- •1.4. Әдістемелік нұсқаулар Мамандағы 051301 – Жалпы медицина «Жалпы тәжірибелік дәрігер» пәні бойынша, тәжірибелік сабақтар
- •1. Блок «Кардиология», тақырыбы 2: ждт артериальді гипертензия (аг). Ждт қан айналым жеткіліксіздігі
- •3. Оқудың мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту және сабақ беру әдістері (кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есебтер, парамен жұмыс істеу, презентация, кейс-стади және т.Б.)
- •6. Әдебиеттер
- •7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есебтер):
- •5 Курс студенттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы: «ждт тәжірибесіндегі артериальді гипертензия».
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •I вариант:
- •II вариант:
- •1 Есеб.
- •Информационді-дидактикалық блогы
- •Артериальді гипертензия
- •Артериальді қан қысымы
- •Артериальді қан қысымды қалай дұрыс өлшеу керек
- •Артериальді гипертонияның симптомдары
- •Артериальді гипертензияның қауіп қатер факторлары
- •Артериальді гипертензияның себептері
- •Артериальді гипертония кезінде жүрек қан тамыр асқынуларының қауіп қатер факторлары
- •Артериальді гипертезияның салдары
- •Артериальді гипертензия кезіндегі асқынулар
- •Гипертониялық криз
- •Артериальді гипертония кезіндегі зерттеулер
- •Артериальді гипертонияның сатылары
- •Артериальді гипертонияның емі
- •Артериальді гипертонияның терапияға тұрақтылығының (рефрактерлігі) себептері
- •Артериальді гипертония кезінде стационарға госпитализациялайтын жағдайлар
- •Артериальді гипертония кезіндегі жедел терапия
- •Артериальді гипертония кезіндегі мәэ медициналық критерийлері
- •Еңбекке қабілеттілігінің келу критерийлері
- •Уеж ориентирленген уақыты
- •Қарама қарсы еңбек түрлері және жағдайлары
- •Деэк (втэк) бағыттауға арналған негіздемелер
- •Жүрек жеткіліксіздігі
- •Жүрек жеткіліксіздігінің классификациясы
Информационді-дидактикалық блогы
Артериальді гипертония – бұл жүрек-қан тамыр жүйесінің ішінде ең кен тараған ауру. Яғни «гипертония» бұл артериальді қан қысымының тұрақты түрде жоғарлауы. Қан қысымы жоғарлайды, егер артериалар немесе олардың ұсақ қан тамырлары тарылса. Артериялар – негізгі транспортті магистраль болып табылады, солар арқылы қан ағзаның барлық тіңдеріне жеткізіледі. Кейбір адамдарда артериоларлар жиі тарылады, кейін олардың саңылаулары тұрақты түрде тарылып отырады, осының салдарынан қабырғалар қалыңдайды, яғни осы саңылаулардан қан өту үшін, жүректің жұмысы күшейе түседі және тамырларға қанның түсуі көп болады. Осындай адамдарда, жиі гипертония дамиды.
Біздін елімізде 40% жасы үлкен адамдарда артериальді қан қысымының деңгейі жоғары. Осындай ауру бар екенін 37% ерлер және 58% әйелдер біледі, солардың арасында тек 46% 22 емделеді. Өзінің қан қысымын тек 5,7% ерлер және 17,5% әйелдер бақылап отырады.
Артериальді гипертензия
Артериальді гипертензия бұл созылмалы ауру, тұрақты түрде қан қысымының жоғарлауыменен сипатталынады (систолалық қысым 139 мм рт.ст. жоғары немесе (және) диастолалық қан қысымы 89 мм рт.ст. жоғары).
Оң гипертониктің біреуінде қан қысымының жоғарлауы қандай да бір ағзаның зақымдалуыменен шақырылады. Осындай жағдайларда екіншілік немесе симптоматикалық гипертония туралы айтады. Науқастардың 90% біріншілік немесе эссенциальді гипертониямен аурады. Қан қысымының жоғарлауы - бұл дәрігермен 3 рет деңгейі 139/89 мм с. б. және одан да жоғары қан қысымының болуы, яғни қан қысымын төмендедетін препараттарды қабылдамаса.
Артериальді қан қысымы
Артериальді қан қысымының екі көрсеткішін ажыратады:
• систолалық артериальді қан қысымы (САҚҚ), немесе «жоғарғы» деп те аталады - артериялардағы қысымды көрсетеді, ол жүрек жиырылған кезде пайда болады және қан қан -тамыр жүйесінің артериальді бөлігіне түскенде;
• диастолалық артериальді қан қысымы (ДАҚҚ), немесе «төменгі» деп те аталады – жүрек әлсіреген кезде артериялардағы қысымды көрсетеді, бұл кезде келесі жиырылу алдында жүрек толады
Систолалық артериальді қан қысымы және диастолалық артериальді қан қысымы миллиметр сынап бағанасымен өлшенеді (мм сп. б.).
