Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_MR_PZ_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

Диагностика және амбулаторлы-емханалық көмек

Науқасты толық сұрастыру, «үрейлі симптомдардың» анықталуы, ауру тарихының анализі, тұқымқуалаушылығы, науқасты қарап тексеру.

«Гастрит» диагнозы – морфологиялық диагноз.Сиднейлік жүйеге сәйкес асқазанның шырышты қабатының жағдайын интерпретациялау үшін минимум 5 биоптат қажет: 2-антральды бөліктен2-3 см арақашықтықта привратниктен кіші және үлкен иін бойымен, 2-асқазан денесіне 8 см арақашықтықта кардиядан үлкен және кіші иін бойымен, 1-асқазан бұрышынан.

Міндетті лабораториялық зерттеулер

  • ЖҚА, ЖЗА;

  • нәжісті жасырын қанға зерттеу;

  • биоптатты цитологиялық зерттеу;

  • H.pylori-ға 2 тест;

  • Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок, және белоктық фракциялар,аминотрансферазалар.

Міндетті инструменталдық зерттеулер

  • мақсатты биопсиялы эзофагогастродуоденоскопия және цитологиялық зерттеу;

  • құрсақ қуысы органдарының УДЗ (бауыр, өт жолдары, ұйқы безі);

Қосымша зерттеулер және специалисттердің консультациясы көрсеткіштер бойынша.

Диагноздың формулировкасы

  1. Созылмалы гастриттің типі бойынша (модифицирленген Сиднейлік жүйеге сәйкес,1996 ж.):

  • атрофиялық емес (антральды);

  • атрофиялық (асқазанның денесі);

  • ерекше формалары: химиялық, радиациялық, лимфоцитарлы, инфекциялық емес, гранулематозды, эозинофилді, басқа инфекциялық.

  1. Этиологиясы бойынша (модифицирленген Сиднейлік жүйеге сәйкес,1996 ж.):

  • хеликобактерлы,

  • аутоиммунды,

  • аллергиялық,

  • дәрілік,

  • химиялық,

  • сәулелік,

  • инфекциялық жәнк т.б.

  1. Локализациясы бойынша:

  • фундальды,

  • антральды,

  • пангастрит.

4.1. Морфологиялық көрінісіне байланысты:

  • атрофиялық емес;

  • атрофиялық (әлсіз, аз ғана, айқын).

4.2. Созылмалы қабынудың айқындылық дәрежесіне байланысты:

  • әлсіз;

  • аз ғана;

  • айқын.

4.4. Ішектік метаплазияның айқындылығына байланысты: әлсіз, аз ғана, айқын;

сонымен бірге ішектік метаплазия сапалы бағалануы қажет,яғни метаплазияның типін – жіңішке ішектік, жуан ішектік көрсету керек.

4.5. Көбею дәрежесіне байланысты: әлсіз,аз ғана,айқын.

5. Асқазанның секреторлық функциясына байланысты:

  • асқазанның секреторлық фукциясының жоғарылауы;

  • қалыпты секреторлық функциясы;

  • секреторлық жетіспеушілік.

Науқастың өзінің қатысуымен ем шаралары амбулаторлы-емханалы жағдайда жүргізілуі тиіс (салауатты өмір салты мен тамақтану режимі)

Созылмалы гастриттің амбулаторлы-емханалық емі

Созылмалы гастритті емдеудің мақсаты толық ремиссияға жету.

1. Диетотерапия. «Диетаның химиялық және механикалық аялау варианты»

ұсынылған. Тағамдар буға,суға піскен.

2. Медикаментозды ем. Схемалар:

  1. Пилорид (ранитидин) 400 мг күніне 2 рет калацидпен 250мг күніне 2 рет;

  2. Фамотидин (гастросидин,квамател) 20 мг күніне 2 рет де-ноломмен бірге 240 мг күніне 1 рет.

  3. Амоксициллин 1000 мг күніне 2 рет метронидазолмен 500 мг күніне 2 рет. Кларитромицин мен метронидазолды бір уақытта қолдану қажет емес.

  4. Симптоматикалық ем: қармап алушы (маалокс, гастол, фосфалюгель);

Ферментті препараттар (мезим-форте, креон, фестал);

Прокинетиктер (домперидон, метоклопрамид 10 мг күніне 3 рет тамақтың алдында);

  1. Физиотерапия. Таңдамалы:

  • дәрілік заттардың электрофорезі (платифиллин, папаверин) антисекреторлы және ауру сезімін басатын әсер береді, 10 процедура күнделікті;

  • динамикалық Бернар токтары курсы 10-12 процедура, күн сайын;

  • ультрадыбыстық терапия 10 процедура, күн ара.