Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_MR_PZ_gos.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.78 Кб
Скачать

2 Вариант

1. Науқас Г., 55 ж, II сатыдағы артериальді гипертензиясымен 12 жыл бойы аурады. АҚҚ 165/100 мм с.б. дейін жоғарлайды, пульс 96 мин. Науқасқа қандай сүйемелдеуші терапия тиімді?

А) нифедипинмен монотерапия

+В) -блокаторлар +диуретиктер

С) ААФ ингибиторлары +диуретиктер

D) ААФ ингибиторлары +кальций антагонистері

Е) имидазолин рецепторларының агонистері

2. Ер кісі 68 жаста 2 сатыдағы артериальді гипертензиясы бар, соңғы бірнеше күн бойы дәрілер қабылдамаған. Жағдайының нашарлауы кешеден бастап кешкісін қарай, қатты басының ауруы, жүрек аймағындағы ауру сезімі мазалай бастады. Дәрігерге қаралған кезде АҚҚ-170/100 мм.с.б. Госпитализациядан бас тартты. Дәрігер тағайындаған гипотензивті препараттарынан кейін ауыз қуысында құрғақшылдық, құрғақ жөтел, еріндерінің аллергиялық ісінуі, күшейген диурез пайда болды. Осы симптомдарды қандай препарат беруі мімкін?

A) Кальций антагонистері

В) Ілмек диуретиктері

+С) ААФ ингибиторлары

D) Альфа-2 адреномиметиктер

Е) Ангиотензин I рецепторларының блокаторлары

3. Ер адам 50 жаста медициналық тексеруге келген. Шағымдары жоқ. Объективті: АҚҚ 160/100 мм. с. б. ЖСЖ 72 минут. Жүрек түрткісі күшейген. Басқа физикальді белгілері қалыпты. Көз түбі тамырларын зерттегенде артериолалар тарылған. ЭКГ-да: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Биохимиялық анализдерде: электролиттер және креатинин өзгеріссіз. Жалпы тәжірибелік дәрігер тактикасы қандай?

A) Терапевтік бөлімге қаралуға жіберу

B) Кенеттен гипотензивті препараттарды енгізу

C) АГ диагнозын қойып және гипотензивті терапияны тағайындау

D) Үйде стационар ұйымдастыру

+E) Терапия тағайындап және симптоматикалық АГ анықтау

4. АГ қандай сатысында, науқастарға АҚҚ төмендету үшін, өмір салтын өзгерту, майларды шектеу, рационда тұзды азайту, жүру ретінде физикалық күштемелер, жеткілікті ұйқы тағайындалады.

+A) I сатыдағы АГ

B) II сатыдағы АГ

C) III сатыдағы АГ

D) ВТД гипертониялық тип бойынша

E) қолқа коарктациясы бар науқастарға

5. Ер адам 49 жаста 15 жыл бойы созылмалы обструктивті бронхитпен аурады, соңғы 2-жылда АГ 160/95 мм с. б. дейін жо5арлайды. Науқасқа қандай гипотензивті препаратты тағайындауға болмайды ?

A) диуретиктер

B) имидазин қатарындағы агонистер

+C) β-адреноблокаторлар

D) кальций антагонистері

E) нитраттар

6. АҚҚ деңгейі анықталады:

+А) минуттық көлем және артериолалардың жалпы перифериялық кернеуімен

В) Жүрек жұмысымен (минуттық көлем)

С) перифериялық кернеу

D) диастолалық әлсіздік

Е) лақтырыс фракциясы

7. 25-жастағы жүкті әйелде артериальді гипертензияны емдеу үшін қандай препарат тиімді болып табылады?

