Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Десмургия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
783.15 Кб
Скачать

Десмургия

Сұрақтар:

  1. Орта буын медицина қызметкері жұмысындағы таңғыш байлау.

  2. Таңғыш туралы түсінік, түрлері.

  3. Таңғыш байлау түрлері.

  4. Тасымалдау иммобилизациясы, тасымалдау түрлері, ережелері.

  5. Тасымалдау кезіндегі науқастың жағдайы.

  6. Таңу ережесі.

  7. Гипс таңғыштар, түрлері, салу ережелері, асқынуы.

  8. Емдеу шиналары, пайдаланылуы.

Десмургия- таңғыш байлау және қолдану турады ілім. Таңғыш- адам денесіне емдік мақсатта таңылған материал. Таңғыштар адамның жарасын, сынықты т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Әрбір орта буын медицина қызметкері таңудың түрлерін білуі керек, кез келген уақытта, кез келген жерде, жағдайда дереу көмек көрсетіп, қан тоқтатып, жараны байлау үшін таңғышты қолдана білуі тиіс.

Таңғыш жасалған материалына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай:

  • Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды.

  • Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.

  • Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.

  • Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады.

  • Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.

  • Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.

Таңғыш ретінде дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс, металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.

Жұмсақ таңғыштар: бинт, үшбұрыш орамал, клей, праща, эластик, торлы түтікше. Қатты таңғыштар: шина, гипс, пластмасса, клеол, желім.

Жұмсақ таңғыштар 2 бөліктен тұрады:

  • жараны жабатын стерильді салфетка.

оны бекітетін таңғыш материал.

Көбіне таңғыш ретінде бинтті пайдаланады. Оның спиральді, орап байлау, жорғалата байлау, 8-тәрізді байлау, айқастырып байлау т.б. түрлері бар.

Үшбұрыш (косынка) орамал- бас, аяқ, қол жарақаттанған кезде таңылады. Праща- бастың шығыңқы тұстарына: мұрын, иек, маңдай, желке тұсқа салынады. Жеке таңу пакеті (ИПП)- дайын стерильді пакетке салынған бинт, 2 жұмсақ уыс мақтасы бар, пакет іш жағынан резинамен тысталған. Бинт, бір уыс мақта аралас сырылған 2 бөлігі жараны жабуға, сыртқы тысы кеуде жарасын бітеуге қолданылады. Клейлі (желімді) таңғыш – жараны инфекциядан қорғау үшін таңылады. Салфетканы жараға клейлі таңғышпен желімдеп бекітуге болады.

Кейбір науқастарды сүйегі сынып, буыны шыққан кезде тасымалдау кезінде жарақат алған жерін қозғалтпайтын ету керек. Ол үшін иммобилизациялық тасымалдау шиналарын пайдаланады. Мұндай адамды фельдшер жалғыз не екі адам болып, үш адам болып қолмен тасымалдауға болады. немесе коляскамен, каталкамен, зембілмен тасымалдауға болады. қандай әдіспен тасымалдаса да мына ережелер сақталуы керек:

  1. Шина оқиға болған жерде санылады. Әуелі жарасы таңылып, содан кейін шина салынуы керек.

  2. Шина зақымдалған тұстағы көрші 3 буынды, кем дегенде 2 буынды бекітуі тиіс. Тоқпан жілік сынғанда және ортан жілік сынғанда міндетті түрде көрші 3 буын бекітіледі.

  3. Науқасты өте ақырын тасымалдау керек.

Суретте иық сүйегі сынған кезде Крамер шинасымен тасымалдау иммобилизациясын жасау: а —шинаны әзірлеу; б—таңу.

5. Науқасты шина салып, тасымалдаған кезде қай жері ауыратынына байланысты түрлі жағдайда жатқызады:

  • Басы зақымдалса- басын жұмсақ дөңгелекке жатқызып, қырын қаратады. Басын мойынға салынған Шанц шинасы көмегімен де, зембілге таңып та бекітуге болады. Науқасты жатқызып тасымалдайды.

  • Трахея, өңеш жарақаттанғанда мойнын таңып, басын алға иеді, шалқайтып отырғызып тасымалдайды. Мойны жарақаттанғанда Шанц шинасымен мойнын орап бекітеді.Ол басын тіреп, қозғалтпайтындай болуы керек.

Немесе тақтайға басын, мойнын, кеудесінің жоғарғы жағын жатқызып, байлап бекітеді. Жатқызып тасымалдайды.

