
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •5В050300 – Психология
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Астана – 2015
- •1. Пән туралы ақпарат
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •3. Пән пререквизиттері
- •4. Пән постреквизиттері
- •Дәрістердің және семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •050503 – Психология. Күндізгі бөлім, 3 курс
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттерді бағалаудың жалпы критерийлері
- •Апелляция процедурасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік (методикалық) қамтамасыздандыру картасы
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •1.Тақырып: Патопсихологияға кіріспе. Патопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, салалары
- •2.Тақырып : Пато психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
- •3.Тақырып : Патопсихология пайда болу тарихы және дамуы
- •4 Тақырып : Аномальды даму психологиясы, психикалық толық жетілмеу (олигофрения) кпд (кешіккен психикалық даму), зақымдалған психикалық даму (деменция)
- •5.Тақырып : Дисгармониялық психикалық даму, мінез акцентуациясы мен психопатия ( к.Леонгард, а.Е. Личко)
- •7.Тақырып: Невроз және психогенді психоз кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •8.Тақырып: Сананың бұзылуы, критерийлері, синдромдары
- •9,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау
- •10,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: зейін.
- •11.Тақырып: Ойлаудың, сөйлеудің, қиялдың бұзылулары
- •12. Тақырып : Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі, ерік және оның бұзылуы
- •13. Тақырып: Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері. Аурудың ішкі көрінісі Психосоматикалық қатынастар
- •15.Тақырып: Дәрігер мен науқас адам арасындағы
- •1.Тақырып: Патопсихологияға кіріспе. Патопсихология пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, салалары
- •2.Тақырып: Патопсихологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
- •3.Тақырып: Патопсихология пайда болу тарихы және дамуы
- •4 Тақырып: Аномальды даму психологиясы, психикалық толық жетілмеу (олигофрения) кпд (кешіккен психикалық даму), зақымдалған психикалық даму (деменция)
- •5.Тақырып: Дисгармониялық психикалық даму, мінез акцентуациясы мен психопатия ( к.Леонгард, а.Е. Личко)
- •7.Тақырып: Невроз және психогенді психоз кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •8.Тақырып: Сананың бұзылуы, критерийлері, синдромдары
- •9,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау
- •10,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: зейін
- •11.Тақырып: Ойлаудың, сөйлеудің, қиялдың бұзылулары
- •12. Тақырып: Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі, ерік және оның бұзылуы
- •13. Тақырып: Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері. Аурудың ішкі көрінісі Психосоматикалық қатынастар
- •14. Тақырып: Психогигиена. Психопрафилактика. Психотерапия. Психофармокология
- •15.Тақырып: Дәрігер мен науқас адам арасындағы қарым-қатынас мәселелері, ятрогения
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
9,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау
Дәріс мақсаты:
Адамның психикалық дамуы тікелей таным процестерінің дамуымен байланысты. Болашақ психолог мамандар үшін таным процестерін меңгеру ,білу өте қажет. Сондықтан да ЖОО студенттеріне қалыпты таным процестерімен тұлға таным процестері бұзылуларын салыстыра отырып ұғындыру,маңыздылығын ашып көрсету.
Студент білуі керек:
түйсік, қабылдау, зейін, ес ұғымдарының анықтамасын;
түйсіктің ауытқуларының себептері мен сипаттамаларын: сандық және сапалық;
қабылдаудың ауытқуларының түрлері мен себептерін: қарапайым және сенсорлық, күрделі гностикалық ауытқулар;
зейінің қасиеттерін: көлемі, тұрақтылығын, ауысуын;
естің ауытқуларының түрлерін.
психикалық процестерді зерттеу әдістерін ата; ес пен зейіннің.
Ақпаратты блок:
Түйсік- танымның бастапқы негізі блоып табылады.
Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді. Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді.
Түйсіктің сандық өзгерістері:
Гиперестезия (жоғарғы сезгіштік) - түйсіктің табалдырығының төмендеуінің салдарынан сезгіштіктің артуы. Мысалы: электр лампасының жарығы өте айқын, радионың бәсең дыбысы мен басқа бөлмедегі дауыстар қатты болып сезіледі. Көру және есту гиперестезиялары жиі кездеседі.
Гипостезия – түйсіктің табалдырығының жоғарлауының арқасында сезгіштіктің төмендеуі. Мысалы: науқас жарыққа, ылғал төсекке, ыстыққа, суыққа жауап бермейді. Жүйке жүйесінің , оның перифериялық бөлігі және өткізуші жолдарының аурулары кезінде жиі кездеседі.
Анестезия – сезгіштіктің жоғалуы. Ол сезгіштіктің барлық түрін (жалпы анестезия) немесе жеке бөліктерін (парциалды анестезия) қамтуы мүмкін.
Түйсіктің сапалық өзгерістері:
Парестезиялар – дененің әр бөлігіндегі ұю, шаншу, күю сияқты өздігінен немесе сыртқы әсерден кейін пайда болған түйсіктер.
Сенестопатиялар – жинақталуы жағынан нақты анатомиялық және топографиялық иннервацияға сәйкес келмейтін, аяқ астынан пайда болатын ауыр түйсіктер. Мысалы: «денеде тоқ немесе толқын жүргендей» болады, дене тырысады, жарылады, қайнайды, құбылады т.б.
Сенестезиялар – дененің сезгіштігінің жалпы бұзылуы. Мысалы: аяқ астынан дененің әлсіреуі, ауырлауы немесе жеңілдеуі, жүйесіз бас айналулар, жүріс кезіндегі теңселулер мен өз -өзіне сенбеуліктер.
Дәм сезу түйсігінің өзгерісін дисгвезия деп аталыныды.
10,.Тақырыптар: Таным процестерінің бұзылулары: зейін.
Дәріс мақсаты:
Адамның психикалық дамуы тікелей таным процестерінің дамуымен байланысты. Болашақ психолог мамандар үшін таным процестерін меңгеру ,білу өте қажет. Сондықтан да ЖОО студенттеріне қалыпты таным процестерімен тұлға таным процестері бұзылуларын салыстыра отырып ұғындыру,маңыздылығын ашып көрсету.
Зейін ауытқулары.
Зейіннің шаршағыштығы – патологиялық шаршаудың салдарынан психикалық қысым түскен кездегі зейіннің негізгі көрсеткіштерінің бұзылуы.
Зейіннің алаңдағыштығы – ұзақ уақыт бір объектіге сананы бағыттай алмау, бөгде тітіркендіргіштер мен ұсақ бөлшектерге зейіннің алаңдай беруі.
Зейін тым алаңдағыштығы – сыртқы ортадағы болмашы өзгерістерге зейіннің ауыса беруі немесе ешқандай өзгеріс болмаған соң зейіннің өзінен -өзі ауысуы.
Зейіннің инерттілігі – зейінді бір объектіден екінші объектіге ауыстыра алмау. Өз уақытында зейіннің тез ауыса алмауы немесе зейіннің патологиялық фиксациясы.
Жоғарғы алаңдаушылық — бір іс әрекеттің түрінен келесі объектіге үнемі ауысып отыру, зейіннің шектен тыс қозғалғыштығы.
Гипо және апрозекция — қажет уақыт ағымында зейіннің шоғырлана алмауы.
Естің ауытқулары:
Гипермнезия – естің күшеюі. Есте сақтаудың ерекше пәрменділігімен сипатталады.
Гипомнезия – естің әлсіреуі – тұрақты немесе өтпелі де болады. Ауру өміріндегі өткен оқиғаларды еске түсіре алмау, қолжазабаға жазып жүреді.
Амнезия – нақты уақыт ішінде, нақты жағдайда болған оқиғалардың естен шығып кетуі. Ұмытшақтық, есте сақтаудың болмауы.
Паромнезия — есте сақтаудың тарылуы.
Мнестикалық процестердің бұзылуына парамнезиялар да жатады: конфабуляциялар (естің ақ таңдақтары ойдан шығарған оқиғалармен толықтырылады), жалған реминесценциялар (болған оқиғалардың хронологиясын есте сақтамау, шындықтағы бұрын болған оқиғаларды кейінге тану), криптомнезиялар (басқа адамдардан естіген, түсінде көрген немесе кітаптан оқыған оқиғаларды өзімен болады деп баяндау). Нерв жүйесінің зақымдалуынан есте сақтаудың көптеген бұзылуларын кездестіруге болады.