Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)

Мақсаты: өмірлік маңызды органдардың функцияларын қалпына келтіру.

Керекті құралдар: эпинефрин, атропин, амиодарон, 0,9% натрий хлориді еріт. 4% натрий бикарбонаты, лидокаин.

Диагностикалық шаралар:

1) санасын анықтау; санасы болмаса 103 шақыру.

2) ұйқы артерияларынан пульсті анықтау;

3) кеуде қимылына қарап тынысын анықтау,көз қарашықтарының мөлшері мен жарыққа реакциясын анықтау.

Тактика:

Қысып тұрған киімдерін, белбеуін босатады. Басы мен денесін қатты жерге жатқызады. Аяқтарын 30-40° -қа көтерсе, қанның жүрекке қайтуы артады.

Сав реанимация бағдарламасы:

С стадиясы:

Төс сүйегіне 1 минутта 100 рет компрессия жасайды. Сонда 18-20 секундта 30 компрессия және 2 рет вентиляция болуы тиіс.

А стадиясы: вентиляция-дем беру. Ауыз қуысын бөгде заттан, протезден, құсықтан тазалайды.

Сафардың үштік әдісін орындайды:

1. Басын кері шалқайтады.

2. Астыңғы жағын(иегін) ілгері жылжытады.

3. Ауызын ашады

В стадиясы:

«Ауыздан ауызға», немесе Амбу қапшығымен өкпелеріне - 1 рет терең үрлеп дем береді. «Көремін, естимін, сеземін» амалын орындайды. Егер ауа өкпесіне кетсе, 2-ші рет үрлейді. Егер кетпесе, басын кері шалқайтып, тыныс жолын ашады, үрлеп дем беруді қайталайды.

Кеуде компрессия мен дем үрлеу арақатынасы құтқарушылар санына байланыссыз 30:2 болуы керек. Мұны 1 цикл деп атайды. 5 цикл 1 периодты құрайды. 1 период шамамен 2 минутқа созылады. Осыдан соң 10-15 секундқа үзіліс жасайды, мұны стоп-анализ деп атайды, яғни, науқастың жағдайын, А/Қ, пульсін, тынысын тексереді және құтқарушылар орын алмастырады. Тағы да 30:2 арақатынаста тірілту шарасын жедел жәрдем келгенше немесе тірілгенше жалғастырады.

4. Тірілту шараларының тиімділігі көрсеткіштері(критерилері):

а/ жалпы белгілері пайда болса: цианозы азайып, терісі қызара бастаса, көз қарашықтары тарыла бастап, жарыққа реакциясы қалпына келсе, көз алмасы қимылдаса;

б/ гемодинамикалық белгілері: науқастың систоликалық қан қысымы 70-80 мм.с.б.б көтерілсе, өздігінен тыныс ала алса, пульсі ұйқы артериясы ғана емес, шеткі артерияда да пайда болса,

в/ ЭКГ-да жүрек жиырылуы көріне бастаса жүрек-өкпе реанимациясын тоқтатуға болады.

Дәрілері: адреналин (эпинефрин) (0,1%) к/т 1,0 мл (1 мг) +10 мл NaCl еріт. лидокаин 1,5 мг/кг. + 20 мл 5% глюкоза; натрий бикарбонаты 2 мл 4% еріт. /1 кг салмағына.

Мына сұрақтарға жауап бер:

1.Клиникалық өлім деген не?

2. САВ тірілту бағдарламасы деген не? 1 период неден тұрады?

3.Тірілту шарасы кезінде берілетін дәрілер қандай?

Сүйек сыну, буын шығу

Сұрақтары :

  1. Сүйек сыну түрлері, клиникасы.

  2. Алғашқы көмек көрсету, емдеу принципі, күтімі

  3. Буын шығуы түрлері, клиникасы.

