Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.51 Кб
Скачать

7.Тақырып: Невроз және психогенді психоз кезіндегі психикалық бұзылыстар

Дәріс мақсаты: Невроз анықтамасын, сипаттамасын және олардың туындау себептерін түсіндіру, невроз және психогенді бұзылыстар кезіндегі психикалық өзгерістерді, олардың түрлеріне мағлұмат беру.

Студент білу керек:

  • Невроз түсінігін, және олардың түрлерін

  • Неврастения, невротикалық бұзылулар

  • Психогенді психоз туралы түсінік, түрлері

Ақпаратты блок

Невроз - бұл ауыр психотравмалық жағдайлардың әсерінен туындаған , маңызды ядырлық жеке мәнді құндылықтар мен бағдарларды жойып жіберуге немесе кедергі жасауға бағытталған шекаралық психикалық ауру. Невроз бас мидың органикалық зақымдануысыз болатын ауру. Невроздың туындауына тек қана психотравмалық жағдайлар ғана маңызды емес, сондай-ақ аурудың соған қатынасы. Аурулардағы созылмалы психотравмалық жағдайлардың әсерінен, жеткіншек жастан бастап, жалпы невроздар неврастения, навязчивті невроз жағдайы және истериялық түрінде пайда болады.

- Неврастения кезінде бірінші орынға аурудың клиникалық картинасы болып әртүрлі соматовегатативті бұзылулар шығады.

Көбінесе іскер, энергиялы, барлық жұмысты сапалы, адамгершілікпен және жоғары жауапкершілікпен орындап әдеттенген адамдар ауырады. Мұндай тұлғаларда психологиялық конфликт сол жұмысты атқаруға және жетістіктерін реализациялауға мүмкіндіктері болмаған жағдайда туындайды.

- Навязчивті невроз жағдайында бірінші орынға аурудың клиникалық картинасы ретінде навязчивті қорқыныш, ойлар, елестеулер, қимылдар шығады.Мұндай неврозбен бәрінен бұрын

жоғары талаппен тәрбиеленген адамдар ауырады. Сондықтан неврозға әкеліп соғатын психологиялық конфликт болып, осы адам үшін маңызды қажеттіліктермен қалауларын іске асыру барысы жатады.

8.Тақырып: Сананың бұзылуы, критерийлері, синдромдары

Дәріс мақсаты:

Тұлғаның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері оның әрекеттері мен қылықтарын анықтап, басқа адамдармен қатынастарын реттеп отырады. Пациенттің психикалық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін анықтаған жалпы практика дәрігері олардың табиғатын (психологиялық немесе патологиялық) сипаттап, емдеу-диагностикалық процесіне тигізетін әсерін, науқастың өз басы және айналасындағыларға қауіп төндіру деңгейін, көмек көрсету тактикасын таңдап алуы қажет.Сондықтан студентердің сана бұзылуларынан хабардар болуы,түсінуі, критерийлерін, синдромдарын ажырата алу басты мақсат.

Студент білуі керек:

-сана бұзылуларының түрлерін;

-сихикалық процестердің ауытқуларын;

-сана мен өзіндік сананың ауытқуларын;

Ақпаратты дидактикалық блок:

Сана мен өзіндік сананың ауытқулары.Клиникалық парактикада науқастың санасын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Психикалық қалпын сипаттағанда санасының жағдайына міндетті түрде көңіл аударылады. Науқастың санасының бұзылуы онымен контактіге түсуді қиындатуы, бұрмалауы немесе жоққа шығаруы мүмкін, бірақ бұл ауытқуларды талдау науқастың жалпы жағдайын бағалауға, себептерін анықтауға және динамикасынболжауға мүмкіндік береді.

Ясперс бойынша, сана бұзылуының белгілері мынандай:

  1. ортадағы қоршаған шындықтан алыстау;

  2. өз тұлғасын, уақытты, жағдайды, орынды бағалаулардың бұзылуы;

  3. ойлаудың процестерінің бұзылуы;

  4. сана бұзылуындағы толық немесе жартылай амнезия.

Сана бұзылуының екі типі болады: сананың есеңгіреуі және қарауытуы.Есеңгіреу толық (кома) және жартылай болады (есеңгіреудің жеңіл деңгейі, обнубиляция – “үзік сана”). Психикалық іс-әрекеттің уақытша жалпы тозуынан (есеңгіреудің жеңіл түрі) оның толық жоғалуына дейінгі диапазонда сана өшеді (сопор мен кома).