- •051301 – Жалпы медицина мамандығы бойынша «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы 2013
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.)
- •«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы» тақырыпқа 5 курс студенттерге арналған тесстік тапсырмалар:
- •«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы» тақырыпқа 5 курс студенттерге арналған тесстік тапсырмалар:
- •Ақпараттық блок асқазан-өңештік рефлюксті ауру
- •Өңештік (эзофагиалды) көріністер:
- •Өңештен тыс көріністер:
- •Аөра және рефлюкс-эзофагиті бар науқастарды амбулаторлы-емханалық емдеу
- •Созылмалы гастрит
- •Диагностика және амбулаторлы-емханалық көмек
- •Диагноздың формулировкасы
- •Созылмалы гастриттің амбулаторлы-емханалық емі
- •Аутоиммунды гастриттің дамуына алып келетін факторларды жою
- •Госпитализацияға көрсеткіштер
- •Еңбекке жарамдық экспертизасы
- •Диспансеризация
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ойық жара ауруы
Ақпараттық блок асқазан-өңештік рефлюксті ауру
Асқазан-өңештік рефлюксті ауру (АӨРА )асқазан ішіндегі заттың өңешке патологиялық түрде лақтырылуымен сипатталатын және осының әсерінен жиі рецидив беретін ауру. АӨРА (эзофагоспазммен, функционалды диспсиямен, он екі елі ішектің, өт шығару жолдарының дискинезиясымен, тітіркенген ішек синдромымен бір қатарда) патогенезінде асқазан ішек жолының моторикасының бұзылуымен жүретін аурулар тобына кіреді.
Қалыпты жағдайда өңештің үштен бір төменгі бөлігінде рН 6,0 құрайды (өңештік рН-метрияда тіркеледі). Рефлюкстің пайда болғанын рН < 4,0 (қышқылды рефлюкс) немесе рН > 7,0 (негіздік, неемесе өттік рефлюкс) көрсетеді. Асқазан-өңештік рефлюкс физиологиялық құбылыс ретінде болуы мүмкін, оны дені сау адамдарда да тіркейді, әсіресе күндізгі уақытта тамақтан кейін немесе тамақты қабылдау арасында және сирек түнгі уақытта (горизонталды қалыпта). Физиологиялық рефлюкстегі уақыт өңештегң көрсеткіш рН < 4,0 жалпы өңештік рН-метриялық уақыттан 5 % артық құрамайды. Кейбір авторлар осы зерттеудің қалыпты көрсеткіштерінің критерийлерін басқаша формулировка жасайды, физиологиялық жағдайда тәулік бойына ұзақтығы 5 минуттан аспайтын және 2-ден артық емес рефлюкс эпизодтарын байқауға болады.
Этиология және патогенезі
Төменгі эзофагеалды сфинктер негізгі қорғаушы механизмі болып табылады. Оның қызметі бұзылғанда АӨРА дамуына алып келеді. Сифнктер қызметтің бұзылуы базалды жағдайларда оның гипотониясымен немесе спонтанды релаксацияның ұзақтығының жиілуі және жоғарлауымен байланысты болады.
Базалды жағдайларда өңеш төменгі сфинктерінің гипотониясына алып келетін себептер:
Кофеин бар заттарды (кофе, шай, кока-кола), препараттарды (цитрамон, кофетамин) қабылдау
Мятаны қолдану
Төменгі өңештің сфинктердің тонусын төмендететін медикаменттерді қолдану (кальци антагонистері, папаверин, но-шпа, нитраттар, баралгин, холинолитиктер, теофиллин және т.б.)