  4. Алғашқы көмек көрсету, емдеу принципі, күтімі

1. Сүйек сынуы – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Бұл тез әсер ететін сыртқы күштің (травма) немесе сүйектегі патологиялық аурудың (қатерлі ісік, остеомиелит және т.б.) салдарынан болады.

Ішінара сыну - сүйектің иілгенде ішінара ішкі жағында сынуы (иілген шыбыққа ұқсайды). Жарық -ішінара сынықтың түрі. Бас сауыты, негізгі сүйек, жауырын зақымдалғанда кездеседі. Сүйек бөліктерінің арасында байланыс ішінара сақталады.

Сүйек сынуы барлық жабық зақымдардың 6-7% ін құрайды. Барлығынан жиі сынатын саусақ сүйектері мен аяқ басы сүйектері (сынықтың 60% - астамы); білек пен сирақ сүйектері сыну жиілігі бірдей және бәрі бірге 20% құрайды; қабырға мен төс сүйегі 6%; жауырын сынуы 0,3%; омыртқалар сынуы 0,5%; жамбас сынуы 0,6%; сан сүйектерінің сынуы 0,9 %, яғни сирек кездеседі.

Тегіне қарай: іштен туа біткен; жүре бара пайда болған сынықтар болып бөлінеді

Іштен туа біткен сүйек сынуы анасы іштен зақым алса немесе ұрықтың сүйек скелетінің жетімсіздігінен болады.

Жүре бара пайда болған сүйек сынуының травмалық және патологиялық түрлері бар. Травмалық сүйек сыну механикалық факторлардың әсерінен болады; патологиялық сүйек сынуы патологиялық (остеомиелит, туберкулез, сүйек сифилисі, сүйек эхинококкы сияқты) өзгерістерден болады. Бұл сыну сыртқы күшсіз немесе болар - болмас травмадан пайа болады.

Тері жамылғысының, жұмсақ тканьдердің зақымдалуына байланысты жабық және ашық сүйек сыну болып бөлінеді. Мүшелердің немесе тканьдердің зақымдалу, зақымдалмауына байланысты сынықтар: жай немесе асқынбаған және асқынған болып бөлінеді. Асқынған сүйек сынуына сүйек бетіндегі тері немесе кілегей қабаты зақымдалуы жатады; жарақаттан микробтар еніп, сынған сүйекте қабыну болуы мүмкін. Сүйек сыну асқынуларына үлкен тамырлар, нервтер, ішкі мүшелер (өкпе, жамбас мүшелері), бас немесе жұлын, буындардың қоса зақымдалулары жатады. Ашық сүйек сынуы бейбіт уақытта 10 %-н аспайды.

Сүйектің сынған тұсына байланысты: эпифизды,метафизды, диафизды сүйек сыну болып бөлінеді. Жиі кездесетіні диафизды сүйек сынулар. Эпифизды (буын ішіндегі) және метафизды (буын сыртындағы ) сүйек сынулар сиректеу кездеседі.

Эпифиздың сынуы ең ауыры: олар буын шығуына әкеледі, емделгеннен кейін қозғалыс шектелуі мүмкін. Метафиз сынғанда сынық бөлшектері көп жағдайда өзара бір біріне кіріп кетеді.

Сынықтың пайда болу механизміне қарай: жаншылғаннан, қысылғаннан, иілгеннен, ығысқаннан, бұрағаннан болған және үзілген сүйек сыну болып бөлінеді.

Сүйек сыну тіке және жанама сыртқы күштерден болады. Сырқы әсер тіке тисе сүйектің сынуы күш түскен жерде болады; жанама тисе сүйектің сынуы күш түскен жерден алыста болады.

Ұзын сүйектер көлденең бағытта қысылғанда тез сынады. Биіктен құлағанда сүйектер ұзынынан қысылады да сүйек сынықтары бір біріне кіріп кетеді. Кіріп кеткен сынықтарда сүйектің тығыз тар бөлігі (диафиз) жұмсақ, кең бөлігіне - метафизге және эпифизге кіріп кетеді. Мұндай сыну әдетте сан сүйегі, иықтың жоғарғы бөлігі және үлкен жіліншік сынғанда болады. Көп жарықшақты және бөлшектенген сынықтар оқ тигенде болады.

