Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.51 Кб
Скачать

15.Тақырып: Дәрігер мен науқас адам арасындағы

қарым-қатынас мәселелері, ятрогения

Дәріс мақсаты: Дәрігер мен науқас арасындағы қарым- қатынастың екі жаққа да маңызды процесс екенін түсіндіру.Ятрогения түсінігімен таныстыру.

Студент білуі керек:

  • Ятрогения ұғымын

  • Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас мәселелерін

Ақпаратты блок:Науқас адамдармен жұмыс істеу кезінде әрқашанда олардың психикалық өзгерістерін, эмоциясын, ерік-жігерін, зейінін, психикалық таным процестерінің ерекшеліктерін есепке алу керек.Этика негіздері мен деонтологиядан терең білім болу пациенттермен өзара қарым-қатынас жасау кезінде алғашқы маңызды роль. Философ айтып кеткендей «жандв емдемей тұрып,денені емдеуге болмайды», сондықтан да пациенттерді емдеу процесі барысында әңгімелесу, психологиялық нұсқау және сөздің ролін міндетті түрде есепке алу қажет. Дәрігерлік құпияны сақтай алу да маңызды..Тек пациенттермен және науқастың туыстарымен өзара сенімді қарым-қатынас негізінде ғана ауруды емдеу және реабилитациялау жақсы жетістіктерге жеткізуі мүмкін.Пациенттермен дұрыс қарым-қатынас жасамау ятрогенияның пайда болу мүмкіндігін тудырады.Анамнез жинау және аурудың жағдайын зерттеу кезінде деонтологияның этикалық нормаларын сақтау керек. Науқастарға пато көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігерлер мен пато қызметкерлерінің психогигиена талаптарын сақтау міндетті. Пациентпен қарым-қатынасты бастау кезінде ең алдымен оны тыныштандыру және өзіңе жақындатуың қажет.Науқастың психолгиялық саулығына көптеген факторлар әсер етеді:

  • жылдам сауығуға әсер ететін пато мекеменің атмосферасы;

  • дәрігер мен науқас қарым – қатынасының психогигиенасы;

  • емнің сәтті болуы көбіне науқас адамның нақты бір дәрігерге, сол пато мекемеге немесе жалпы медицинаға деген қарым – қатынасына да байланысты;

Семинар сабақтарының қысқаша сипаттамасы.

1.Тақырып: Патопсихологияға кіріспе. Патопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, салалары

Семинар мақсаты:

Қазіргі кездегі патопсихология сенімді тәжірибелік нұсқаулар алуға көмектесетін, әртүрлі ауруларды тиімді диагностикалау және емдеуге қажетті және де өзгерген өмір жағдайларына бейімделу мақсатында адамдардың мінез – құлқы мен ойлауына этикалық және әлеуметтік әсер етуге еңбектік және басқа ұжымдарда психологиялық климатты қалыпқа келтіруге, іс - әрекеттің әртүрлі жақтарын дұрыс ұйымдастыру және балаларды, жастарды және ересектерді оқыту және тәрбиелеуге қажетті әдіснамалық және әдістемелік аппараттарға ие. Пато психологияда теоретикалық және экспериментальды зерттеу өз нәтижелерін психологиялық ғылым, медицина және педагогиканы нәрлендіреді, оның қосымша қортындыларын қолдану психологтар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, тәрбиешілер, мұғалімдер және оқытушылар және адаммен жұмыс істейтін басқа мамандар категориясының кәсіби іс - әрекетінде көмектеседі.

Семинар сұрақтары :

1.Патопсихологияның зерттеу пәні

2. Патопсихология құрылымы

3.«Патопсихология» және «клиникалық психология» түсініктерінің қатысы

4. Патопсихологияның зерттеу әдістері

5. Клиникалық интервью әдісі

6. Патопсихологияда эксперементальды психологиялық зерттеу әдістері

Әдебиеттер:

1.Лакосина Н.Д., Сергеев И.И., Панкова О.Ф. Медицинская психология. М.,2003.

2. Абрамова Ю.А., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.

3. Илешова Р.Г. Пато психология. А. 1993 ж.

4.Карвасарский Б.Д. Медицинская психология. М., 1989.

5.Менделевич В.Д. Клиническая и медицинская психология. 1998.

6.Конечный Р., Боухал М. Психология в медицине. М., 1983.

7. Александер Ф. Психосоматическая медицина. М., 2000