
- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Терминалдық жағдайлар
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2013ж)
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Сүйек-буын, лимфа безі туберкулезі
- •Некроздар (өліеттену)
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Некроздар (өліеттену)
Сұрақтары
Некроз. Жалпы түсінік, себептері мен шарттары.
Құрғақ және ылғалды гангрена. Жалпы емдеу принциптері, алдын алу
Тромбоздар мен эмболиялар.
Облитерациялық эндартериит. Облитерациялық атеросклероз. Коллатерал қан айналымның маңызы.
Қан айналу бұзылысының жекелеген түрлері. Трофикалық (варикоздық, травмадан кейінгі, тыртық, күйіктен кейінгі т.б.) ойық жара. Тері ойылуы. Тесіктер. Диагностикасы. Емдеуі.
1.Некроз, түрлері, клиникасы, жедел көмек, емдеу принциптері.
Тірі организмдегі клеткалар мен ұлпалардың өлуі некроз деп аталады. Некроздың себебі: қан айналымы мен ұлпа қоректенуінің бұзылуы. Оған себеп болатын мына аурулар: бұлшық ет пен қан тамырларының зақымдануы;ұлпалардың жгут пен гипс таңғышымен қысылуы; іш жарығының буынуы;күйіктер, үсіктер;қан тамырларының бітелуі (тромб, эндартериит, атеросклероз);токсиндер әсері;іріңді инфекция (туберкулез, сифилис жарасы);авитаминоз;иннервацияның бүлінуі.
Жалпы жағдайы нашар, гиповитаминоз, жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, орталық нерв жүйесі бұзылуы, анемия, аурсыну, тоңу, инфекциялық ауруға ұшырағандар некрозға тез шалдығады. Некроз түрлері гангрена, инфаркт, (пролежни, язвы), ойық жаралар, жыланкөз тесік.
2.Гангрена қан айналымы тоқтауынан болған шіру. Гангренаның ылғалды және құрғақ деген түрлері болады. Құрғақ гангрена - артериялар біртіндеп бітелгенде пайда болады. Өлген тканьдер бірте-бірте құрғайды, қара-қоңыр түсті, кейіннен қара түсті болады. Өлі ткань мен тірі ткань арасында демаркациялық линия деген шекара пайда болады. Шіріген ткань өздігінен түсіп қалуы ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан оны эктомия не ампутация операциясын жасап, алып тастайды.
Ылғалды гангрена – артерия, вена қуысы эмбол, тромб,жарақатпен тез бітелгенде және осыған инфекция қосылганда пайда болады.
Клиникасы: ісіну, терісінде сұр түсті дақтар, күлбіреуіктер пайда болады, ішіндегі жиналған сұйық шірік иісті болады. Ұлпалар кеуіп үлгермейді, шіріп, ыдырайды, оған инфекция қосылып, науқастың жағдайы ауырлайды.
Жергілікті емдеуі: шіріген тканьдерді алып тастайды - некрәктомия.
Жалпы емдеуі: дезинтоксикациялық сұйықтар құйып, антибиотиктер егіп, жүрек-тамыр дәрілерін береді.
Алдын алу : себепші ауруларын емдеу, жгут таңу ережесін сақтау, гипс таңгышын қыспай таңу, ылғал гангренаны құрғаққа айналдырады эмбол, тромбты алып, гагреналы аяқты ампутация жа-сайды.
Жедел ганрена басталғанда алғашқы медициналық фельдшерлік көмек көрсету:
Наркотикалық аналгетик беру, 1 мл промедол.
Спазм кетіретін дәрілер-спазмолитиктер –папаверин 2 мл,
Футлярлы новокаин блокадасы.
Иммобилизация жасау.
Тез арада ауруханага жеткізу.
3.Тромбоз –қанның ұйып, қан тамырын бітеуі . Эмболия – қан тамыры ішінде бөтен заттың айналып жүруі. Осы екі жағдай қан тамырының саңылауын бітеп, ткань қорегін бұзады. Ткань өлі еттенеді. Себептері: жүрек ревматизмі, атеросклероз, миокард инфарктісі, жүрек ақаулары, флеботромбоздар, онкологиялық аурулар, жамбас веналарының және аяқ веналарының варикоздары, операциядан кейінгі кезеңде енжар қимылсыз болуы, іріңді инфекция т.б. басқаша айтқанда қан айналысы баяу, ұзақ уақыт төсек тартып жатқан, жасы ұлғайған, әлсіз қимылсыз жатқан науқастарда осы асқынулар қатері болады. Патогенезі: бірі біріне байланысты тізбектей жүретін процесс буындарынан тұрады, олар: 1) тамыр жүйесінің бір бөлігінде тромб түзілуі; 2)тромбының бөлшектенуі, үзіліп, эмболдың қозғалуы; 3) эмболдың артерия қабырғасына жабысуы; 4) артерия бітелуіне байланысты жергілікті және жалпы бұзылыстар. Және тромбының артерия спазмынан ұлғайып, қан айналысын бұзуы некроздарға соқтырады.
4.Облитерациялық эндартериит. Облитерациялық атеросклероз. Коллатерал қан айналымның маңызы.
Облитерациялық эндартериит- артерия тамырларының саңылауы бітелуі. Аяқ тамырларында кездеседі. Себептері: темекі шегу, аяқтарының суыққа жиі шалдығуы, диабеттік ангиопатия. Көбіне ер адамдарда кезедседі. Ауру біртіндеп меңдейді. Аяқтары тоңады, бұлшық етері жүргенде ауырып, құрысады. Жаяу жүрген кезде әрбір 500-400 метр сайын, кейіннен 300-200 метр, соңында 100-50 метр сайын аяқатыр ауырып, ақсаңдайды. Демалып отырғанда ауырғаны кетеді, жүрген кезде біршама қашықтықтан соң қайтадан ақсаңдай бастайды. Мұны «ауыспалы ақсақтық» симптомы деп атайды. Ауру асқынғанда табан, башпайларында некроздық ойық жаралар пайда болады. олар ұлғайып, гангренаға айналады. Емдеуі: спазмолитиктер, трентал, солкосерил, физиопроцедуралар т.б. қан тамырын ұлғайтатын ем береді. Облитерациялық атеросклероз- артерия қан тамырының атеросклероздық қатпарлардан қалыңдап, бітелуі. Себебі: жалпы склероздық процестер. Жасы ұлғайған адамдарда кездеседі. Ірі артерия тамырлары бітеледі. Мысалы, сан артериясы бітеліп, балтыр, табан артерияларында пульс білінбейді. Клиникасы жоғарыда аталғандай. Біртіндеп аяқ ткандерінің қан айналысы бұзылып, ткань өлі еттене бастайды.Ойық жаралар, шгангреналар пайда болады. Мұндай аурулар кезінде ірі артерия тамырынан тарамдалатын коллатерал артериялар жақсы дамыған болса, қан айналысы бұзылмауға сеп болады. Мұндай коллатералдарды шунттау операциясы арқылы жасауға тырысады. (артерия-веналық шунттар)
5.Қан айналысы бұзылысының жекелеген түрлері: трофикалық (варикоздық, травмадан кейінгі, тыртық, күйіктен кейінгі т.б.) ойық жаралар, тері ойылуы, жылан көз тесіктер.
Ойық жара (язва) - тері мен кілегей қабықтың нашар жазылатын (жетіспеушілігі) кемістігі. Ойық жара ұзаққа созылады. Себебі: ткань қорегі болмауы. Мысалы: вена варикозы, нерв тамырының бұзылуы, сифилис, туберкулез. Ойық жара түрлері: травмалық, нейротрофикалық, пептикалық (асказанда, шекте болатын пептиндер әсерінен болатын ойық жаралар), варикоздық жаралар. Ойық жараны емдеу үзақ жұмыс, әуелі себепші ауруын емдейді. Витаминді диета, тез сіңетін белогы көп тамақ ішу керек. Ойық жараға майлы таңгыш салады. Консервативті түрде емделінбесе, оперативті түрде кесіп алып тастайды.
Жыланкөзтесік- патологиялық канал. Ол тереңдегі ішкі органды сыртқы ортамен, немесе екі қуыс органды бірі бірімен жалғайды.
Тесіктердің түрлері: туа біткен және пайда болған;сыртқы ортамен байланыса қарай: сыртқы және ішкі ;себебіне қарай: травмалық, патологиялық және жасанды (оперативтік);тесіктен бөлінген сұйыққа байланысты: дәрет,сілекей,ұлы дәрет, іріңді, өт тесіктері деген түрлері болады. Емдеуі: себепші ауруын емдейді. Кейбір тесіктер өздері бітеледі, кейбіреуін операция жасап, тігіп бітейді.
Тері ойылуы (клиникаға кіріспе пәнінен еске алайық).
Пысықтау сұрақтары:
Некроз түрлері, себептері
Гангрена кезінде фельдшер көмегі
Темекі шегу қандай тамыр ауруына шалдықтырады.
Ойық жараға жағылатын май дәріге рецепт жазу.
Егер науқастың сирағына гипс «етік» таңғышын таңған соң башпайлары көгеріп, ісініп, ауыра бастаса, қандай көмек көрсетесің?
Сирақ веналары тромбозымен ауыратын науқастың сирағы ісініп, қатты ауыра бастады, терісі күлбіреп, көгере бастады, некроз басталды. Тізе асты артериясының тромбозы деп болжама диагноз қойдың. Қандай көмек көрсетесің.?