Сынған сүйек бөлшектерінің бір-біріне қатынасына қарай ығыспаған және ығысқан сынық болып бөлінеді. Ығысқан сынық ұзынынан, жанынан (енінен ) ығысқан т.б. болып бөлінеді.

Асқынған сынықтарға бас сауытының ми зақымдалуымен қоса сынуы, жамбас сүйегінің жамбас мүшелерінің зақымдануымен қоса сынуы да жатады.

Белгілері:

-абсолютті белгілері төртеу:

1) Патологиялық қимыл. Диафизды сынықтарда жақсы көрінеді. Мысалы, сан, иық тұстары шайқалып тұрса сынық болғаны. Қабырға, жалпақ сүйектер сынғанда көрінбейді.

  1. Крепитация. Егер бір қолмен сынған жерден жоғары ұстап, бір қолмен төменнен ұстап ақырын қарама-қарсы бағытта қозғаса сүйек сынықтарының бір-біріне үйкелген дыбысын сезуге болады, бірақ бұл дыбыс естілмесе, оны анықтау үшін сүйекті күш салып қозғау дұрыс емес.

  2. Сүйек ұзындығының өзгеруі. Сүйектің қысқаруы сүйек сынықтары ұзынынан және бұрыштан ығысқанда болады. Сүйектің ұзаруы сүйек сынықтарының арасына жұмсақ тканьдер кіріп кеткенде және бұғана сүйек сынғанда жиі кездеседі.

  3. Сүйектің деформациясы. Мысалы, аяқ-қолдың қисаюы, аяқ-қолдың шеті бір жағына бұрылып кетуі мүмкін. Бұл белгі бас негізі, жамбас сынғанда көзге білінбейді.

- Сынуға қатысы бар қосымша белгілері төртеу.

1) Ауырсыну- науқас қозғалайын десе сынған жері ауырады. Дәрігер немесе орта буын мед. қызметкері аурудың ауырып тұрған жерін алыстан саусақпен басып қарайды. Ауырсыну бір жерде тұрақты болса сынық болғаны. Мысалы, өкшеден ақырын соғып қарағанда сан немесе сирақтың ауырғанын сезеді.

2) Ісіну, мысалы, сынған жағында сау жағына қарағанда 1,5 есе үлкен ісік болады.

3) Гематома. Соққы тиген жерге қан құйылады, ісік пайда болады.

4) Қызметінің бұзылуы. Зақым алғаннан кейін қатты ауырғандықтан аяғын бірден қозғалта алмайды, қозғауға талпынса да ауырады.

Суреттерде ашық сынықтар көрсетілген.

Диагнозды рентгенографиямен нақтылайды.

2. Алғашқы мед. көмек ауырсынуын басу, иммобилизация жасап, ауруханаға жеткізу. Егер ашық сыну болса қан кетуін тоқтатып, жарасын таңып, сіреспенің алдын алып, шина салып, ауруханаға жеткізеді.

Сүйек сынуды емдеу принциптері: сынған сүйектің сынықтарын беттестіріп бекітіп, ұзақ уақыт ұстатып қою керек. Сол үшін егер сынықтар орнынан жылжымаса:

  1. Гипс таңғышын салады.

  2. Сынықтар орнынан жылжыса сүйектен тартып орнына келтіретін тартқыш

құралдармен беттестіреді.

3. Металлоостеосинтез- сүйек сынықтарын металл сыммен тігіп немесе пластина, шегелермен бекіту үшін жасалатын операциялардың жалпы атауы. Сүйек түріне байланысты 2-6 апта өткен соң бекіткен материалды алып таста,п ЛФК, массаж, физиопроцедура тағайындайды.

