Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Операциядан кейінгі кезең

Сұрақтары:

  1. Операциядан кейінгі кезең.

  2. Операциядан кейінгі асқынулар

  3. Ерте басталатын асқынулар

  4. Кеш басталатын асқынулар

Хирургиялық операцияның нәтижесі операциядан кейінгі кезеңнің қалай өтетініне тікелей байланысты. Операция қалай жақсы жасалса да, науқастың дұрыс күтімі болмаса жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан операциядан кейінгі кезеңде науқастың күтімін жасауда мейірбикелердің еңбегі зор, оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі.

1. Операция біткен уақыттан бастап науқас ауруханадан шығатын кезеңге дейінгі уақыт аралығы операциядан кейінгі кезең деп аталады. Операциядан кейінгі кезең операцияның түріне, ауыр-жеңілдігіне, науқастың жалпы жағдайына байланысты бірнеше күннен бірнеше айға созылуы мүмкін. Операциядан кейінгі күтімнің негізгі мақсаттары:

-операциядан кейін әртүрлі асқынуларды болдырмау, оларды дер кезінде анықтап, емдеу;

-операциядан кейінгі, әсіресе алғашқы күндердің өтуін жеңілдету.

Науқасты операция біткен соң реанимация бөлмесіне тасымалдау дәрігер-анестезиолог пен анестезистка – мейірбикенің міндеті. Тасымалдау кезінде науқастың тоңып қалмауын, жарасын байлаған таңғыштың қозғалып, кетпеуін, оқыс қимыл кезінде жарасын ауыртып алмауын қадағалау керек. Мейірбике операция столында наркоздық ұйқыдан жаңа оянып жатқан науқастың терін сүртіп, ылғал көйлегін құрғаққа ауыстырады. Ақырын тасымалдап, алдын ала жылытылып дайындалған төсекке жатқызады. Алғашқы 2 сағат бойы көпшіксіз жатқызып, қалың жылы етіп жабады, қол-аяғына жылы грелка басады. Науқасты тәулік бойы қадағалайтын жеке пост мейірбикесі болады, жанындағы столда жедел асқыну кезінде қажет болатын алғашқы көмек құралдары тұрады.

2.Операциядан кейін болуы мүмкін асқынулар ерте және кеш басталатын асқынулар деп бөлінеді. Ерте басталатын асқынулар операциядан кейінгі екі тәулік ішінде болады. Олар:

  • жүрек-қан тамыры қызметінің жедел бұзылуы (тұншығу, өкпе семуі, пневмоторакс);

  • перациядан кейін ерте қан кету;

  • лоқсу және құсу;

  • тромбоздар

Кеш басталатын асқынуларға:

  • эмболиялар;

  • бронх ит, пне вмониялар ;

  • жараның іріңдеуі, шетінің ашылып кетуі;

  • операциядан кейін екінші рет қан кету

  • созылмалы ауруларының асқынуы жатады.

3. Ерте басталатын асқынулар.

Ұзаққа созылған ауыр операциядан кейін науқастан кеткен қанның орны толтырылмаса, және оттегі жетіспеуі қалпына келтірілмесе, жүрек-қан тамыры қызметінің жедел бұзылуы болады, пульсі жиілейді, А/Қ төмендейді, денесі бозарады, мұздайды, наркоздан жуық арада ояна қоймайды. Сондықтан мейірбике пульсін, А/Қ, тыныс жиілігін, дене қызуын бақылау бетшесіне тіркеп, дәрігер нұсқауы бойынша науқасқа строфантин, корглюкон дәрілерін егіп, қан алмастырғыш сұйықтар, қан құрамдарын құяды.

Наркоз әсерінен тыныс алуы бұзылуы мүмкін: ауа жетпейді, ентігеді, цианоз болады, пульсі жиілейді, А/Қ ептеп көтеріледі. Алдын алу үшін науқас өздігінше демалғанша эндотрахеалды түтікті алмайды, науқасты шалқайтып отырғызады. Оның қақырығын алдырып тұрады. Оттегімен демалдырады.

Операциядан кейін алғашқы сағатта операция кезінде дұрыс қан тоқтатылмаған тұстан екінші рет қан кетуі мүмкін. Сыртқа кеткен қан таңғышқа сіңіп көрінеді. Ішкі органдардан қан кетсе, анемия белгілері пайда болады. Алғашқы көмек: дәрігер келгенше жараға салқын басып, гемостатиктер егеді. Мұндай жағдайда көбіне қайта операция жасап, қанын тоқтатады.

Науқас операцияның әсерінен, әлсіреуден, кейде шек жүрмеуден лоқсып, құсады. Әуелі себебін анықтау керек. Алғашқы медкөмек: басын қырын қаратып, лоток қояды, мұрын қуысы арқылы асқазанға қойылған зонд арқылы асқазынын тазартады.

4. Кеш басталатын асқынулар.

Егер науқастың жағдайы тұрақталынып, операциядан кейін ерте басталатын асқынулар қаупі болмаса, науқасты реанимация бөлімшөсінен хирургия бөлімшесіне аударады. Мұнда да науқастың жалпы жағдайын бақылайды. Себебі, операциядан кейін кеш басталатын асқынулар шығуы мүмкін. Олар: жараның іріңдеуі, сепсис, созылмалы бүйрек, бауыр жетіспеушілігі, жүрек жетіспеушілігі,тыныс органдарының қабынуы: бронхит, пневмония.

Палата медбикесі науқастың терісінің түсін, жалпы жағдайын қадағалап, асқынулардың бөлгілерін ажырата білуі керек. Кеш басталатын асқынулар : коронарлық жетіспеушілік жүрек ишемия ауруы бар науқастарда кездеседі, оларда стенокардия не инфаркт белгісі болады: жүрегі қысылып, ауырып, сол қолына тарап, дем жетпей,өліп бара жатқандай болады. Емі : нитроглицерин тіл астына, жүрек тұсына қыша қағазын басады, азот шала тотығын оттегімен қосып иіскетеді, 2 % промедол I мл б/е егеді. Диагнозы ЭКГ қорытындысы бойынша болады. Мұндай кезде: 1/ науқасқа анальгетик дәрі өгіп, 2/ жүрөк-тамыр жетіспеушілігін емдеп, 3/ ритм бұзылуын емдеп 4/ миокардқа энергия беретін дәрі егіп, хирург әрі терапевт бақылап емдеуі керек. Тыныс аппаратына жалғайды.

Тромбоз және эмболия - денесі толық , жасы ұлғайған, қатерлі ісік ауруы бар науқастарда кездеседі. Бұған себепші - вена варикозы, іріңді септикалық процесстер, ұзақ уақыт төсөк тартып жату, кәрілік. Вена тамырында тромбоз болғанда - тамыр бойында ісік пайда болып, вена бойы ісінеді, терісі қызарады, тамыр бойын басып қарағанда тромб бары білінеді. Бос орналасқан тромб үзіліп, эмболия болып, өкпе тамырларын бітеп, өкпе инфарктіне әкелуі мүмкін, өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкелуі, сөйтіп клиникалық өлімге соқтыруы мүмкін.

Тромбоэмболия - өкпе артериясының тромбоэмболиясы - өте тез, қас қағымда әтетін формалары кезінде жүрек тоқтап, демі бітеді. Сирек кездеседі. Қатаң формасында - жедел жүрек және тыныс жетіспеушілігі болады, дем жетпейді, ентігеді. Тахикардия, цианоз болады, А/Қ төмендейді, төсінің тұсы ауырады,

тыныс алған сайын ауырсынады, жөтел, қан аралас қақырық пайда болып, қызуы көтеріледі, плөвра қуысында сұйық жиналады. Көп науқастар шағымын айтып үлгере алмайды.

Алдын алу: ауырсынуын басу, ерте қимылдату. Аяқ тамырында варикозы бар науқастың аяғын эластикалық бинтпен таңу керек,тромбэмболия қатері бар науқастарға антикоагулянт - гепарин сияқты дәрі егіп, қан ұюын қадағалайды.

Науқастың жалпы жағдайын бақылайды. Ауырсынса дәрігер нұсқауы бойынша анальгетик егеді, шөлдесе ернін сулы салфеткамен сүртеді, аузын шайғызады. Терісі қалыпта бозғылт болады, 1-2 күннен кейін бозарғаны кетеді, егер бозаруы күшейсе – ішке қан кетудің белгісі. Бетінің ұшы қызарса, қызуы болғаны, қалыпта операциядан кейін Т - 37,5 - 37,9°С көтеріледі, 2-3 күннен кейін түседі. Қызуы түспесе, бұл қабыну белгісі. Терісі сарғайса өт жолдары, бауыры ауыруы мүмкін. Пульсі операциядан соң жиі болады, қызуы 1° көтерілсе, пульсі 10 соққыға жиілейді, егер пульс жиілігі қызудан артық болса, бұл асқыну белгісі. Науқасқа операция іш қуысына жасалса, арнайы диетамен 2-3 күндей тамақ берілмейді.

