- •Пәні бойынша
- •5В030100 - «Құқықтану» бакалавриат мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша 1)
- •2 Күндізгі бөлімнің оқу жұмыс бағдарламасы
- •2.1 Сырттай бөлімнің оқу жұмыс бағдарламасы
- •2 Жылдық 2 курс сырттай бөлімі студенттеріне арналған
- •3 Жылдық 3 курс сырттай бөлімі студенттеріне арналған
- •3 Пән бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар жайлы мәлімет
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәрістік кешен (дәрістер тезистері)
- •7. Семинарлық және тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және аражігі
- •8 Тақырып. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері мен шарттары
- •12 Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қолдану тәртібі – 1 сағ.
- •14 Тақырып. Жедел-іздестіру процесінің түсінігі және оның сипаттамасы – 1 сағ.
- •15 Тақырып. Жедел-іздестіру процесіндегі іздеу – 1 сағ.
- •8. Пәнді оқуға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Тергеу әрекеттерінің және жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы және аражігі
- •8 Тақырып. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері мен шарттары
- •9 Тақырып. Жалпы жедел-іздестіру шаралары
- •11 Тақырып. Жедел эксперимент жедел іздестіру шарасы ретінде және жедел-іздестіру қызметін арнайы техникалық қамтамасыз ету
- •12 Тақырып. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қолдану тәртібі
- •15 Тақырып. Жедел-іздестіру үрдісіндегі іздеу.
- •10.2 Студентердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •11. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені өту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен есеп құжаттарының нысандары (2 сілтеме)
- •12.1 Баға туралы мәлімет
- •Білімді бағалау критерийі:
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық нысанда өткізу
- •Мазмұны
- •«Тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері»
- •5В030100 - «Құқықтану» мамандығына арналған
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
8 Тақырып. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздері мен шарттары
Сұрақнама:
Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің іс жүзіндегі негіздері.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің құқықтық негіздері.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің шарттары.
Тапсырма: Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің іс жүзіндегі және құқықтық негіздеріне түсінік беріңіздер. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің негіздерін атап шығыныз және олардың мазмұның ашыңыздар. Жедел-іздестіру органдарымен оларды қорғау бойынша шаралар жүргізілуі мүмкін тұлғалар санаттарын атаңыздар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің шартары дегеніміз не. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің қандай шарттары бар.
9-лекция тақырыбы. Жалпы жедел-іздестіру шаралары
Сұрақнама:
Жалпы жедел-іздестіру шаралары
Азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу
Азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану
Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу
Қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану
Астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру
Берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру
Арнаулы техникалық құралдарды қолдану
Мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу
Зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу
Бақылау үшін сатып алу
Іздеу-қызмет иттерін пайдалану
Белгілері бойынша жеке адамдарды іздеу және ұқсастыру
Ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу
Құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын-ала зерттеу
Қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау
Тапсырма: Жалпы жедел-іздестіру шаралары Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңының 11 бабының 2 бөлігінде көрсетілген. Осы жедел-іздестіру шараларына түсінік беру керек.
Сондай ақ, қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау..Жедел-іздестіру органдары іздеу салып жүрген қылмыскерлерді ұстау ашық және құпия түрде өтеді және ол шара кезінде түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алып, жарияламау, қылмыстық топтың басқа мүшелері сезбеу үшін жасалатын шара. Онда қызметтік іздестіру иттері қолданылуы мүмкін.
Ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты іс-әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралын тексеруді жүзеге асыру.
Қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу. Бұл жедел-іздестіру қызметі органдарының ең күрделі шараларының бірі. Ол ашық және жасырын түрде жүргізіледі. Бүл шара көлеміне байланысты үлкен көлемді қызметкерлер, ішкі және сыртқы қорғаныс күштері жұмылдырылады. Екі бағытта жүргізіледі. Қылмыскерлер тобын қолға түсіру және оларды залаласыздандыру қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу.
Жедел, қылмыстар есептері және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру. Криминальды тіркеу – жедел қызығушылықты тудыратын немесе қылмыспен байланысты қылмыстық үрдістік белгілері бойынша мәліметтерді сақтайтын, іздейтін, жинайтын ақпараттық -анықтамалық жүйе. Криминальдық тіркеудің бірнеше әдістері бар: әлеуметтік демографиялық, дактилоскоптық (саусақ іздері бойынша), фотопортретті, жазу, иісіне, фоноскопиялық (даусына) және қылмыстық іс-әрекетіне байланысты тіркеу.
Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды қосымша зерттеу керек.
10- тақырып. Арнаулы жедел-іздестіру шаралары
Сұрақнама:
Сотталғандардың хат-хабарын цензуралау;
Почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;
Байланыс желiлерiндегі жедел iздеу;
Бейне, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;
Байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау;
Соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау;
Тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру.
Тапсырма: Арнайы жедел-іздестіру шараларына оның заңды негізде жүргізілуі Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген азаматтардың құқықтарын белгілі-бір шекте шектейтін шаралар жатады. Бұлар мынадай құқықтар: жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және жанұялық құпия, тұрғын үйге тиіспеушілік, құпия хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарларды шектеу т.б. Осындай құқықтарды шектеудің негізі Конституцияның өзінде көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 25 бабы, 1 пункінде тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, онытексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасы Конституциясында анықталған құқықтар мен бостандықтарды шектей отырып арнайы жедел-іздестіру шараларын зерттеу керек.Қылмысты ашу ісіндегі маңызы мен тиімділігін зерттеу керек.