Оқ тигеннен сүйек сынып жараланса алғашқы медициналық көмектің мынадай ерекшелігі бар: жарада бос жатқан бөтен заттарды пинцетпен алып тастайды, ауырсынуды басатын дәрілер беріп, жараны стерильді салфеткамен жауып таңады. Егер жарадағы бөтен зат алынбайтындай терең тұрса, не орнынан қозғау қиын болса оны алуға болмайды, не қан кетіп, не шок болуы мүмкін. Бұл жараны бірден инфекциялы жара деп есептеп, дәрігер оны тікпей емдейді.

Сынық зардаптары : шок, қан кету, инфекция түсу, қисық біту.

3. Буын шығу - буын құрайтын сүйек бастарының буын ішінде тайып кетіп, капсула жыртылуы, буын қызметінің бұзылуы.

Буын капсуласы, байланыс аппараты жыртылады және одан буынның бір басы шығып тұрады. Қолдың буындарының шығуы жиі кездеседі (иық буын шығуы-55% шынтақ буын шығуы-25%; қол мен саусақ буын шығуы-9%). Буын шығу жиілігі олардың анатомиялық ерекшелігіне байланысты: капсуласы үлкен, буын айналасындағы байланыс аппараты әлсіз, сүйек бастарының жанасатын ауданы кішкентай болса оларда буын жиі шығады. Мысалы, иық буыны шар тәрізді буынға жатады, мұнда иық сүйектің жұмыр басы жауырынның жайпақ буын бетіне қарап тұрады, тайып кетуі оңай, сондықтан иық буыны шығуы жиі кездеседі.

Буын бетінің біреуінің екіншісіне қатысты ығысу дәрежесіне қарай: түгел буын шыгу деген түрі бар, бұл -буын бастарының бір-бірімен жанасуының толық жоғалуы; жартылай буын шығу, бұл -сүйек бастарының сәйкес келмейтін жерлерде ішінара жанасуы. Зақымның сипатына қарай жай, асқынбаган, асқынган буын шығу болып бөлінеді.

Жай буын шығу - буындардың байланыс аппараты мен капсуласының зақымдануы .

Асқынған буын шығу - зақымданған буын ішіндегі және айналасындағы сүйектердің сынуымен қабаттаса жүреді; байланыс аппараты мен капсуласы көп жыртылады, қан тамырлары, нервтер зақымдануы мүмкін; шыққан буын бетінің терісі зақымдалуы- ашық буын шығу болып табылады, мұнда буынға инфекция түсуі мүмкін.

Жарақат алған сәттен бастап өткен уақытқа байланысты буын шығу : жаңа (свежий-З күнге дейін); жаңа емес (несвежий-3-4аптаға дейін); ескірген- ( бір айдан асқан) болып бөлінеді.

Буынның шығу түрі буын анатомиясының ерекшелігіне, травманың механизміне және травма алған кездегі аяқ-қолдың жағдайына байланысты. Мысалы, иықта буын алға, төмен қарай оңай шығады, себебі осы жерде еттің беркуі әлсіз. Көп жағдайда қолды жанына соза құлағанда буын шығады, иық сүйегінің басы буы сумкасының әлсіз жеріне, яғни алға, төмен қарай ығысады. Құлаған сәтте қол жанында тұрса буын артқа шығып кетеді, қолын жоғары көтеріп құласа буын төмен қарай шығады.

Этиологиясына байланысты буын шығу жүре келе пайда болған (травмалық патологиялық,үйрешнікті) және іштен туа біткен буын шығу болып бөлінеді.

Травмалық буын шығу жиі кездеседі және барлық зақымдардың 1,5-3 %' құрайды. Көбіне иық буыны шығады.