A) Кальций антагонистері

В) Ілмек диуретиктері

+C) Орталық альфа2-адренорецепторларының стимуляторлары

D) ААФ ингибиторлары

Е) Ангиотензин рецепторларының блокаторлары

8. ААФ ингибиторларының абсолютті қарама қарсы көрсеткіші болып табылады:

А) систолалық АҚҚ 120 ммс.б. жоғары

В) систолалық АҚҚ 100 ммс.с.б. төмен

С) бүйрек жетіспеушілігі

+D) екі жақты бүйрек артериясының стенозы

Е) миокард дисфункциясының айқын жиырылуы

9. Әйел, 57 жаста, шағымдары басының ауруына, көз алдында шіркеулердің ұшып жүруіне, нашар ұйқтауына. 4 жыл бұрын АҚҚ 160/100 мм с.б. дейін жоғарлаған. Тұрақты эналаприлмен емделіп жүрді. Өткізілген гипотензивті терапия бір ай ішінде – эффект көрсетпеді. Бойы 164 салмағы 82 кг. Жүрек тондары бәсен, қолқада 2 тонның акценті. АҚҚ 170/100 мм с.б. Пульс 88 минутына, ырғақты, кернеулі. ЭКГ да: ритм синусты, ЖСЖ-88 мин., ЭОС горизонтальді орналасқан, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

Қандай диагноз ьолуы мүмкін?

А) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 2

+В) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 3

С) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 2

D) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 3

10. Әйел И., 48 жаста, құрылыста жұмыс істейді, шағымдары басының ауруына, көз алдында шіркеулердің ұшып жүруіне, нашар ұйқтауына. Темекі тартады, бойы 164 салмағы 92 кг. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс, қолқа үстінде 2 тон акценті. АҚҚ 174/104 мм с.б. Пульс 88 минутына, ырғақты, кернеулі.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

+А) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 2

В) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 3

С) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 2

D) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 3

Е) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 4

11. Ер адам 50 жаста, шағымдары басының ауруына, көз алдында шіркеулердің ұшып жүруіне, нашар ұйқтауына. Темекі тартады, бойы 164 салмағы 92 кг. 5 жыл шамасындай II тип қант диабетімен аурады. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс. АҚҚ 174/104 мм с.б. Пульсі 88 минутына, кернеулі. ЭКГ да: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 2

+В) артериальді гипертензия 2 сат, қауіп қатер тобы 4

С) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 2

D) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 3

Е) артериальді гипертензия 3сат, қауіп қатер тобы 4

12. Артериальді гипертензия емінде қандай диуретик қолданады:

+А) Гипотиазид

В) Урегит

С) Диакарб

D) Фурасемид

Е) Верошпирон

13. Әйел, 55 жаста, шағымдары шүйде аймағындағы басының ауруына, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табандарының ісінуіне. Бір жыл бойы артериальді қан қысымы 165/100 мм с.б. дейін жоғарлайды. Объективті: жүрек шекаралары оң жақ – кеуденің оң жақ бойымен, жоғарғысы – III қабырға аралықта, сол жағы – орта-бұғана сызығымен V қабырға аралықта. Жүрек тондары бәсен. ЖСЖ 82 минутына. АҚҚ 160/100 мм с.б. Қанда ренин деңгейі төмендеген.

Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы тиімді?

A) Кальций антагонистері

+В) Диуретиктер

С) ААФ ингибиторлары

D) Альфа-2 адреномиметиктер

Е) Ангиотензина I рецептор блокаторлары

14. Әйел, 40 жаста, II сатыдағы АГ және метаболикалық синдромы бар. Гипотензивті терапия ретінде қандай дәрілік зат таңдаулы препарат болып табылады?

А) ААФ ингибиторлары

В) Кальций антагонистері

С) Ангиотензина I рецептор блокаторлары

D) Диуретиктер

+Е) Имидазин тобындағы агонистер

15. Артериальді қан қысымының деңгейі анықталады:

+А) минуттық көлеммен және артериолалардың жалпы шеткі кернеулігімен

В) жүрек жұмысымен (минуттық көлем)

С) шеткі кернеулік

D) диастолалық әлсіздік

Е) лақтырыс фракциясы

16. АГ патогенезінде бастапқы механизм болып не саналады:

А) гипергликемия

+В) симпатикалық нерв жүйесінің реактивтілігінің жоғарлауы

С) урикемия

D) парасимпатикалық нерв жүйесінің активациясы

Е) артериолардың тегіс салалы бұлшықетінде кальцийдің төмендеуі

17. АГ патогенезінде маңызды звено болып не табылады:

А) гипергликемия

В) урикемия

+С) депрессорлық жүйенің дефициті

D) парасимпатикалық нерв жүйесінің активациясы

Е) артериолардың тегіс салалы бұлшықетінде кальцийдің төмендеуі

18. АГ патогенезінде маңызды звено болып не табылады:

А) Гипергликемия

В) Урикемия

С) Парасимпатикалық нерв жүйесінің активациясы

D) Ренин - ангиотензин-П-альдостерон жүйесі активтілігінің жоғарлауы

Е) Артериолардың тегіс салалы бұлшықетінде кальцийдің төмендеуі

19. Әйел 25 жаста шағымдары жүрек қағысына, жүрек аймағыдағы шаншыған ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігу. Бала кезінен бастап жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен аурады. Объективті: Тері жабыңдылары таза, бозғылт, балтырларында ісіну. Жүректің салыстырмалы шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см. солға қарай ығысқан. Жүрек ұшында I тон әлсіреген, систолалық шум, өкпе артериясында II тонның акценті естіледі. ЖСЖ 90 минутына. АҚҚ 100/70 мм с.б.

Берілген симптоматика жүрек жеткіліксіздігінің қай сатысына сәйкес келеді?

A) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жоқ

B) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің I сатысы

+C) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің II А сатысы

D) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің II Б сатысы

E) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің III сатысы

20. Нью-йорк классификациясы бойынша жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар қай функциональді классқа жатады, егер олардың физикалық белсенділігі айқын шектелсе, тыныш жағдайында симптомдар болмаған жағдайда, күнделікті орташа физикалық күштеме ентігуге, шаршағыштыққа, жүрек қағысына алып келсе?

А) 1-ші функциональді класс

В) 2-ші функциональді класс

+С) 3-ші функциональді класс

D) 4-ші функциональді класс

Е) 2 және 3-ші функциональді класстарға

21. Нью-йорк классификациясы бойынша жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар қай функциональді классқа жатады, егер олардың физикалық белсенділігі тыныштық жағдайда максимумға жетіп және аздаған физикалық күштемеден кейін олар күшейсе, яғни пациенттер күнделікті белсенділікті азайтуға тырысады?

А) 1-ші функциональді класс

В) 2-ші функциональді класс

С) 3-ші функциональді класс

+D) 4-ші функциональді класс

Е) 1 және 2-ші функциональді класс

22. Созылмалы оң жақ қарыншаның жүрек жеткіліксіздігінің көрінісі өтеді:

+А) Үлкен қан айналым шеңберінде іркілу белгілерімен

В) Жүректің ишемиялық ауруымен

С) Митральдң қақпақша ақауы

D) Аортальді қақпақша ақауы

Е) Артериальді гипертензия

23. Ер адам 70 жаста шағымдары ентігу, әлсіздік, тез шаршағыштық. Тері жабыңдылары цианозді, балтыры және табаны бозғылт. Жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Бауыры 3 см. ұлғайған. ЭКГ ритм синусты ЖСЖ 65 минутына. ЭОС горизонтальді орналасқан. Оң қарыншаның гипертрофиясы.

Қандай диагноз тиімді:

А) Сол қарыншаның созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

+В) Оң қарыншаның созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

С) Жүректің ишемиялық ауруы

D) Аортальді қақпақша ақауы

Е) Артериальді гипертензия

24. Нью-йорк классификациясы бойынша жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар қай функциональді классқа жатады, егер жүрек ауруы диагнозы болса, бірақ физикалық белсенділігі шектелінмесе?

+А) 1-ші функциональді класс

В) 2-ші функциональді класс

С) 3-ші функциональді класс

D) 4-ші функциональді класс

Е) 1 және 2-ші функциональді класс

25. Нью-йорк классификациясы бойынша жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар қай функциональді классқа жатады, егер науқастардың физикалық белсенділігі орташа шектілінсе, тыныштық жағдайда науқастар шағымдар айтпайды, бірақ күделікті, әдеттегідей жүктемеден кейін ентігу, жүрек қағысына, шаршағыштыққа шағымданса?

А) 1-ші функциональді класс

+В) 2-ші функциональді класс

С) 3-ші функциональді класс

D) 4-ші функциональді класс

Е) 2 және 3-ші функциональді класс

ЭТАЛОН ЖАУАБТАРЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]