Ауыз қуысын тазалап, тісін щеткалау керек, антисептикпен шаяды. Сухари шайнатып түкіртіп, аузын шаю - сілекей безі қабынудың алдын алу үшін істелінеді. Ішін жел кернеп - мөтеоризм болса, іші жүрмөй қалса, демалысы қиындайды. Газ шығаратын түтік қолданады, жел шықса, метеоризм басылады.

Зәрі жүрмей қалғанда, қуық тұсына жылы грелка басады, катетермен шығарады, цистит болмау үшін зәрді катетермен шығарғаннан кейін қуықты жылы фурацилин ерітіндісімен жуады. Зәрін ұстай алмайтын науқасты ерекше күтімін жасап, астын құрғақ ұстау керек. Нерв жүйесін бақылағанда ұйқысы нашар болса, себебін біледі : ыңғайлы жатқызып ,анальгөтик егеді, 2-3 күндері ауырсынуы тыйылады. Қатты ауырғаннан операциядан кейінгі психоз болып,санасы бұзылуы мүмкін: шатасып сөйлеп, таңғышын алып тастайды, психикалық қозу болып, тұрып жүрөді, шаршап ұйықтағанда өзіне келіп, не болғанын білмейді. Алғашқы мед.көмек : тыныштандырып , анальгетик егеді.

Тыныс алу жүйесінің асқынулары : іріңді бронхит, өкпе ателектазы, өкпе қабынуы, плеврит тыныс алу органдарының бұрыннан созылмалы ауруы бар науқастарда жиі кездеседі.

Бронхит - науқасты жөтел қысады, қызуы көтеріледі, бронх тұсы ауырады.Емі: трипсинмен ингаляция жасайды, атропин, эуфилинді физиологиялық ертіндіге қосып егеді. Ауыр тыныс жетіспеушілігі болғанда –трахеостомия жасап, бронх ішіндегі кілегей сұйықты сорғытып алады, бронхолитик беріп, тыныс аппаратымен демалдырады.

Плеврит – плевра қабығының қабынуы, плевра қуысына ылғал, ірің жиналады. Науқас қызулайды, жөтеледі, кеудесі дем алған сайын шаншиды, науқас жүдеп, төсек тартып қалады. Плевра қуысына ірің жиналғанда жағдайы нашарлай түсөді.

Ем: антибиотик, демалу гимнастикасы, қақырық түсіретін дәрі, оңқа, қыша қағазын қояды. Ірің жиналғанда - кеудесіне пункция жасап, сұйығын алады, антисептиктермен жуып, антибитиктер егеді, детокситерапия береді.

Жара іріңдеуі, шетінің ашылып кетуі: бұл асептика сақталмағаннан, кейде әлсіз науқастарда жиі кездеседі. Операциядан соң 5-6 күн өткенде жарасы ауыра бастайды, жарасы қызарып, іседі, қызуы көтеріледі.

Емдеуі : жарасының жібін алып, шеттерін кең ашады, іріңін шығарады, жуып, тазалайды, антибиотик егеді. Екі шеті ашылып кеткен жараны жуып, таңып, тазарғаннан кейін қайта тігеді.

Екінші рет қан кету - ерте асқыну тәрізді бұл да операциялық жарадан қан кету дұрыс тоқтатылмаса қайталанады. Таңғыш қанға боялады, қан ішке кетсе, анемия белгісі пайда болады. Алғашқы мед.көмек : жоғары айтылғандай.

Мына сұрақтарға жауап бер:

1. Операциядан кейінгі кезең деп қандай уақыт аралығын атайды ?

  1. Операциядан кейін қандай асқынулар болады?

  2. Ерте басталатын асқынулар, алғашқы көмек, емдеу, алдын алу

  3. Кеш басталатын асқынулар қандай, алғашқы көмек, емдеу, алдын алу.

Пайдаланылған және оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

        1. В.К.Гостищев. Общая хирургия. М.1993.

        2. М.С.Брукман. А.В.Сыромятникова. Руководство к практическим занятиям по хирургии.М.1983.

        3. В.М.Буянов. Ю.А.Нестеренко. Хирургия. М.1993.

        4. Е.Әбдірахманов. Қ.Е.Әбдірахманов. Хирургиядағы мейірбике ісінің тәжірибелік нұсқауы. А.2006.

        5. Н.А.Ақатаев. Жалпы хирургия (дәрістер). Ақтөбе.2005.

        6. Справочник операционной и перевязочной сестры. М.1993.

        7. ҚР ДМ «Медициналық маңыздағы бұйымдарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына қойылатын сан-эпид талаптар» 31.01.2003 шыққан.№96 бұйрығы .

        8. ҚР ДМ «Денсаулық сақтау ұйымдарында қан және оның құрамдарын, қан препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы» №501 бұйрығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]