Патологиялық буын шығу әдетте буын ішіндегі немесе буын басындағы патологиялық процестерден болады, бұл патологиялық процестер буын басының бұзылуына әкеледі. Сүйек-буын туберкулезінде, созылмалы остеомиелитте, буын қабынуларында, артрозда, қатерлі ісіктерде, полиомиелиттен болған аяқ-қолдың сылбыр салында, сүйек дистрофияларында болады.

Ойнамалы буын шығу иық буынында жиі кездеседі. Дұрыс емделмегеннен, шыққан буынды дөрекі салғаннан, дұрыс салмағаннан немесе бекіту мерзімін дұрыс сақтамағаннан болады. Буын сумкасы қалыптағы қалпына толық келмейді де бұл үйреншікті буын шығуға алып келеді. Буын капсуласының жыртылған жерінің әлсіздігінен буын елеусіз, шағын травмадан, қол қатты қозғалса да, құлағанда қайтадан шығып кетеді. Егер буын шығу 2 рет қайталанса ол ойнамалы деп есептелінеді.

Туа біткен буын шығу - ұрық жатырда жатқан кезде буын бастарының толық қалыптаспауынан, дұрыс дамымауынан болады. Көбіне жамбас - сан буындарында туа біткен буын шығуы кездеседі.

Буын шығудың клиникасы: шыққан буынның формасы өзгереді-деформация болады, буын тұсы қатты ауырады, науқас ауыратын буынын қозғалта алмайды, басып қарағанда буын тұсы ауырады, буын қозғалысы қатты шектеледі. Буынның қалыпты сыртқы түрі өзгереді, қалыпты жағдайда шошайып шығып тұратын жерлері кіріп кетеді де буын бастары басқа жерден шошайып шығып тұрады. Бұл белгі иық, шынтақ, саусақ буындары шыққанда жақсы байқалады. Жамбас-сан буыны шыққанда бұл белгі- буын деформациясы дұрыс көрінбейді. Кейбір буын шыққанда қол-аяқтың мәжбүрлі, әдеттегідей емес қалпы кездеседі, аяқ-қолдарының салыстырмалы қысқарғаны анықталады, немесе ұзаруы мүмкін.

Рентгенография жасалынады, буын шықкан жерді дәл табуға көмектеседі, сынықтары бар-жоғы анықталады.

4. Алғашқы көмек. Анальгетиктер беріледі. Ашық буын шығуда асептикалық таңғыш салынады. Иммобилизация (орамал, бинт, стандартты немесе қолда бар шинамен) жасалынады, емдеу мекемесіне жіберіледі.

Емдеу. Шыққан буынды анестезиямен салады, бұлшық еттерді толық босату үшін және зақымданған адамды қинамау үшін барлық буын шығу жергілікті немесе жалпыанестезиямен өткізіледі. Жансыздандыру шыққан буынды тез салуға мүмкіндік береді. Ауыртып, жансыздандыру қолданбай салса бұлшық еттер босамайды және дөрекі күш тканьдерді қосымша зақымдайды да, буын капсуласының онан әрі жыртылуына, оның тыртықтануына, ойнамалы буын шығуға әкеліп соқтырады.

Травмалық буын шығудың емі 3 кезеңге бөлінеді:

шыққан буынды салу;

иммобилизация, яғни салынған буынды қалыпты жағдайына келтіріп, бинт немесе гипс таңу.

3. буын қызметін қалпына келтіру (ЛФК, массаж, физиопроцедуралар), еңбекке толық жарамдылығын тездету.

Ескі буын шығу тек операциямен емделеді. Буын шыққаннан кейін уақыт өткен сайын буын капсуласы және оның айналасы, буын шұңқырлары тыртықпен бітіп кетеді, сондықтан буын шығуын барынша ерте емдету керек.

Мына сұрақтарға жауап бер:

  1. Сүйек сыну түрлері, клиникасы.

  2. Алғашқы көмек көрсету, емдеу принципі, күтімі

  3. Буын шығуы түрлері, клиникасы.

  4. Алғашқы көмек көрсету, емдеу принципі, күтімі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]