Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_MR_PZ_gos.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.78 Кб
Скачать

Артериальді гипертония кезінде жүрек қан тамыр асқынуларының қауіп қатер факторлары

Негізгі:

55 жастан жоғары ер адамдар;

65 жастан жоғары әйел адамдар;

Қандағы жалпы холестерин деңгейі > 6,5 ммоль/л, төменгі тығыздықтағы холестерин деңгейінің жоғарлауы (> 4,0 ммоль/л) және тығыздығы жоғары холестерин деңгейінің төмендеуі;

Ерте қан тамыр жүйесінің ауруларының анамнезінде болуы (әйелдерде < 65 жас, ерлер < 55 жас);

Абдоминалді семіздік (белдің көлемі ≥102 см ерлер үшін немесе ≥ 88 см әйелдер үшін);

Қанда С – реактивті белоктын деңгейі ≥1 мг/дл;

қант диабеті (аш қарынға глюкоза деңгейі > 7 ммоль/л).

Қосымша:

глюкозаға толерантылықтың бұзылуы;

төменгі физикалық активтілік;

фибриноген деңгейінің жоғарлауы.

Ескерту. Жалпы жүрек қан тамыр қауіп қатер факторлары тікелей толық науқасты клинико-инструментальді зерттеулерді өткізгеніне байланысты.

Артериальді гипертезияның салдары

Көптеген науқастарда артериальді гипертония ссимптомсыз өтеді. Егер, артериальді гипертонияны емдемесе, өмірге қауіпті асқынулар дамиды. Гипертониялық аурудың негізгі көрінісі нысана-ағзалардың зақымдалуы, оларға жатады:

  • жүрек (бұл термин сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы болып кездеседі);

  • бас ми (дисциркуляторлы энцефалопатия, геморрагиялық және ишемиялық инсульттер, транзиторлы ишемиялық атака);

  • бүйрек (нефросклероз, бүйрек жеткіліксіздігі);

  • тамырлар (қолқа аневризмасы).

Артериальді гипертензия кезіндегі асқынулар

Артериальді гипертонияның маңызды асқынуларына жатады

  • гипертониялық криздер,

  • ми қан айналым бұзылыстары (геморрагиялық немесе ишемиялық инсульттер),

  • миокард инфарктісі,

  • нефросклероз (біріншілік жиырылған бүйрек),

  • жүрек жеткіліксіздігі,

  • қолқа аневризмасы.

Гипертониялық криз

Гипертониялық криз – бұл кенеттен артериальді қан қысымының жоғарлауы, айқын ми, коронарлы, бүйрек қан айналымының бұзылыстарымен сипатталынады, яғни ауыр жүрек-қан тамыр асқынулар қауіпін жоғарлатады: инсульт, миокард инфарктісі, субарахноидальді қан құйылу, қолқа қабырғасының бөлінуі, өкпе ісінуі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Олар айқын психоэмоциональды күш түсіру, алкогольді эксцесстер, артериальді гипертонияны адекватты емес емдегенде, дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтатқанда, көп мөлшерде тұзды пайдаланғанда, метеорологиялық факторлар әсерінен пайда болады.

Криз кезінде қозу, мазасыздық, қорқу сезімі, тахикардия, ауа жеткіліксіздігі байқалады. Сондай-ақ “ішкі діріл”, суық тершендік, “қазы” терісі, қолдардың дірілдеуі, беттің қызаруы тән. Ми қан айналым бұзылыстары бастын айналуыменен, жүрек айнуымен, бір реттік құсымен байқалады. Сирек жағдайда аяқ-қолдарында әлсіздік, ерін және тілдін жансыздануы, сөйлеу бұзылыстары болады. Ауыр жағдайларда жүрек жеткіліксіздік белгілері байқалады (ентігуа, тұншығу), стабильді емес стенокардия (төс артындағы ауру сезімі) немесе басқада тамырлық асқынулар.

Ескерту. Гипертониялық криздер аурудың әр түрлі сатыларында дамуы мүмкін. Артериальді гипертониясы бар науқаста гипертониялық криздер қайталынса ол өткізілген терапияның адекватты еместігі туралы айтады.

Қатерлі артериальді гипертензия – бұл артериальді қан қысымының жоғары санымен, тез үдемелі түрде нысана ағзаларда (жүрек, бас ми, бүйрек, қолқа) органикалық өзгерістерімен сипатталынатын синдром және терапияға тұрақты. Қатерлі артериальді гипертония синдромы 0,5 -1,0% науқастарда дамиды, жиі 40 – 50 жастағы ер адамдарда.

Қатерлі артериальді гипертензия синдромының болжамы өте маңызды. Егер бір жыл ішінде адекватты ем болмаса 70–80% науқастар өліп кетеді. Өлімнің себептері болып геморрагиялық инсульт, созылмалы бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі, бөлінген қолқа аневризмасы болады. Қазіргі кездегі активті ем бірнеше рет осы категорияға жататын науқастардың өлімін азайтады. Нәтижесінде науқастардың жартысы 5 жылдай өмір сүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]