  • Кеудеде қабырғалар, төс сынғанда, кеуде органдары жарақаттанғанда жарасын байлап, шалқайтып отырғызып тасымалдайды.

  • Іш органдары ауырғанда жатқызып, басына көпшік салып, тізесін сәл бүгіп тасымалдайды.

  • Омыртқалар жарақаттанған кезде науқасты қатты зембілге жатқызады, бел астына кішкентай көпшік салып, тізесінің астына валик салып, науқасты зембілге таңып тастайды немесе зембілге етпетінен жатқызады.

  • Жауырын, бұғана, қол сүйектері зақымданған кезде қолды шынтақтан бүгіп, денеге келтіріп, мойнына асып қояды.

  • Жамбас сүйек сынғанда қатты зембілге жатқызып, тізелерін сәл бүгіп, тізе астына биік валик салады, екі аяғын екі жаққа қарай алшақтатып, науқасты зембілге таңып қояды, басына көпшік салады.

  • Аяғына зақым келсе, Дитерихс, Крамер шинасын таңып, ауыратын аяғын жоғары көтеріңкі қылып зембілге жатқызып тасымалдайды.

Транспорттық (тасымалдайтын) Дитерихс, Крамер шиналарын т.б. шиналарды пайдаланып боған соң түзетіп дезинфекциялайды.

6.Таңу ережелері:

  1. Таңылатын бөлік қол жететіндей және физиологиялық жағдайда болуы керек.

  2. Таңғанда науқастың бет-әлпетіне қарап, ауырсынбай ма соны бақылап отырады.

  3. Бинтті солдан оңға, шеттен ортаға қарай орайды.

  4. Бір қолмен бинтті жазып, бір қолмен оны түзеп жатқызады.

7. Гипс таңғыш- тез қататын, емдеуге қолданылатын таңғыш. Гипс ұнтағы мен бинттен жасалынады.

Гипс- сұр түсті сульфат кальций ұнтағы, сумен араластырған кезде тез қатады. Оны гипс таңу кабинетінде дайындап таңады. Гипс таңғыш түрлері: 1.бітеу, 2 алмалы-салмалы (лонгета). 3. «етік». 4 «жаға». 5. «корсет». 6 «коксит». 7. «кроватка». 8. «тутор» және т.б.

Гипс таңғышы салынатын бөлік физиологиялық ұтымды жағдайға келтіріліп, 2 көрші буын бекітіліп, шошайған сүйек тұстарына бір уыс мақта салынады. Тері мен гисп бинті арасына гипс күйігінен сақтау үшін бір қабат мата төсейді. Бір сағат бойы гипс салынған адамды қадағалап, таңғыш қыспай ма, еті көгеріп, ісіп, ауырмай ма, соны сұрап тұру керек.

Фельдшер медпункт жағдайында амбулаториялық науқасқа тек лонгета сала алады. Егер гипс таңғышы қысып тұрса, оны кесіп, босатып қайта салады.

Салынған гипс таңғышына травма алған уақыты, гипс салынған уақыт, шамамен гипсті шешетін уақыт қарындашпен белгіленеді.

Ауруханада емделіп жатқан травмалық науқастарға неше түрлі емдік шиналар салады. Олар Илизаров, Белер, ЦИТО шианалары және т.б. шиналар. Оларды сынған бөлікті иммобилизация үшін таңып, сынық бітіскен соң алып тастайды.

Пысықтау сұрақтары:

1. Қандай таңғыш түрлері болады.

2. Таңу ережелері қандай.

3. Шиналар, таңу ережелері

4. Тасымалдау ережесі.

Жаралар

Сұрақтар:

  1. Жаралар, жіктелімі, түрлері.

  2. Жаралардың клиникасы.

  3. Жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету.

  4. Жаралыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

  5. Жара процесінің фазалары.

  6. Жараның жазылу түрлері

  7. Операциялық жараны емдеу.

  8. Жараның іріңдеу белгілері, іріңді жараны емдеу.

Тері мен кілегей қабықтардың бүтіндігі бұзылуы (жарақаттануын) жара (жарақат) деп атайды.

1. Жара жіктелімі. Жарақаттану себебіне қарай - операциялық және кездейсоқ жара болады.

Инфекция түсуіне байланысты – асептикалық (операциялық) және

инфекцияланған жара болады.

Қуыстарға қатысты – қуысқа тесіп өткен және тесіп өтпеген жара болады.

Жаралаған затына байланысты:

Тесілген жаралар - тескіш заттардан болады (біз, шеге, қанжар, пышақ).