Кезбе жүйкені зақымдану (вагустық нейропатия қант диабеті кезінде)
Темек тарту
Алкогольді қабылдау (тек қана төменгі сфинктердің тонусы төмендемейді, сонымен бірге алкогольдің өзі өңеш кілегей қабатына және сфинктеріне әсер етеді)
Жүктілік (гормон факторлардың әсері – жоғары эстрогенемия және прогестеринемия; сонымен бірге жүктілік кезінде құрсақішілік қысымның жоғарлауы)
Өңештің төменгі сфинктердің спонтанды релаксацияның жиілуіне алып келетін себептер:
Өңеш перистальтикасының бұзылуы
Жүйелі склеродермия
Диафрагмалды грыжа
Тез және көпмөлшерде тамақ ішу, бұл кезде ауа көп мөлшерде жұтылып, асқазан ішілік қысымды жоғарлатады, өңештің төменгі сфинктері босаңсып асқазаннан өңешке қарай кері қайтуы
Метеоризм
Ойық-жара ауруы
Себебі әртүрлі дуоденостаз
Майлы ет, шошқа майы, ұн өнімдерін, ащы қоспаларды, қуырылған тамақты көп мөлшерде жеу
Айтылған этиологиялық факторлар асқазандағы затын өңешке лақтыруын шақырады, оның құрамында агрессивті факторлар бар, олар өңештің кілігей қабатына зақым келтіру мүмкін.
АӨРА-ң дамуында патологиялық факторлардың комплексі қатысады:
антирефлюкстік барьердің фукциясының міндетті түрде төмендеуі (өңештің төменгі бөлігіндегі сфинктердің қысымының төмендеуі, спонтанды әлсіреу эпизодтары санының жоғарылауы);
өңеш клиренсінің төмендеуі (химиялық – нейтралдайтын биологиялық сұйықтықтардың-сілекейдің және шырыштың бикарбонаттарының продукциясының төмендеуінің әсерінен; механикалық - өңетің кеуделік бөлігінің перистальтикалық активтілігі мен тонусының төмендеуінің әсерінен);
рефлюктаттың агрессивті құрамы (асқазан сөлі, әсіресе тұз қышқылының гиперсекрециясы кезінде; негіздік сұйықтықтар - өт, панкреатикалық сөл);
өңетің ткандік резистеттігінің төмендеуі (оның функционалдық және структуралық бүтіндігінің, қанайналымының бұзылысы).
Негізгі антирефлюкстік механизмге өңешішілік қысымның асқазанішілік қысымға
оптималді қатынасы 1-ден жоғары деңгейде боса («кардияның тұрақтылығы»), төменгі өңетік сфинктердің қысымы және өңештің іштік бөлігінің анатомиялық конфигурациясы жатады. «Жапқыш» антирефлюкстік барьердің құралуына төменгі өңештік сфинктердің тегіс салалы бұлшықеттерініен басқа диафрагманың өңештік саңылауының аяқшалары мен Гис бұрышы жатады. Антирефлюкстік механизмдердің біріншілік және екіншлік тұрақсыздығын ажыратады.
Өңештік клиренс мынадан құралады:
қалыпты эзофагиалды перистальтикадан;
сілекей бездерінің қалыпты секреторлық функциясынан. Өңеш үздіксіз сілекейді жұту арқылы тазаланып отырады (тәулігіне 1,5 л дейін), оның құрамында шырыш бар және ол нейтралды реакциялы;
тамақ пен сұйықтықты қабылдаудан;
өңеш шырыш асты бездердің қалыпты функциясынан;
ауырлық күшінен (өңештің тазалануы вертикалді қалыпта жақсарады).
АӨРА кезінде асқазан құрамындағы агрессивті факторлардың өңештің шырышты
қабатымен ұзақ уақыт контактіде болуы, өңетік клиренс активтігінің төмендеуі және оның уақытының ұзаруы байқалады.
Клиникасы.
Клиникалық көрінісінде АӨРА-ң «өңештен тыс» белгілерін бөліп қарастыратын болды. Асқазан-өңештік рефлюкс маңызды, ал кейде рецидив беруші пневмонияның, созылмалы бронхиттің, бронхообструктивті синдромның, пароксизмалді түнгі апноэның, рефлюксті ларингиттің және фарингиттің, тістердің зақымдануының патогенезінде анықтаушы рөлді атқарады. АӨРА экстрасистолияның және өткізгіштіктің бұзылуының пайда болуына алып келеді. Өңештен тыс белгілер эндоскопиялық негативті ағымда да орын алуы мүмкін.
