
- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Терминалдық жағдайлар
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі
- •Некроздар (өліеттену)
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
Сұрақтары:
Туа біткен кемістіктер, олардың даму факторлары.
Туа біткен кемістіктердің профилактикасы .
Жиі кездесетін туа біткен кемістіктер.
Пластикалық операция, түрлері.
1. Туа біткен кемістіктер (даму кемістіктері) деп- шарана органдары немесе жүйелері құрылысындағы жатыр ішілік даму бұзылысы нәтижесінде пайда болған ауытқуларды атайды. Органдар құрылысындағы ауытқулар жатыр ішінде дамуы кезінде қалыптасып, сәби туған соң бірден немесе біраз уақыттан соң байқалады. Даму аномалиясына әсер ететін факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Ішкі факторларға :
генетикалық кемістіктер- тұқым қуалайтын гаметопатиялар жатады. Олар ген мутациясына, хромосомалар мутациясына байланысты. Генетикалық кемістіктер туыс некелерден жиі болады.
Сыртқы факторларға –инфекциялар, химиялық және физикалық заттардың әсері жатады. Инфекциялық тератогендік факторларға анасының сырқаты, әсіресе жел шешек, қызылша, вирустық гепатит, полиомиелит сияқты вирустық аурулар, скарлатина, дифтерия, сифилис сияқты микробтық инфекциялар, токсоплазмоз, листериоз, цитомегалия сияқты протозой аурулары жатады.
Химиялық тератогендік факторларға – пестицидтер, инсектицидтер, седативті, психотропты дәрілер, кейбір антибиотиктер, амидопирин т.б. дәрілер, сол сияқты никотин, алкоголь жатады.
Физикалық факторларға – жүкті әйелдің механикалық травмалары, радиация, ыстық өту, суыққа тоңу т.б. жатады.
2.Профилактика екі бағытта жүргізіледі: 1) болашақ ата-ананың генетикалық ауытқуларын анықтау; 2) жүкті әйелге сыртқы тератогендік факторлардың әсерін жою.
Барлық туа біткен кемістіктерді мына негізгі белгілері бойынша бөлуге болады:
Органның мөлшері өзгеруі- органның шамадан артық өсуі- гипергенезия; кем өсуі- гипогенезия; органның толық болмауы- аплазия (агенезия).
Органның формасы өзгеруі- маймақ аяқ, таға тәрізді бүйрек, қос мүйізді жатыр т.б;
Органдардың орналасу аномалиясы- эктопия, гетеротопия (крипторхизм т.б.)
Органдардың саны ұлғаюы- полидактилия, қосымша қабырға т.б.
Атавизмдер- мойын кисталары, тесіктері;
Дуплицирлі аномалиялар – бірге жабысқан егіздер.
3.Бастың туа біткен кемістіктері:
Ми жарығы, гидроцефалия, краниостеноз. Емдеуі хирургиялық.
Омыртқа мен жұлынның туа біткен кемістіктері:
Жұлын каналының бітіспеуі, жұлын жарығы- емдеуі хирургиялық.
Беттің туа біткен кемістіктері:
Жырық ерін, жырық таңдай, макростомия- емдеуі хирургиялық.
Мойынның туа біткен кемістіктері:
Қисық мойын, қосымша мойын қабырғалары, мойынның кисталары мен тесіктері- емдеуі хирургиялық.
Кеуде мен кеуде қуысы органдарының туа біткен кемістіктері:
Кеуденің ойық болып бітуі, өркештеніп бітуі, кифоз, өкпе гипоплазиясы, өкпе кисталары, жүректің туа кемістіктері- үш камералы жүрек, жүрекше аралық дефект, қарынша аралық дефект, Фалло тетрадасы, Фалло триадасы- емдеуі хирургиялық.
Іш қуысы органдарының туа біткен кемістіктері:
Эмбрионалдық жарық, туа біткен пилоростеноз, тік шектің атрезиясы.
Несеп жүйесінің туа біткен кемістіктері: