Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.51 Кб
Скачать

13. Тақырып: Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері. Аурудың ішкі көрінісі Психосоматикалық қатынастар

Дәріс мақсаты:

Соматикалық өзара әсер ету мүмкіндігі бұрыннан белгілі. Емдеудің тиімділігі медикаменттердің әсеріне байланысты ғана емес, сонда-ақ науқастың өз ауруына қатынасының динамикасына да байланысты екені айқын. Соматикалық аурулар пайда болғанда адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің жұмысы бұзылып қана қоймай, адамның өзіндік саласын өзгертеді.Студенттерге соматикалық аурулар клиникасын, науқас адам психологиясын, аурудың ішкі көрінісі жайлы мағлұмат беру.

Студент білуі керек:

1.Психосоматика, соматопсихология түсініктерінің анықтамасын білу.

2.“Психосоматика” және ”соматопсихология” түсініктерінің арасындағы айырмашылықтарды таба білу

3. Науқас адам психологиясы.

4. Аурудың ішкі көріністерін.

5. Психосоматикалық қарым-қатынас туралы түсінік

Ақпаратты блок: “Психосоматика” терминін 1818 жылы Хайнрот енгізді. “Психосоматикалық медицина” терминін 1922 жылы Австрия психоаналитигі Хелен Дойтч енгізген. Қазіргі кездегі психосоматика психоаналитикалық бағыттағы клиницистердің жұмыстарынан бастау алады, “психосоматика” түсінігінің әртүрлі мағынасы бар, осыған байланысты бұл терминнің нақты анықтамасы жоқ. Оның мағынасы оған кіретін сөздерден (жан және дене) шығады.Әдебиеттерді талдағанда бұл термин психика мен денені қызмет арасында өзара қатынас орнататын, уайымдаулардың қандай да бір ауру туғызатынын зерттейтін ғылыми бағытты білдіреді.

Психосоматика – соматиканың аурулардың пайда болуына және өтуіне әсер ететін психикалық факторларды зерттейтін, пато зерттеулер бағытты болатын заттарды. (БҮМЭ, - т.21. 253 – 1983 бет.)

Психосоматика сомактикалық аурулардың пайда болуына песихологиялық факторлардың әсерін зерттеумен айналыстатын пато психологиядағы бағыт.

14. Тақырып: Психогигиена. Психопрафилактика. Психотерапия. Психофармокология

Дәріс мақсаты:

Адамның психикалық саулығы қашанда қоғамның даму потенциалы мен әлеуметтік деңгейін анықтайтын маңызды бір факторы болып қала бермек. Дәл қазіргі кезде, әлеуметтік-экономикалық,саяси реформаларға байланысты, өмір қарқындылығы мен урбанизация процестеріне байланысты психикалық аурулардың саны көбеюде. Әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлері, сонымен қатар тұлғалық проблемалар адамның психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін.Психикалық саулықты қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін және қажетті дәрежедегі әлеуметтік, психологиялық адаптацияны қалыптастыру үшін студенттерге міндетті түрде психогигиена, психопрофилактика, психотерапия және психофармокология негіздерін білу қажет.

Студент білуі керек:

психогигиена, психопрофилактика, психотерапия ұғымдарының анықтамасын; салауатты өмір салты негіздерін; біріншілік, екіншілік, үшіншілік психопрфилактика шараларын; психотерапия бағытының негізгі қағидаларын; психикаға әсер ететін емдеу тәсілдерінің негізгі кластарын.

Ақпаратты блок:

  • адам психикасына жағымсыз әсер ететін тұлғалық факторлар мен әлеуметтік орта факторларын ажырата алу; психопрофилактиканың біріншілік, екіншілік, үшіншілік шараларын ажырата алу; түрлі психотерапефтикалық бағыттардың техникаларын ажырата алу; психикаға әсер ететін емдік тәсілдердің кластарын ажырата алу;

  • деонтологиялық және психотерапиялық қабілеттерді дамыту:

Медицина қызметкерінің дене және психикалық саулығын сақтау үшін төмендегідей психогигиеналық жараларды ұстану қажет:

  • еңбектің үйлесімді жағдайы;

  • өз жұмысына, оның нәтижесіне қанағаттану;

  • релаксация мүмкіндігі;

  • ұжым мүшелерінің арасында жауапкершіліктің бірдей бөлінуі;

  • ұжымдағы шағын климаттың жағымды болуы.

Осы аталған психогиеналық өз науқастарына деген дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.

Психогигиена – бұл өзіндік мақсаттары, міндеттері және зерттеу әдістері бар пато психологияның бір саласы.

Психогигиена (грекше “жан”, “денсаулық әкелетін, емдейтін” дегенді білдіреді) – бұл психикалық денсаулықты қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі ғылым. Бұл ғылым пайда болғаннан бастап тікелей психопрофилактикамен байланысты болып келеді.Психопрофилактика неғұрлым психикалық ауруларды ескертуге бағытталған болса, психогигиенаның мақсаты - психикалық саулықты қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін құру.