
- •051301 – Жалпы медицина мамандығы бойынша «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы 2013
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.)
- •«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы» тақырыпқа 5 курс студенттерге арналған тесстік тапсырмалар:
- •«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы» тақырыпқа 5 курс студенттерге арналған тесстік тапсырмалар:
- •Ақпараттық блок асқазан-өңештік рефлюксті ауру
- •Өңештік (эзофагиалды) көріністер:
- •Өңештен тыс көріністер:
- •Аөра және рефлюкс-эзофагиті бар науқастарды амбулаторлы-емханалық емдеу
- •Созылмалы гастрит
- •Диагностика және амбулаторлы-емханалық көмек
- •Диагноздың формулировкасы
- •Созылмалы гастриттің амбулаторлы-емханалық емі
- •Аутоиммунды гастриттің дамуына алып келетін факторларды жою
- •Госпитализацияға көрсеткіштер
- •Еңбекке жарамдық экспертизасы
- •Диспансеризация
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ойық жара ауруы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
АМБУЛАТОРЛЫ-ЕМХАНАЛЫҚ ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР |
Факультет: емдеу
Кафедра: Амбулаторлы-емханалық терапия
051301 – Жалпы медицина мамандығы бойынша «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
Блок №3 «Гастроэнтерология және гематология»
Тақырыбы: «Жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы. Ішектік диспепсия синдромы. Гастроэзофагиальді рефлюксті ауру. Созылмалы гастрит. Ішектік тітіркену синдромы.»
Курс: 5
Семестр: IX- X
Құрастырған:
ассистент Бижанова М.П
Алматы 2013
Әдістемелік ұсыныстар кафедра отырысында талқыланған
Хаттама №___ _____________ 2013 ж.
«Бекітілген»,
Кафедра меңгеруші, м.ғ.д., профессор ________________ Исаева Б.Г.
1. Тақырыбы: «Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы асқазан диспепсия синдромы»
2. Мақсаты: Жалпы тәжірибедегі дәрігердің (ЖТД) жұмысындағы асқазан диспепсия синдромымен жүретін ауруларды алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудің, және динамикада бақылаудың жалпы принциптерге үйрету.
3. Оқыту міндеттері:
алғашқы медициналық-санитарлы көмек көрсету (АМСК) орындарда халыққа медициналық көмекті көрсету үшін асқазан диспепсия синдромы кезінде емдеу-диагностиканың негіздеріне, әдістерге, араласуларға студенттерді үйрету;
қарап тексеру, диагностикалық критерийлерін шығарып бөлу, дифференциалды диагностикасын жасау, зерттеу бағдарламасын құрастыру, дәлелді медицинаға сүйене отырып және жасқа байланысты ерекшеліктерді ескере отырып емдеу бағдарламасын құрастыру сияқты дағдыларды қалыптастыру;
асқазан диспепсия синдромы кезінде амбулаторлық жағдайларда динамикалық бақылап тұру, дәрігерлік-еңбектік экспертизаның принциптеріне, адамның және жанұяның сау өмір қалпын жүргізудің негізгі принциптеріне студенттерді үйрету;
дәрігер мен науқастың, оның жанұяның арасындағы қарым-қатынастың және бір-бірінді түсінудің маңыздылығын түсіну, конфеденциалдылық принциптерін сақтау;
денсаулық сақтау саладағы құқықтары мен міндеттері және олармен қамтамасыз ету гарантиялар туралы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі мінездеме туралы, денсаулық сақтау саладағы нормативті-құқықтық және заңды құжаттар туралы білімді қалыптастыру;
студенттер басқаларды үйретіп, өз білімін және дағдыларды нығайту қабілетін, оқу құралдарды, ғылыми және нормативті құжаттарды тауып, солармен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру.