Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2013 syllabus Тергеу және жедел-іздестіру әреке...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
922.11 Кб
Скачать

3 Пән бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)

3.1 Оқытушылар жайлы мәлімет

Жамиева Роза Муслимовна - заң ғылымдарының кандидаты (Ph. D.), доцент (As.Pr.), қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі. Телефондар: факультет – +77212770391, ұялы +77073036343, электронды адрес: rosa_mus@mail.ru

Тусупов Нурлан Мухамеджанович – қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, электронды адрес: tnm_krg@mail.ru

Кафедра Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ №327 аудиториясында орналасқан, оқытушылардың кафедрада болу уақыты кеңес беру уақытында.

3.2 Пререквизиттері: пәнді игеру үшін үшін қажетті білімдерді 5В030100 - «Құқықтану» мамандығын оқу барысында келесі пәндерді білу керек: «Мемлекет және құқық теориясы»: құқықтың түсінігі, мәні мен құрамы; құқықтың жүйесі және құрылымы; құқықтық қатынастар; құқықбұзушылық және заңды жауаптылық. «Құқыққорғау органдары»: ҚР соттық жүйесі, прокуратура, ішкі істер органдары, қылмыстық ізге түсу органдары; «Адвокатура», «Шет елдердің құқыққорғау қызметі» және т. б.

3.3 Постреквизиттері: пәнді оқыту негізінде 5В030100 - «Құқықтану» мамандығын оқу барысында студенттер төмендегі пәндерді оқуы тиіс: «Криминалистика», «Прокурорлық қадағалау», «Соттық риторика», «Соттық сараптама», «Шет елдердің сот жүйелері» және т. б.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны: Оқу жоспарына сәйкес «Тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері» пәні заң факультетінің арнайы курсы болып табылады, кредиттік технологияда оқып жүрген студенттерге ұсынылады.

Курстың жалпы мақсаты - қылмыстық іс жүргізу ғылымының теориялық ережелерін оқыту, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларына талқылау жасау және осы үйретулерді тәжірибеде қолдануға үйрету. Сонымен қатар болашақ заң қызметкерлерін қылмыстық істер жүргізу құрылымымен таныстыру.

Қылмыстық істер жүргізу құқысының ғылыми ретінде алдында мынадай міндеттер қояды:

  1. Студенттерді қылмыстық іс жүргізу құқысының ғылыми негіздерімен таныстыру.

  2. Қылмыстық іс жүргізу құқысының нормаларын (ережелерін) білуге және оны іс жүзінде (тәжірибеде) қолдана білуге үйрету.

  3. Қылмыстық іс жүргізу заң ережелерін біле отыра, оларды қылмыстық іс қозғау, оны тергеу, анықтау, дұрыс шешу жолында қолдану.

Студенттер әр мемлекеттің негізгі заңдарымен танысып, салыстырмалы зерттеу өткізеді. Курсқа қажет әдебиет оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген.

3.5 Оқыту нәтижелері: Пәндік құзыреттілік. Қылмыстық істер жүргізу құқығы саласында студенттердің терең білім алуы соттардың, адвокаттардың, прокурорлар мен тергеушілердің, сот орындаушыларының, заң кеңесшілерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларына талқылау жасау және осы үйретулерді тәжірибеде қолдануға үйрету. Сонымен қатар болашақ заң қызметкерлерін қылмыстық істер жүргізу құрылымымен таныстыру.

Пәннен тыс құзыреттілік. Тәлімгерлер қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнін оқып-үйрену нәтижесінде алған білімдерін кейін аталмыш құқық ғылымымен немесе құқық қолдану тәжірибесімен айналысқан кезде тиімді пайдалана білуі тиіс.Сонымен қатар– бұл жеке тұлғаға қылмыстық істер жүргізу ережелерін түсінуге, белгілі қоғам шеңберінде қылмыстық істер жүргізу үшін қажетті қабілеттерді игеруге мүмкіндік береді.

3.6 Курстың саясаты: Студент дәрістік және семинарлық оқу кестесіне тұрақты қатысуға міндетті. Берілген ауызша және жазбаша тапсырмаларға қойылған талаптарды сақтай отырып, уақытында орындауға тиіс. Студенттер оқытушымен және оқытушысыз студенттердің өздік жұмыстары аясында қарастырылған тапсырмаларға, сабақтарға саналы түрде дайындалуы керек.

Жоғарғы оқу орнының әкімшілігінің сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі, сондай-ақ дәріс және семинар сабақтарына қойылатын талаптарын орындап, оған бағынуы керек.

Сабақтарға қатысу міндетті, себебі, тек оқытушымен қарым-қатынас жасау үрдісінде ғана құқықтық білім жүйелілігі, олардың динамикасын, қазіргі заңдылықтарды терең түсіну қалыптасады. Сабақтардың басқа түрлеріне қатысу режимі Жоғары оқу орнының әкімшілігімен анықталады.