- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Терминалдық жағдайлар
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі
- •Некроздар (өліеттену)
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Амбулаториялық хирургия
Сұрақтары:
І.Емхана, амбулаторий, медпункттің хирургиялық қызметінің құрылысы, емдеу көлемі.
2.Хирург кабинетінің құрал-жабдықтары
3.Амбулаториялық науқасты қабылдау тәртібі, хирург кабинетінде асептика сақтау.
4. Хирург кабинетінің құжаттары.
1. Поликлиника, амбулатория, медпункттің хирург кабинеті хирургиялық аурулары бар науқастарды, соның ішінде ауруханаға жатпай, үйде аяқтай жүріп емделетін науқастарды қабылдауға, зерттеуге, емдеуге арналған. Амбулаторияда хирург кабинеті 2 бөлмеден тұрады, бұл- дәрігер қарайтын бөлме және таңу кабиненті. Медпунктте 1 бөлме әрі таңу кабинеті болады. Қалалық, облыстық емханаларда хирургия қызметінің құрамында хирург кабинеті операциялық бөлме, травматолог, уролог т.б кабинеттері болады. Мұнда таңу, дәрі егеді, гипс таңғышын салады, жалпы жағдайына өзгеріс енгізбейтін кіші-гірім операциялар жасайды. Хирургиялық амбулаторлық науқастар емханаға келген науқастың 10-12%. Соның ішінде- қабынулар 20-30%,суйек булшық ет, буын аурулары 20-30%, іш аурулары 20-26% қантамыр аурулары 10% қүжат тойыруға 5-8%.
Хир. кабинеті мен операциялық бөлме құрылысы Хир. кабинеті 2 кабинеттен тұрады: дөрігер қарайтын болмеде 2 жазу столы 2 отырғыш 2 табурет, кушетка, аяқ қоятын отырғыш, киім ілгіш, айна, қол орамал, қол жуатын кран, медициналық құжаттар болады. Таңу кабинетіне дәрігер кабинеті арқылы кіреді. Онда стерильді стол, бикстер, таңу столы, кушетка, инструменттер, таңу материалдары, медиц шкаф, леген, шелектер, т.б. болады. Хирургиялық операцияға керек инструменттер: жергілікті анестезия жабдықтары, жгут, резин қолғаптар, клеенка алжапқыш, антисептик ерітінділер, жүрек дөрілері. Операциялық бөлме кең жарық бөлме, жары мен төбесі сырланған, едені -кафельденген, бөлме температурасы -20-22° С болуы керек.
Құралдары: операция столы, бестеневая лампа, темір табуретка, стерильді стол, хирургиялық инструменттер, бикс, жылжымалы инструмент столы, кварц лампасы, анальгетиктер, дәрілер. Бұдан басқа материалдық, залалсыздандыру бөлмелері болуы да мүмкін.
Науқастарды кезек бойынша бір-бірден қабылдайды, келесі қабылдауға келерде күнін, уақытын белгілейді. Аса қатаң ауруларды кезексіз қабылдайды Асептика үшін дәрігер бөлмесінде қарап таңу кабинетінде таңады. Бөлмеге аяқ киім ауыстырып, тоқыма киімін шешіп кіреді. Жарасы таза науқас алдымен, ірінді науқас кейін таңылады. Әр науқастан кейін кушетканы дезинфекция ерітіндісімен сүртеді. Жоспарлы түрде операцияға дайындалатын науқас терапевке қаралып, қажет анализдерін тапсырады.
Өздігінен жұмыс істейтін не дөрігермен істейтін фельдшер мынадай манипуляциялар жасайды, жеңіл іріңді жараны кесу, бөгде затты суырып алу, теріге тігіс салу,тамырдан қан алу, дәрі егу, қан тобын айыру, жгут таңу, гипс таңғышын таңу, дәрігер келгенше көмек ету. Хирургиялық документация: І.амбулаторлық карта ф-25 2.таңуды жазатын журнал З.диспансерлік науқас журналы 4.ауруханаға жолданғанды тіркейтін 5 ауруханадан бас тартуды тіркейтін журнал .6. операция хаттамасы журнал
Егер науқас ауруы асқынып кетсе, зерттелгеннен кейін ауруханаға жолдама береді Қатаң науқасқа әрі жедел жәрдем шақырады Ауылдық жерде науқастың аудандық не облыстық ауруханаға кетуін қадағалайды.
Пысықтау сұрақтары:
І. Хирургия қызметінің құрылысы
2.Хирургия кабинетінің жабдықтары
3..Амбулаториялық хир көмек көлемі