Артериальді қан қысымды қалай дұрыс өлшеу керек
Артериальді қан қысымды арнайы аппарат арқылы өлшеуге болады – оларды «тонометр» деп атайды. Артериальді қан қысымды үйде өлшеуде қосымша бағалы бағдарламаны алуға болады, науқас біріншілік қаралған болса, сондай-ақ кейінде емнің эффективтілігін бақылау үшін.
Артериальді қан қысымды үйде өлшеуде күнделікті өмірде әр түрлі күндері болалы. Егер науқас артериальді қан қысымын өзі өлшесе ол оны тәртіпке салып және емнің нәтижесін жақсартады. Артериальді қан қысымды науқас өзі өлшеген кездегі негізгі фактор ол өлшеу құралдарын дұрыс пайдалану болып табылады, олар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Артериальді қан қысымын өлшеген кезде құралдарды саусаққа орналастыруға болмайды. Автоматты электронды құралдарды пайдаланған кезде қатал түрде берілген кеңестерді сақтап отыру қажет.
Артериальді қан қысымын өлшеген кезде келесі ережелерді сақтау керек:
Жағдай. Қан қысымды өлшеу тыныш комфортті температурасы бар бөлмеде өту керек. Науқас арқасы бар орындықта отыру қажет столдың қасында. Столдың биіктігі артериальді қан қысымды өлшеген кезде манжетаның ортасында жүрек деңгейінде болу керек.
Қан қысымды өлшеу дайындық және демалу ұзақтығы. Артериальді қан қысымды 1-2 с тамақ қабылдағаннан кейін өлшеу керек. 1 с ішінде темекі тартуға және кофе ішуге болмайды. Киген киім қатты және тар болмау керек. Артериальді қан қысымды өлшейтін қол бос, жалаңаш болу керек. Өлшеу кезінде әңгімелесуге болмайды, өйткені ол қан қысымының деңгейіне әсер етеді. Артериальді қан қысымды 5 минут демалғаннан кейін өлшейді.
Манжетаның өлшемі. Манжетаның еңі дұрыс болу керек. Қысқа немесе тар манжетаны қолдану артериальді қан қысымның жалған жоғарлауын көрсетеді.
Манжетаның орналасуы. Иықтың орта деңгейінде саусақпен иық артериясының пульсациясын анықтау. Манжета баллонның ортасы пальпацияланатын артерия тұсында орналасу керек. Манжетаның төменгі бөлігі шыңтақ құысынан 2,5 см жоғары болу керек. Манжетамен және иық арасында бір саусақ өту керек.
Ауаны қанша жіберу керек? Нақты систолалық артериальді қан қысымды анықтау үшін манжетадағы ауаны максимальді деңгейге дейін жіберу қажет «аускультациондық провал» болмас үшін:
кәрі жілік артерия пульсациясын, пульстің ырғағын анықтау
кәрі жілік артериясын пальпациялап, тез манжетаға ауаны 60 мм с. б., жіберіп, кейін тағы да 10 мм с. б. ауаны жіберу керек, пульсация жоғалғанша
манжетадан ауаны секундына жылдамдығы 2 мм с. б. жібереді. Артериальді қан қысымының деңгейі тіркелінеді, бұл кезде пульс тағы да пайда болады
манжетадан толық ауаны жіберу. Манжетадағы ауаның максимальді деңгейін анықтау үшін систолалық артериальді қан қысымының деңгейін 30 мм с. б. жоғарлатады
Стетоскоптың орналасуы. Стетоскоптың мембранасы толық иықтың бетіне тығыз орналасу керек. Стетоскоптың басы манжетаны немесе трубкаларға жақындамау керек.
Манжетаға ауаны толтыру және жіберу. Манжетаға ауаны максимальді деңгейге дейін жіберу тез болу керек. Ауаны манжетадан жылдамдығы секундына 2 мм с. б. жібереді бәсен тондар пайда болғанша және кейін осындай жылдамдықпен толық тондар жоғалғанша. Бірінші тондар систолалық артериальді қан қысымға сәйкес келеді, ал тондардың жоғалуы (соңғы звук) диастолалық артериальді қан қысымға сәйкес келеді.
Қайтадан өлшеу. Бір рет қана алған мәлеметтер шынайы болып саналмайды: артериальді қан қысымын қайталап өлшеу қажет (екі рет арасы 3 минут болу керек, кейін орташа мөлшері саналады). Артериальді қан қысымын оң жақ және сол жақ қолдарында өлшеу керек.
