
- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Терминалдық жағдайлар
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі
- •Некроздар (өліеттену)
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Ісіктер
Сұрақтары:
Ісіктер. Қатерлі және қауіпсіз ісік түрлері.
Клиникасы және диагностикасы (клиникалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық, гистологиялық).
Қатерлі ісіктің ерте диагностикасы.
Ісіктерді хирургиялық, сәулемен, химиотерапиялық, комбинациялық емдеу.ТМД және ҚР-да онкологиялық көмекті ұйымдастыру.
Ісіктердің профилактикасы. Рак алды аурулары.
Онкодөонтология қағидалары.
1 Ісіктер деп ұлпаның патологиялық өсуін айтады. Ісіктер полиэтиологиялық ауру деп есептелінеді. Ісіктер қатерлі және қауіпсіз деген түрлерге бөлінеді. Өсіп шыққан ұлпаға байланысты классификациясы:
Ткань атауы |
Қауіпсіз ісік атауы |
Қатерлі ісік атауы
|
дәнекер ұлпадан |
фиброма |
саркома |
эпителиден |
полип |
рак |
бездерден |
аденома |
рак |
бүлшық ет ұлпасынан |
миома |
миосаркома |
май ұлпасынан |
липома |
липосаркома |
шеміршек тканінен |
хондрома |
хондросаркома |
сүйектен |
остерома |
остеобластома |
қан тамырынан |
ангиома |
ангиосаркома |
т.б. |
|
|
Қатерлі және қауіпсіз ісіктердің айырмашылықтары
Қатерлі ісік: өсуі тез, клеткалары атипиялық, ісік айналасындағы тканьдермен бітісіп өскен, шекарасы білінбейді, басып қарағанда өте қатты болады, науқастың шағымдары болады, метастаз, рецидив, кахексия болады.
Қауіпсіз ісік: өсуі баяу, клеткалары типтес, айналасындағы тканьдерден бөлектеніп тұрады, шекарасы жақсы білінеді, шағымы, метастазы, рецидиві болмайды. Ұзақ уақыттан соң қатерліге айналуы мүмкін.
2. Қауіпсіз ісіктердің клиникасы білінбейді. Науқас томпайған ісіктің барына, бірақ ауырмайтынына шағымдануы мүмкін. Ішкі қуыстардағы қауіпсіз ісіктер шағым туғызбайды.
Қатерлі ісіктің клиникасында 4 стадия бар.
ст. диаметрі 2 см, органның аумағында орналасқан, лимфа безге тарамаған.
ст. 2 см, ісік органның аумағында, жақын лимфа безіне тараған.
ст. диаметрі үлкен, көрші органдарға тараған, көрші лимфа бездерінде метастаз бар.
ст.алыс органдарга тараған, лимфа бездерінде түгелдей метастаз бар, ісіктің мөлшері үлкен, ыдырай бастайды. Науқас ариды.
Халықаралық стандарт бойынша ісіктердің диагнозын TNM жіктелімі бойынша белгілейді. Т-ісіктің сатысы, мысалы 2-саты Т2. N- лимфа безіне метастаз, M-органдарға берілген метастазды көрсетеді. Мысалы-Т1N2M1 .
3. Диагностикасы: шағымы мен анамнезі негізінде, яғни клиникалық негізде, рентгенологиялық, эндоскопиялық, гистологиялық зерттеу негізінде қойылады. Тканьнен биопсия алып, гистологиялық және цитологиялық зерттеу жүргізеді. Егер рак клеткалары табылса, диагнозы нақтыланғаны. Гистологиялықтан басқа диагностикалық зерттеу әдістері рактың диагнозын дәл айта алмайды.
4.Емдеуі: химиотерапия, радиотерапия, гормонотерапия, оперативті емдеу.
1 - 2 стадиясында радикалды операция жасап, комплексті емдеудің түрлерін қолданады.
3-4 стадиясында паллиативті операция, басқа да емдер комплексін қолданады.
Егер қауіпсіз ісік болса, оның белгілері болмауы мүмкін. Олар медиц. байқау кезінде кездейсоқ білінеді. Емі: хирургиялық жолмен алып тастау.
5. Ісіктердің алдын алу үшін рак алды ауруларды тауып, есепке алады. Ол: қауіпсіз ісіктер, созылмалы қабынулар, профессионалдық аурулар (пневмокониоз, силикоз), мең, асқазан жарасы, эррозия және т.б. Осы ауруы бар науқастар диспансерлік есепке алынып, әлсін-әлі қаралып, ем алып тұруы керек. Мыс: әйелдер жылына 1-2 рет акушер-гинекологқа қаралып, жатыр мойны эрозиясы, лейкоплакиясы, полип, фиброаденома, мастопатия сияқты аурулары бар адамдарды есепке алады және олар дер кезінде қатерлі ісіктің алдын алу емін қабылдайды. Біздің елде онкологиялық қызмет дұрыс жолға қойылған. Онкологиялық ауруы бар деген науқасты фельдшер немесе дәрігер қала емханасындағы онколог кабинетіне жібереді, онда науқас зерттеуден өтеді. Облыс орталығында онкодиспансер қызмет етеді, астанада онкологиялық клиника, емдеу жолдарын зерттеп, тәжірибе қояды, жаңа дәрілерді сынақтан өткізеді.
6. Онкология бөлімшесінде мындай деонтология қағидаларын ұстанған жөн:
бөлімшеде бос уақытында көңілін алаңдататындай жағдай жасалуы керек;
науқастың қолына ауру тарихы, зерттеу қортындылары түспеуі керек;
науқастың диагнозын өзіне айтуға болмайды, оны емші дәрігер ағайындарына айтуы керек;
ауыр науқасты жағдайы жеңіл науқастан бөлектеу керек;
бөлме аралық жар қалың болғаны дұрыс;
науқастың көзінше белгісіз, түсініксіз, латынша терминдер айтуға болмайды,
науқасты үміттендіріп, оның нашар жағдайын жасырып отыру керек;
науқастың ауруы туралы дәрігердің, мөдбикенің көзқарасы бір болғаны жөн.
Пысықтау сұрақтары:
Ісіктердің қандай түрлері болады.
Клиникасы және диагностикасы (клиникалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық, гистологиялық).
Қатерлі ісіктің ерте диагностикасы.
Рак алды аурулары деген не ?
Жиі кездесетін ісіктер қандай?
Ісіктерді емдеу әдістері қандай?