 2-3 күннен кейін қалпына келеді.
2-дәреже -тері көтеріліп, күлбіреп, астына лай суйық жиналады, айналасы ісінеді.
3-дәреже - тері, тері асты тканьдері зақымданады, ісінеді, ауырады, күлбірейді, терісі некроз болады.
4-дәреже- жұмсақ тканьдер және сүйек зақымданады, некроз болады.
Үсіктің клиникасында 2 кезең бар
Реакцияға дейінгі кезен — науқас үсігенін білмейді, шағым айтпайды, үсудің белгілері білінбейді.
Реактивтік кезен - науқас жылынғаннан кейін үсіген жерлері ісініп, ашып ауырып, белгі береді.
Алғашқы медициналық көмек- үсіген адам қабылдауға келсе, үсіген жерін айналасын сүртіп, салфеткамен жауып, анальгетик дәрі беріп, дәрігерге жібереді.
Үсудің алдын алу — киім ауа райына байланысты жылы қалың болуы керек, аяқ киім 1 размер кең болуы тиіс. Дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылданғандар үсімейді. Үсіген деген жерлерін жүннен тоқылған киіммен ысқылау керек.
7. Суыққа тоңу- төмен температура организмге ұзақ уақыт әсер еткен кезде пайда болады, өлімге душар болуы мүмкін.
Оның 4 фазасы болады:
1-фазасында перифериялық тамырлардың тарылуынан, ішкі органдардың жылу шығаруы көбейіп, дене қызуы -37 градусқа көтеріледі.
2 -фазасында – бұлшық еттері дірілдеп, қанша қимыл болса да дене қызуы 1-2 градус төмендейді, терісі бозарған, ұстағанда ауырады. Есі дұрыс, тынысы әлсіз. Аздап қозған.
3- фазасында- қызуы —34-27 градус, қимыл азайады, бұлшық еттер дірілдеуі қойып, паралич болып қалады, ауру сезімі жоғалады. Есі кіресілі –шығасылы рефлекстері әлсіз. Дем алуы әлсіз, дене қызуы 30 градус төмендеген жағдайда жүрек аритмиясы болады.
4- фазасы - дене қызуы 27 градустан төмен, дем алысы, пульсі әзер білінеді. Рефлексі, ауырсыну сезімдері жоқ. Бұдан әрі тоңса- өлім болады.
Дәрігер келгенше көмек: науқасты жылы жерге кіргізіп, үстіндегі мұздай киімін шешіп, қалың етіп жауып жылындырады.Тамырға 45 градустағы 5% глюкоза – 500мл+8бірлік инсулин егіп, оттегі иіскетеді. Жүрек дәрісін, тынысыны жақсартатын дәрілер беріп, тез ауруханаға жеткізеді.
Пысықтау сұрақтары
Күйіктің түрлері қандай ?
Күйіктің дәрежелері қандай ?
Күйген адамға медицина қызметкері қандай алғашқы көмек көрсетеді.
4. Электр тоғынан болған зақымның белгілері, алғашқы медициналық көмек қандай ?
Үсіктің клиникасы, фельдшерлік көмек қандай болуы тиіс?