Соғылған (ұрылған) жара – добал заттардан (ағаш, тас, резин таяқ т.б.)

Шабылған жара – шапқыш заттардан (қылыш, орақ, балта, күрек т.б.)

Жыртылған жара – жұмыс істеп тұрған механизмдерден болады (ет тартқыш, орақ).

Сылынған жара - жараның беткі қабаты парақ тәрізді ажырап қалады, бірақ тканьге ілініп тұрған сылынған жара бетін орнына қойып тіксе, жазылады.

Қабылған, тістелген жара - жан-жануардың тісінен болады, құтырумен асқынуы мүмкін.

Ату (оқ-дәріден) жарасы- ату құралынан, жарықшақтардан болады, жара бітеу, жанама тесіп өткен болуы, яғни, екі ауызы бар болуы мүмкін.

  1. Клиникалық белгілері: ауырсыну - нерв рецепторларының зақымдануына байланысты. Ауыз қуысындағы, саусақ басындағы, шап аралығындағы жаралар жанға қатты батады. Қан кету- жарадан кеткен қан жарақаттанған тамырларға байланысты. Гемофилия, тромбоцитопения ауруымен ауыратын науқастардың жарасынан қан тыйылмай, көп кетеді. Жараның ауызының ашылып тұруы – жарақаттаған затқа, Лангер линиясына қатысты, егер эластик талшықтарға көлденең болса, жараның аузы кең ашылып тұрады. Осы белгілерден жараланған мүше функциясы бұзылады. Жарадан науқастың жалпы жағдайы өзгеруі мүмкін: шок, есінен тану, өлім қалі, анемия, іріңдеу т.б. болуы мүмкін

  2. Жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету

  1. ауырсынуын басу үшін анальгетиктер егеді.

  2. Қанын тоқтатады (әдістерін еске түсіру).

  3. Жараның айналасын спиртпен 2 рет дезинфекциялап, бос жатқан бөтен заттарын алып, антисептикалық дәрілермен жуады (егер стерильді жағдай «таза» жараны таңу кабинетінде болса). Егер жарада қатты, тығыз тұрған бөгде зат болса, оларды суырып алуға болмайды. Жараның бетіне май, ұнтақ дәрі, мақта салуға болмайды. Жараны стерильді салфеткамен жабады, таңады.

  4. Иммобилизация- жараланған мүшені қозғалтпайтындай қылып, шина таңып бекітеді.

  5. Дәрігерге жолдайды. Жағдайы ауыр болса, зембілге салып ауруханаға жеткізеді.

Бас жарасының ерекшелігі- өте көп қанайды, себебі құйқада қан тамыры өте көп дамыған. Бұл жаралар тез жазылады, әрі тез инфекцияланады, әрі жұмсақ тканьдер астындағы бас сүйегі жұқа болғандықтан сүйек зақымдануы мүмкін, сондықтан басында жарасы бар науқастарды дәрігер- хирургке көрсету міндетті. Кеуде жарасының ерекшелігі плевра қуысына тесіп өткен және тесіп өтпеген болуы мүмкін. Плевра қабығын тесіп өткен жара кезінде плевра қуысына ауа жиналады, бұл – пневмоторакс деп аталады, ал плевра қуысына қан жиналуы –гемоторакс деп аталады. Мұндай жаралар кезінде пневмоторакс ауырламас үшін науқастың жарасына окклюзиялық (герметикалық) таңғыш таңады. Жара іш қуысына тесіп өткен болса, жарадан іш қуысының органдары шығып қалуы мүмкін. Науқаста травмалық шок болуы мүмкін. Мұндай жарадан шығып қалған ішкі органдарды (шектерін, шарбы майын) іш қуысына қайта салуға болмайды. Оларды ылғал салфеткамен жауып, қалың орап, таңады. Шокқа қарсы шара жасайды. Науқасты зембілмен дәрігерге жеткізеді.

4. Жаралыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету .

Дәрігер травмпункттің (емхананың) таңу кабинетінде науқастың жарасына анестезия жасап, стерильді инструменттермен ревизия жасайды. Дәрігер жараны кеңейтіп тіліп, бөгде заттарын, ұйыған қанын алып тастайды, сынған сүйектері болса, сынықтарын орнына келістіреді. Жараның шетіндегі, түбіндегі некроздық тканьдерін сылып алып тастайды да жараға тігіс салады немесе дренаждайды. Науқасқа сіреспеге қарсы сарысу егеді. Бұл- жараны алғашқы хирургиялық өңдеу деп аталатын операция. Шок, анемия, коллапс, іріңді қабыну кезінде жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынбайды. Осы жағдайдан шыққасын ғана тігіс салуға болады.

5.Жара фазалары.

  1. Гидратация фазасы- тамырлары жарақаттанғаннан кейін қан, лимфа жараға жиналып, зат алмасуда бөлінген қышқылдар жиналып, жара суланады. Айналасы қызарып, ісініп, қызулап ауырады. Тек асептикалық жараларда бұл қабыну процесі білінбей өтеді. Егер жара іріңді болса, бұл фазада ірің көп мөлшерде шығуы мүмкін. Бұл фазада ылғал шығу үшін жараны дренаждау, жиі жуып, таңу қолданылады. Жараға кварц сәулесін береді.

  2. Дегидратация фазасы – жарада қайта жазылу процесі жүреді. Жаңа ткань- грануляция өсіп, жараның қуысы толысып, жабыла бастайды. Бұл фазада майлы таңғыш, жылу процедуралары тағайындалады.

  3. Эпителизация және тыртық түзілу фазасы кезінде жара орыны тыртық болып бітеді, қышиды. Тарататын ем-жылу процедуралары (УВЧ, соллюкс, парафин т.б. ), тыртықты тарататын дәрілер-алоэ экстракті, лидаза т.б. иньекциялары беріледі.

  1. Жараның жазылу түрлері.Жара жазылуының үш түрі бар: бірінші беттесіп жазылу- «таза» жараның шетін беттестіріп, тіксе, 7-8 күннен кейін жазылады.

Екінші рет беттесіп жазылуы- жара үлкен, іріңді болса, жазылуы ұзаққа созылып кетеді. Ол үлкен тыртық болып жазылады.

Үшінші түрі - қабыршақ астында жазылуы- жеңіл жара, сызаттардың бетіне шыққан қан, лимфа тамшылары қатып қоңыр қабыршақ пайда болады. Ол биологиялық таңғыш ретінде жараны іріңдеуден қорғайды. Эпителий өскеннен кейін қабыршақ өзі түсіп қалады.

7. Операциялық жараны емдеу. Жараға асептикалық тігіс салынғаннан кейін жараны күн ара таңып тұрады. Тігістерін спирпен сүртіп, стерильді салфеткасын ауыстырып тұрады. Тігістің айналасын, бөлінген сұйықтың қандай түсті, қанша екенін қадағалайды. Егер іріңдемесе, 7-8 күннен кейін тіккен жіпті алып тыртықты бриллиант жасылымен сүртіп қояды. Іш қуысына жасалған операция жарасынан тігіс алынған соң науқастан 2 сағат қимылсыз жата тұруын сұрайды.

  1. Жараның іріңдеу белгілері, іріңді жараны емдеу.

Жара іріңдеуінің жергілікті белгілері: жараның тұсы солқылдап ауырады, айналасы қызарып іседі, жергілікті қызу көтеріледі. Жалпы белгілері: дене қызуы көтеріледі, тамаққа тәбеті болмайды, әлсіздік, ұйқысы қашу байқалады. Іріңдеген мүше жұмысы бұзылады.

Емдеуі : дәрігер тігулі жараның тігістерін алып, ауызын кеңірек ашады. Іріңін жуып тазартады, дренаждайды. Жараға кварц сәулесін тағайындайды, антибиотиктер, ферменттер тағайындайды, дезинтоксикациялық сұйықтар құяды, антистафилококтік гамма-глобулин, анатоксин егеді. Іріңді жараны күн сайын жуып, таңады. Іріңінен тазарған соң майлы таңғыш салады. Тыртығы тарауы үшін физиотерапиялық ем береді. Мұндай жара екінші рет беттесіп жазылады.

Жара асқынулары: ішкі органдар жарақаттануы, қан кету, шок, есінен тану, анемия, іріңдеу, сіреспе, газды гангрена, құтырма ауруы жұғуы, өлім және т.б.

Мына сұрақтарға жауап бер:

  1. Жаралар, түрлері.

  2. Жаралардың клиникасы.

  1. Жаралыға алғашқы медициналық көмек, алғашқы дәрігерлік көмек.

  2. Жара процесінің фазалары.

  3. Жараның жазылу түрлері

  4. Операциялық жараны емдеу.

  5. Жараның іріңдеу белгілері, іріңді жараны емдеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]