Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕ ж__не Т-каз-силабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.14 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

География және табиғатты пайдалану факультеті Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді

№____хаттама « ____»________ 2014 ж.

Факультет деканы _____________Сальников В.Г.

Мамандық 5В090700-Кадастр

СИЛЛАБУС

Модуль №18, Негізгі міндетті модуль 18

ShAZhO 3301 Жер учаскесін мемлекеттік тіркеу және есепке алу

3 Курс, қ/б, көктемгі семестр, 2 кредит

Дәріскер: аға оқытушы Абдыгалиева Слушаш Сейлбековна

Телефон: 377-33-35 (12-27)

e-mail: Slushash_abd@mail.ru

каб.: 102

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Бисенбаева С.Б.

Телефон: 377-33-35 (1227)

e-mail: djusali@mail.ru

каб.: 102.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

. Оқу процессінде пәннің орны және мақсаттары

1.1. Пәннің оқыту мақсаты.

Жер учаскілерін тіркеу және жерді есепке алу – мемлекеттің жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі, жер қатынастарды реттеуге ұсынылған, жерлердің құқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және құқықтық жағдайы туралы суреттеме/ туралы ақпаратты құрайды. Жер кадастрдың құрылуының мақсаты жоғары әкімшіліктерді, жылжымайтын мүліктің және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен камтамасыздандыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту.

Мемлекеттік жер кадастрдың жүргізуі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа ізденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.

Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу – мамандықтың басты фундаментальдық ғылыми-техникалық пәні болады, онда мынадай сұрақтар қаралады:

  • теориялық негіздері, бұл пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және ұйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шекарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;

  • Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті құжаттардың құрамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;

  • Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;

  • Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған құжаттарды дайындау тәртібі.

1.2. Пәннің оқу мақсаты.

Студенттер пәнді оқыған процессінде мынадай теориялық білім және тәжірибе алу керек:

  • Кадастрлық құжаттарды жасау және жүргізу тәртібін білу;

  • Жерлерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын нарық жағдайында жүргізу;

  • Жер мониторингтің мақсаты мен әдістерін білу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалануын жоспарлау;

  • Экономикалық, жер-кадастрлық, геодезиялық, геоақпараттық мәліметтерді талдау, керекті есептерді жүргізу;

  • Картография-геодезиялық географиялық ақпараттық жүйесінің негізін құру;

  • Қоршаған ортаға аудандарға, аймақтарға экология шараларын жасау мен жобалау;

  • Аймақтар деңгейінде жерлерді тиімді пайдалану есебін құру және шешу;

1.3 Пререквизиттер:

Казақстан тарихы, социология, экономиялық теория, информатика, экология, геодезия, жер қатынастарының және кадастрдың тарихы, топырақ тану, жер құқығы.

1.4 Постреквизиттері:

картография, жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу, құрылыстанған жерлердің кадастры, геоақпараттық жүйелер, экономика, жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау