
- •Мәдениет-ұлт-тіл тұтастығы
- •Мамандық
- •Болашақ мамандықтары
- •Адамдар қанша тілде сөйлейді?
- •Аударма
- •Аудару тәсілдері. Сөзбе-сөз аудару және еркін аудару амалдары. Балама аударманың ерекшеліктері.
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2013Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,28
Болашақ мамандықтары
Американың «Money Magazine» журналы және «Salary.com.» зерттеу компаниясы АҚШ-тағы жақын арадағы он жылдықта табысты және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялаған. Осындай елулікке АҚШ-тағы жылдық табысы 50 мың долларды құрайтын адам денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін мамандықтар енген. 2016 жылы ең үлкен сұранысқа ие болатын компьютер, медицина саласы мамандары мен қаржылық талдаушылар. Ал терапевтер мен хирургтар алғашқы ондыққа енбеген, оның себебі оқу мерзімінің ұзақтығы және де бұл саладағы бәсекелестіктің жоғары болуы екен. Аталмыш рейтингте бірінші орында бағдарламалық қамтамасыз ету инженері, оның орташа жалақысы бір жылда 80 мың долларды құрайды.Сонымен қатар келешекте профессорлар мен колледж оқытушыларына сұраныс көп болады деп болжайды мамандар. Келесі орында қаржы кеңесшісі тұрады екен. Өйткені қазіргі АҚШ-та қалталылар қатары көбейіп отырғаны белгілі. Ал кадрлар жөніндегі маман жылына миллион долларға дейін жалақы ала алады. Ол үшін трансұлттық корпорацияларда жұмыс істеу керек. Бесінші орынды дәрігерлердің ассистенттері иеленген, ал екінші бестікте нарықты зерттеушілері ІТ администраторлар, фармацевтер мен психолог мамандар еніп отырғанын зерттеушілер айтып отыр.
Мәтін сөздігі:
Зерттеу-исследовать
Сұранысқа ие-имеет спрос
Тәуекелсіз-без риска
Денсаулыққа зиян келтірмейтін-без ущерба для здоровья
Қаржылық талдаушылар-финансовые аналитики
Оқу мерзімінің ұзақтығы-длительность времени учебы
Бәсекелестіктің жоғары болуы-высокая конкуренция
Қамтамасыз ету- обеспечение
Болжау-прогнозировать, прогноз
Кеңесші-консультант
Нарық-рынок
Бестік-пятерка
Ондық-десятка
Алғашқы ондық-первая десятка.
Тапсырмалар:
-«Болашақ мамандықтары» атты мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.
-Болашақта қандай мамандықтарға сұраныс көп болады?
-Қандай мамандықтарға сұраныс болмайды?
- Бірінші орында қандай мамандықтар тұр?
- Қандай мамандықтың бір жылдық жалақысы көп болады екен?
- Мамандық тақырыбына байланысты 3 мақалды дәптерге жазыңыз .
Сабақ № 5
Мәтінді оқып, танысыңыздар
Адамдар қанша тілде сөйлейді?
Дүниеде қанша тіл бар? Өлі және тірі тілдер.
Жазу тарихы.
Дүние жүзіндегі тілдердің жалпы саны туралы нақты дерек жоқ. 1992 жылы шыққан «Халықаралық лингвистикалық энциклопедияда» жер шарындағы тілдердің саны (300 өлі тілді қоспағанда) 664 деп көрсетілсе, 1994 жылы шыққан «Әлем тілдері атласының» мәліметтері бойынша дүние жүзінде 6796 тіл бар.Тілдердің санына қатысты мәліметтердің нақты болмауының бірнеше себебін айтуға болады. Біріншіден, лингвистер Орталық Африка, Жаңа Гвинея, Фиджи аралдарында бұрын белгісіз болып келген халықтардың мекендейтінін анықтап отыр. Екіншіден, кейбір тілдердің нақты атауы болмағандықтан олардың санаққа ілінбей қалуы да мүмкін. Африкадағы көптеген банту тілдері осы пікірді растайды. Ондағы халық өз тілін өзеннің, таудың атымен атай салатын көрінеді. Үшіншіден, кейбір тілдердегі диалекті мәселесі әлі айқындалмаған. Мысалы, қытай тілінде диалектілік айырмашылықтар өте үлкен. Соның салдарынан тек иероглифті қолданатындар ғана диалектілік тілдерді түсінетін көрінеді. Төртіншіден, қолданыстан шыққан, яғни өлі тілдерді анықтаудың нақты жолдары айқындалмаған. Мысалы, Австралиядағы жергілікті халықтың 250 тілінің 100-і бүгінде өлі тілдер қатарынан орын алған. Тағы 100 тіл осы қатарды болашақта толтыра түспек. 1926 жылы Кеңестік Республикаларда 194 тіл болса, қазіргі ТМД аймағында тілдер саны 120-150-ге дейін кеміген. Әлемде тек 100 адам ғана қолданатын 455 тіл бар көрінеді. Ғалымдардың болжауы бойынша, мұндай тілдер екі-үш ұрпақтан соң мүлде жойылады.1992 жылы Х. П. Грайс әлемде 6528 тіл бар дей отырып, олардың аймақтар мен континенттерге шаққандағы пайыздық үлесін анықтады. Нәтижесінде, тілдердің ең үлкен тобы Азия континентінде шоғырланғандығы белгілі болды. Сонымен, Азияда 2034 тіл бар, ол жалпы тілдердің 31% құрайды. Ал, қазақ тілі 1999 жылғы санақ бойынша әлем тілдерінің ішінде миллиондаған сөйлеушісі бар 93 орынды иеленген.Осыған байланысты, ғалымдар қазақ тілінің болашағы үлкен деген үмітте.
Тапсырмалар:
-Бүгінде қандай тілдер кең таралған? Оның себебі неде деп ойлайсыз?
-«Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
-Сіз қандай тілдерде еркін сөйлей аласыз?
-Мәтін бойынша сұрақтар құраңыздар.
Сабақ № 6
Тапсырма № 1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтарды мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану белсенділік танытып отыр, еуропалық зиялы қауымның бүгінгі дәуірді «аударма ғасыры» деп атауында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттар мен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиет пен әлемдік өркениттегі таңдаулы мәдени қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, рәсімделіп отырады. Демек, аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әрқилы болды.
Тапсырма № 2. Сөздікке назар аударыңыздар.
Қызмет-деятельность, служба, функция
Үрдіс-процесс
Маңызды-важный
Өркениет-цивилизация
Шұғылдану-заниматься
Мүдде-интерес
Белсенділік-активность
Талап-требование
Қазына-богатство
Таңдаулы-избранные
Тапсырма № 3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар
Сабақ № 7
Тапсырма № 1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.