
- •1. Бөлім №2 «Пульмонология, нефрология»
- •3. Оқып үйрету міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту, үйрету әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау (сұрақтар, тестері, есептер)
- •Тақырыбы бойынша тест сұрақтары
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Амбулаторлы-емханалық терапия Кафедрасы ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР |
Факультет: жалпы медицина
Кафедра:«Амбулаторлы-емханалық терапия»
1.4. Жалпы тәжірибе дәрігері үшін: - 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша
тәжірибелік сабақтың
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Бөлім №2 «Пульмонология, нефрология»
Тақырыбы: Бронхобструкциялық синдромы - жалпы тәжірибе дәрігердің жұмысында
Курс:V
Семестр – IX - X
Құрастырған:
Ассистент Аманжолова А.С.
Алматы 2013
Кафедра отырысында талқыланды,
№ хаттама ______ 2013 г.
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор _____________________Исаева Б.Г.
1. Бөлім №2 «Пульмонология, нефрология»
Тақырыбы: Бронхобструкциялық синдромы - жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысында
2. Мақсаты:Амбулаторно – емханалық жағдайда жалпы дәрігерлік тәжірибесінде бронхобструкциялық синдромын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша студенттердің білімін жүйелеу және бейімдеу.
3. Оқып үйрету міндеттері:
Когнитивті компонент (білімі):
Бронхобструкциялық синдромы бойынша білімдерін құрастыру: эпидемиологиясы, сақтандырудың жалпы принциптері, қазіргі заманға сай топтастыру, диагностика әдістері, амбулаторлы – емханалық жағдайда бронхобструкциялық синдромы бар науқасты емдеу және динамикалық бақылау, жүктілерде, балаларда, жасөспірімдерде, егде және қарт науқастардағы аурудың ағым ерекшеліктері; стационарға, күндізгі стационарға госпитализациялау көрсеткіштері, бронхобструкциялық синдромын емдеу үшін қолданылатын дәрілік зат препараттары, еңбекке жарамдылық экспертизаларды және әлеуметтік белгілерді білу; динамикалық бақылаудың негізгі принциптері, санаторлы - курорттық ем, реабилитациялық бағдарлама. Алынған білімдердің негізінде студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту.
Операциональді компонент (кәсіптік дағдылар):
Іскерліктерді құрастыру :
- емханалық қабылдауда бронхобструкциялық синдромымен ауру науқастың шағымдарын, өмір және ауру анамнезін жинау ;
- бронхобструкциялық синдромының диагностикаларын емханалық шартта алгоритммен меңгеру: ауруды физикалық тексеруден өткізу, клиникалық көрінісін және ерекшеліктерін сипаттау, алдын ала диагнозды қисынға келтіру;
- бронхобструкциялық синдромын диагнозы верификациясына арналған лабораторлы - аспаптық диагностикаға қажетті зерттеулері тағайындау;
- тар маманға кеңеске бағыттауын немесе күндізгі бөлімге жолдауды негіздеу;
- бронхобструкциялық синдромымен ауыратын науқасты емханалық басқару жоспарын дәлелді медицинаға сәйкес келтіріп жасау: жасына сай етіп емдеу тактикасын анықтау, физиологиялық күй-жағдайын, ілеспелі ауруларын анықтау, үйінде жалғыз тұратын науқастарға дәрігерлік көмекті ұйымдастыру, бронхобструкциялық синдромын қартайғанмен және мүгедектерге;
- динамикалық бақылау бағдарламасын реконвалесценттерге тағайындау;
- бронхобструкциялық синдромымен ауырған науқастарды санаторно - курорттық емдеуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер бойынша анықтау, санаторно - курорттық емдеуге науқастарды жолдауды жүргізе білу.
Дағдылардың құруы:
- қарау, пальпация, перкуссия және аускультация;
- күре тамырлық тамыр соғуын өлшеу және қысымын өлшеу;
- қалыпты ЭКГ тіркеуі және интерпритациясы;
- пикфлоуметрдің жүргізілуі және интерпритациясы;
- электрондық түрдегі ақпараттармен жұмыс істеу;
- ғылыми оқулықтармен және анықтамамен дербес жұмыс істеу
- рецепт жазу;
- бронхобструкциялық синдромымен ауыратын науқастарды уақытша еңбекке жарамсыздық құжаттарын толтыру;
- бронхобструкциялық синдромынмен ауыратын науқастардың асқынуының алдын алу, диспансеризация және шараларын өткізу, пневмониямен ауырған науқастардың реабилитациясы ;
- медициналық құжаттармен жұмыс істеу негіздерін игеру : науқастың емханалық картасы (ф. 025/у), науқастың статистикалық картасы (ф. 025-6/у-99), госпитальға бағыт (науқастың амбулаторлық картасынан көшірме - ф. 027/у), санаторно - курорттық карта (ф. 072/у);
Аксиологикалық компонент - қатынасты дағдылар: студенттердің кең ой-өрісін дамыту және қазіргі қоғамда жауаптылықты ұғындыру; қарым-қатынас мәдениетіне ие болу; оқытушылармен, курстастармен қарым-қатынастың негізгі үлгілерін игеруі, дәрігер мен пациенттің және оның жанұя мүшелерімен өзара түсіну маңыздылығын ұғыну, өзіне айтылатын қайшы ойларды қабылдауға қабілетті болу; кәсіпшілік қызмет айналасындағы мәселелерді дербес және нәтижелі шешу; кәсіпшілік құндылықтарды бағалау; альтруизм, қайғысына ортақтасу, жан ашу, жауаптылық, адалдық және жасырын принциптерді сақтау; пациентпен және оның туысқандарымен жақсы қарым қатынас орнату,
Заңға сүйенген компонент - «денсаулық қорғаушысы», оның ішінде заңдарды білу, құқық және міндет нормативті құжаттарды денсаулық сақтау аймағында қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының кодексінің негізгі қағидасы «Халық денсаулығы және денсаулық қорғау жүйесі».
Негізгі медициналық тұрғыдан алғанда науқас қажет деп таныған жағдайда науқасқа құқықтық көмек көрсету (дау-жанжалды жағдайлар, мүгедектік топтарына анықтама, жәрдемақылардың тағайындау және зейнетақылардың және д т); науқастың денсаулығын жақсарту жолында оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Өздігінен жетілуге толассыз оқу - даярлық және өздігінен дамуға; өз білімдер , е . т . өз бетімен білім алу жетілдіру:
- өз бетімен білім алу қосымша түрлерін меңгеру: ғылыми - клиникалық жұмысқа қатысу, курстық жұмыстарды жазып үйрену, мақалалар жазу, ғылыми студенттік мәслихаттарға, семинарларға қатысу
- ақпараттық материалды дербес іздеуді жүргізу;
- хабар электрондық сақтаушыларымен жұмыс істеу;
- ғылыми әдебиетпен, оқулық және мәліметпен дербес жалпы тәжірибелік дәрігермен жұмыс істеу