Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.

Қол-аяқтың туа біткен кемістіктері:

Макромегалия,эктромелия, фокомелия , жамбас буынның шығуы, артрогрипоз, синдактилия, полидактилия, макродактилия, эктродактилия- емдеуі протездеу, трансплантация жасау, оперативті.

4.Органдардың формасы мен функциясын қалпына келтірумен айналысатын хирургияның саласын пластикалық хирургия немесе қалпына келтіру хирургиясы деп атайды.

Пластикалық операциялардың түрлері. Трансплантация жасалмақшы органды алу көзіне қарай мынадай трансплантация түрлері бар:

  1. Аутогендік – донор да, реципиент те бір адам.

  2. Изогендік- донор мен реципиент бір ұрықты егіздер.

  3. Сингендік трансплантация – донор мен реципиент – бірінші дәрежедегі туыстар.

  4. Аллогендік трансплантация – донор мен реципиент – бір топқа жатады. (мысалы, адамнан адамға ткань алмастырып салу).

  5. Ксеногендік трансплантация – донор мен реципиент – әр топқа жатады (жануардан адамға салу).

  6. Протездеу – орган мен тканьдерді протездеу үшін синтетикалық материалдар, металл, т.б. анорганикалық заттарды қолданады.

Тканьдік пластика түрлері. Еркін пластика немесе трансплантация арқылы ғана тканьдерді алмастырып салуға болады. Еркін пластиканың мынадай түрлері бар:

  1. трансплантация – тканьді не органды бір тұстан екіншісіне алмастырады.

  2. Реплантация- бұзылған органды не тканьді, мысалы-скальпті, жұлынған қол-аяқты т.б. орнына кері салады.

  3. имплантация-клетканы не тканьді жақын облысқа көшіру.

Еркін емес пластика немесе қоректік аяғы бар пластика деген түрі бар.

Ең кең тараған тканьдік пластика- тері пластикасы.

Пысықтау сұрақтары:

1.Дамуы кемістіктерінің қандайын білесіңдер ?

2.Олардың қалай алдын алады.

Хирургиялық науқасты зерттеу

Сұрақтары:

  1. Жарақат алған хирургиялық науқасты зерттеу

  2. Шұғыл хирургиялық ауруы бар науқасты зерттеу

  3. Созылмалы хирургиялық ауруы бар науқасты зерттеу ерекшеліктері.

  4. Хирургиялық ауруларды қазіргі заманғы зерттеу және диагнозын қою әдістері туралы жалпы мағлұмат.

1. Травмалық науқасты зерттеу кезінде ауру анамнезінен жарақат алу механизмін сұрау керек, бұл зақымның дигнозын дұрыс қоюға көмектеседі. Зақым алған тұсы мен симметрлік зақым алмаған тұстарын салыстырып қарайды. Мысалы, егер оң иығын ауыртып алса, сол жақ иығын да салыстырып қарау, басып қарау, қимылын зерттеу керек. Сынған түтік сүйектердің ұзығндығы мен сынбаған симметрлік жағыынң сүйек ұзындығын өлшеп салыстыру керек. Буынның функциясын зерттеу үшін угломермен (бұрышөлшеуішпен) зақымдалған буынның қозғалысы неше градус, яғни қаншалықты шектелгенін өлшейді. Диагнозын дәл табу үшін рентгенография, УЗИ, компьютерлік томография т.б. әдістерімен зерттейді.

  1. Шұғыл хирургиялық ауруы бар науқасты зерттеу жедел жүргізіледі. Дәрігер нұсқауы бойынша тек қажетті анализдер алынады. Мысалы, жедел аппендицит диагнозы қойылған науқастан лейкоциттері мен ЭТЖ анықтау үшін қан анализі алынады. Егер науқастың анамнезінде жүрек ишемия ауруы бар болса, ЭКГ түсіреді.

  2. Созылмалы хирургиялық ауруы бар науқасты зерттеу ерекшеліктері. Мұндай науқастарды жан-жақты зерттеп қосымша ауруларының барлығын анықтап, диагнозын анықтайды. Мысалы, созылмалы холециститтің асқынулары: панкреатит, перитонит т.б. болуы мүмкін. Соны алдын ала білу үшін науқасты қанның билирубині, УЗИ, компьютерлік томография, пункция, диагностикалық лапароскопия сияқты тексеру әдістерінен өткізеді.

4. Хирургиялық аурулардың диагнозын қою үшін әрбір фельдшер хирургиялық аурулардың белгілеріне қарап, аурудың сырын анықтай білуі керек. Науқас зерттеуден өткізіліп, ауруханаға жіберіледі.

Клиникалық диагностика : сұрау, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация

нәтижесіне қарайды.

Лабораторлық а) қан анализі, плазма, сарысу анализі б) гематологиялық зертеу г) зәр зертеу

Функциональдық зерттеу ЭКГ, ФКГ, велоэргометрия және т.б.

Инструментальдық зерттеу рентген, радиоизотопты, спирография, узи.

Эндоскопиялық ректоскопия, цистоскопия,ФГС, бронхоскопия, лапоскопия, колоноскопия. Науқас эндоскопиядан өтпес бұрын оған дайындайды : арнайы диета тағайындалып, тазалау клизмасы қойылады. Хирургиялық науқас қатаң жағдайда болса, науқасты жедел зерттейді.

Зерттеу жолдары:

І.Паспорт бөлімі

2.Сұрау: шағымы, ауру тарихы , өмір тарихы сұралады.

3. Обьективть зерттеу: жалпы, жергілікті қарау, пальпация, перкуссия, аускультация.

Хирургиялық науқастың ауыратын жерін зерттейді оң жағы мен сол жағын салыстырып зерттейді. Зерттеу қорытындасы амбулаторлық картаға немесе ауру тарихына жазылады. Қосымша ауруы болса оны де зерттейді. Амб. каратада қысқаша арызы, ауру тарихы, жергілікші белгілері жазылады, диагнозы қойылып, емі тағайындалады. Ауру тарихында паспорт бөлімі, шағымы, зерттеу қорытындылары тіркеліп, қосымша ауруын көрсетеді, жалпы жағдайын, аурудың белгілерін, диагнозын, берілген емін жазып, зерттеу қорытындыларын тіркейді.

Күн сайын күнделігін жазады, басқа дөрігер консультациясын, бөлім меңерушісінің қарау қорытындыларын, этаптық эпикризін, ауруханадан шығарда -ауру тарихының қысқаша көшірмесін науқастың қолына береді.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Хирургиялық науқасты зерттеу әдістері.

  2. Қандай органдарды аускультация жасап зерттейді

  3. Рентгенография арқылы не білуге болады ?

  4. Нормадағы қан анализі қандай?

  5. Пункция деген не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]