Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.51 Кб
Скачать

11.Тақырып: Ойлаудың, сөйлеудің, қиялдың бұзылулары

Дәріс мақсаты:

Тұлғаның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері оның әрекеттері мен қылықтарын анықтап, басқа адамдармен қатынастарын реттеп отырады. Таным процестерінің маңыздылығын, ол адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, ақыл-ой деңгейін көрсететінін, болашақ маман ретінде студенттердің білуі тиіс екенін түсіндіру. Осыған байланысты ЖОО студенттеріне ойлау, сөйлеу, қиял бұзылыстары туралы мағлұмат беру.

Студент білуі керек:

  • ойлау, сөйлеу, қиял ұғымдарын:

  • психикалық процестердің маңыздылығын:

  • психикалық процестердің ауытқуларын:

  • ойлау, сөйлеу, қиялдың бұзылуларын:

Ақпаратты блок

Ойлау және сөйлеу .Психологтар мен психиаторлар ойлаудың ауытқуы сөйлеу арқылы көрінеді деп есептейді. Адамның сөзі арқылы ойлаудың ауытқуы көрінеді . Адамның сөзі арқылы ойлаудың бұзылуының сипаты мен тереңдігі және шындықтан қаншалықты алшақтығын бағалауға болады. Ойлаудың ауытқулары екі топқа бөлінеді: түрі жағынан (формалды-логикалық)және мазмұны жағынан.

Формалды – логикалық ауытқулар:

  1. Темпі жағынан:

    • ойлау мен сөйлеудің тездетілуі; логорея түріндегі сөйлеудің бұзылуы;

    • ойлау мен сөйлеудің бәсеңдеуі (брадифазия ретінде);

  2. Құрылысы жағынан:

    • үзіктенуі (грамматикалық дұрыс формадағы мағынасыздық);

    • байланыссыздық (логикалық және граматикалық байланыстың жоқтығы);

    • инкогеренттілік (буындар арасындағы байланыстың болмауы);

    • вербигерация (жеке сөздер мен сөз тіркестерін стереотипті қайталай беру);

    • паралогикалық ойлау (ой қорытындысы логикаға қарсы жүреді);

    • ойлаудағы үзілістер (шперрунгтер), “ойлаудың тығындалуы”.

  3. Мақсатқа байланысты:

    • резонерлік (нәтижесіз көсемсіну);

    • аутистік ойлау (науқастың ғана ішкі дүниесін қамтитын, шындықтан алыс, бір жақты);

    • таңбалық (символдық) ойлау (қорытындылар кездейсок ассоциациялардың негізінде жасалады және сөздерге, айналасындағыларға түсініксіз, ерекше мағына беріледі);

    • әржақтылық (пікірлер мен ой қорытындылыры әр түрлі қағидалардың негізінде қалыптасады);

    • неологизмдер (сөйлеуде түсініксіз, ерекше сөздерді қолдану);

    • персеверациялар (жаңа ассоциациялар қиын жасалады, бір ассоциацияда тоқтап қалу);

    • ойлаудың жабысқақтығы (бір тақырыптан екіншісіне ауысудың қиындығы) және ойлаудың жан-жақтылығы (маңызды мәселелерді маңызды еместен ажырата алмау).

12. Тақырып : Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі, ерік және оның бұзылуы

Дәріс мақсаты:

Адам қоғамда қалыпты нормада өмір сүруі үшін психикалық эмоция, ерік процестерінің маңызы орасан зор. Алайда психикалық аурулардың салдарынан эмоционалдық-ерік сферамыз бұзылыстарға ұшырайды.Эмоционалдық-ерік сферамыздың бұзылуы адамдардың өзара қарым-қатынас жағдайына, әлеуметтік бейімделуіне әсер етеді. Сондықтан студенттерді эмоциялар олардың патологиялық өзгерістеруі мен ерік сферасының бұзылуымен таныстыру, ақпарат беру,түрлерін ажыратып беру.

Студент білуі керек:

  • Эмоция,ерік жайлы түсінік

  • Эмоционалды бұзылыстардың түрлерін

  • Ерікт сферасының бұзылыстарын

Ақпаратты блок

Психикалық қалыптар психикалық процестер мен қасиеттер арасында аралық орында.Психикалық процестер белгілі-бір жағдайларда психикалық қалыптар ретінде қаралуы мүмкін.

Эмоция (француз тілінен толқу,қозу) деп адамға әсер ететін сыртқы орта жағдайлары мен құбылыстарының маңыздылығына толқуда, күйзелуде көрінетін және қажеттіліктермен мотивтермен, инстинктермен байланысты психикалық қалыптар класын айтамыз. Эмоциялардың арқасында адам ағзасы сыртқы орта жағдайларына өте жақсы бейімделген,сыртқы әсердің формасын, типін, механизімін және басқа да параметірлерін анықтамай жатып-ақ адам ағзасы шұғыл түрде белгілі-бір эмоция арқылы жауап бере алады.

Эмоционалды – еріктік сфераның ауытқулары.

Эмоционалдық қалыптық өзгерулері, аффективтік ауытқулар әртүрлі болады және психикалық функциялардың бұзылулары ішіндегі ең жиі кездесетіні.Адамның барлық эмоциялық күйлері екі үлкен топқа бөлінеді:

  • стеникалық- күшті, адамды қуаттандыратын сезімдер: ашу, махаббат, достық, жек көру, ыза, қуаныш, таңдану;

  • астеникалық- әлсіз, адам қуатын әлсірететін сезімдер: көңіл қалу, реніш, кінә, мұңаю, қамығу, жасқану;