Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.51 Кб
Скачать

2.Тақырып : Пато психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері

Дәріс мақсаты: Ғылым бірден қалыптаса салмайды. Оның өзіндік даму тарихы, қалыптасу негізі, тамыры тереңде жататыны белгілі. Аталмыш ғылымның тамыры ертеде, әртүрлі ғасырдағы ұлы медиктердің, философтардың, жаратылыстану зерттеушілерінің еңбектерінен бастау алады. Сондықтан тақырыпты түсіндіру үшін оның негізін, бастауын, дамуын ашып көрсету, теориялық мәселелерді қамту.

Студент білу керек:

- Патопсихология ғылымының даму тарихы

- Патопсихологияның дамуына негіз болған авторлардың көзқарастары

Ақпаратты блок:

Қазіргі психологияда психологияның пато сондай-ақ пациенттердің психологиялық жағдайын коррекциялауға байланысты мәселелерді зерттеуде түрлі методологиялық бағыттар бар. Орыс психологиялық мектебі ХХ ғ. басында қалыптасты. Ресейде оның негізін салушы көрнекті психоневролог В.М.Бехтеров. Ол басқарған психоневрологиялық институтта жүріс-тұрысты объективті зерттеу үшін экспериментальды әдістер анықталды. 1908 жылы В.М.Бехтерев индивидтің туа қалыптасатын нышандарымен сәйкестендіретін еханикалық себептерінің көрінуімен өзара байланысатын генетикалық рефлексологиялық зерттеу әдісін жасап шығарды.

ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И.П.Павловтың концепциясымен В.М.Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.

ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.

Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М.Вертгеймер, К.Келлер, К.Коффка, К.Левин.

К.Левин көзқарасы бойынша невроздарды емдеу сондай-ақ таным процесстерін түзетуде биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің өзара әрекеті жетекші орынға ие немесе олардың арасында белгілі өзара байланыс және иерархия бар. Адамды қоршаған кез келген объектінің белгілі энергиясы мен заряды бар. нәтижесінде қоршаған әлем объектілері психологиялық кеңістікте қысымның туындауына ықпал етеді. Осыған байланысты жағымсыз эмоциялар қысымды және агрессияны күшейткенімен, жағымды эмоцияларды әлсіретеді.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында

3.Тақырып : Патопсихология пайда болу тарихы және дамуы

Дәріс мақсаты: Пато психологияның маңызды салаларының бірі патопсихология болып табылады. Ол психикалық процестердің бұзылуы заңдылықтарын қарастырады. Патопсихологиялық білімдер пато жоғары оқу орындарының студеттері үшін қажетті әсіресе, патопсихологиялық білімдердің маңызды сараптық – сот – психиатриялық, еңбек дауларын шешетін мамандар үшін аса түседі. Болашақ дәрігерлер науқастардың психикалық саулығын анықтау үшін міндеттітүрде патопсихологиялық әдістерді меңгеруі керек. Осыған байланысты жоғары оқу орнының студенттері үшін бұл тақырыптың көкейкестілігі анықталады.

Студент білу керек:

  • Патопсихология ғылымы жайлы

  • Патопсихология даму жолы

  • Патопсихологиялық эксперимент

Ақпаратты блок: Патопсихология қосымша психиатриялық пән, оның міндеті болып жаны науқас адамдарда психикалық процесстер бұзылысын экспериментальды зерттеу болған. Неміс психиатр – теоретигі К.Ясперстің жұмыстарының негізінде 20ғ. басында психопатология, жаны науқас адамдардың күрделі психологиялық өзара қатынастарын зерттейтін дербес ғылымға айналды. Ол психикалық дерттерді «ішкі себептер» сапасында қарастырған. Бұл ішкі себеп, «сыртқы ақиқат себеппен» өзара қатынасқа түсе отыра К.Ясперстін пікірінше нақты жарымжан адамның психикалық бұзылыстарының ерекше картинасын анықтайды, бұны зерттеу психиатрге тура диагноз қоюға жεне дұрыс ем тағаяндауға мүмкіндік береді.

Психопатологиямен қатар жалпы психология шеңберінде 20 ғ. басында ерекше қолданбалы білім саласы пайда болды – ол, патологиялық психология. Оның міндеттері болып «ередегі емес» психикалық шеңбердің көрінісін «ережедегі» адамдардың психологиясын жақсы таңып білу үшін мақсатпен зерттеу жатады.. Жарымжан пациенттерде байқалатын психика бұзылыстары патопсихологияда, жалпы психикалық өмір феноменіне сайкес орынын және мағынасын толық түсінуге , және де қандай да болмасын психологиялық теориялардың ақиқаттылығын тексеруге,және психологиялық білім саласындағы жаңа проблеманы аңғаруға мүмкіндік береді.

Патопсихология клиникалық психологияны саласы ретінде клиникалық психологияның ерте кезенінде бірінші болып жылдам дамыды. Психиатрияға деген қызығушылық бүгінге дейін зор блғанымен, практика жεне медицина саласында ең аз теория, және ең күрделі практикалық шеңберде қарастыры, көбірек деңгейде психология саласында қарастырылған.Бұлай болуы, оның пεні ерекше дерттер классы – мεні барлық психика бұзылыстарында көрінетін психикалық ахуалдар болғандықтаг. Психикалық ахуалды зерттеу үшін, алдымен психиканың көп қырлы көрінісін білу қажет. Міне сол себептен психиатрия үшін психологиялық білім өте маңызды. Бұл туралы 1876 ж. И.М.Сеченов ескертіп жазған « дене патологиясының негізінде физиология жатқан сияқты психиатрия негізі болып психология жатады» деген.