Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Профессиональный казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.06 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ

ҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Д.С. Икапова

Кәсіби қазақ тілі

Оқу құралы

Алматы 2013

Пікір жазғандар:

филол.ғыл.к., аға ғылыми қызметкер Қ. Алпысбаева (М.О. Әуезов атындағы институты),

Алматы байланыс колледжінің оқытушысы Р.А. Хаирлиева

Құрастырушы: Икапова Дана Сарқытқызы-қазақ тілі пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Оқу құралында аудармашы мамандығы туралы мәліметтер тілдік тұрғыдан талданып берілген. Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей білім беру Мемлекеттік стандартына сәйкес, кредиттік оқу жүйесіне лайықталып жасалған оқу құралында түрлі тапсырмалар мен мәтіндер жинағы да беріледі. Оқу құралы жоғары оқу орындарының аударма ісімен шұғылданатын мамандарға, практикалық қазақ тілі курсы бойынша дәріс оқылатын аудиторияларға арналған. – Алматы: ҚАУ, 2013. – 40 бет

Қазақ-Америка университетінің әдістемелік кеңесінің_____.2013 ж. отырысында қаралып № __ хаттамамен басылымға ұсынылды.

Қазақ-Америка Университеті,

2013

Сабақ № 1

Тапсырма 1. Мәтінді оқып, аударыңыздар

Мәдениет-ұлт-тіл тұтастығы

Мәдениет-ұлт-тіл үштігі бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар.Ұлт мәдениеті мен ұлт тілі-ұлт тұтастығының негізгі белгісі.Мәдениет-ұлттың тарихи даму бойында жинақтаған материалдық-рухани құндылықтарының жиынтығы; мәдениеттің күшті әлеуметтік оқиғаларға қарамастан, әрқашанда тұрақты және мәдениет-ортақ нышан-белгілері бар біртұтас жүйе. Мәдениет-қоршаған ортаны, әлемді жай, сырт көзбен бақылау немесе қоршаған ортаға бейімделу емес, жеке адамның (социум), халықтың өз ұлттық-этникалық ерекшеліктері арқылы айнала дүниеге реакция жасауы, оны өз ұлттық мінез-құлқы, пайымы, шұғылданатын кәсібі танып-білуі, алған таным- пайымдауын бағалауы. Әрбір ұлттың өзіне тән таным-пайымы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл- халықтың болмысы, жаратылысы, ол мәдениетпен тығыз байланысты; тіл мәдениеттің дамуын, қалыптасуын, деңгейін көрсететін, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тіл - ойды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар тіл-материалдық-рухани мәдениетті танып-білудің, ұлт мәдениеті көрінісінің, ұлт мәдениеті өмір сүруінің негізгі арнасы, белгілі бір халықтың мәдениетінен ақпаратты жинақтау және сақтау (аккумуляция) қызметін атқаратын басты форма. Демек, тіл арқылы мәдениет суреттеледі, рухани және материалдық мәдениеттің барлық белгілері тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Әр халықтың тілі-ұлттық бітімнің өзгелерге ұқсамайтын айрықша нышанын ғасырдан ғасырға ұластырып, тұтас күйінде жеткізетін қуатты құрал.

Тапсырма 2. Сөздікпен танысыңыздар

Ұғым-понятие

Тұтастық-целостность

Жиынтық-совокупность

Бейімделу-приспосабливаться

Ерекшелік-особенность

Байланысты-зависит, связано

Құрал-средство

Ақпарат-информация

Қуатты-могущественный

Тасырма 3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар

Сабақ № 2

Тапсырма 1. Мәтінді оқып,танысыңыздар

Мамандық

Мамандықтың түрі өте көп. Оны таңдау жас кезден басталады. Таңдаған мамандықты кәсіптік-техникалық училищелерден, кәсіптік орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан алуға болады. Қазіргі кезде аз уақыттық курстар да мамандық беріп келеді, Орта және жоғары оқу орындарында оқу семестрі екіге бөлінеді. Мұнда студенттер теориялық алған білімдерін сынақ, емтихан арқылы, семинар және курстық жұмыс арқылы көрсетеді. «Өте жақсыға» оқитындар әрі тәрбие жұмыстарының бар саласында үлгі атанғандар «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады.Студенттер мен оқушылар таңдаған мамандықтары бойынша әуелі оқу орны жанындағы шеберханаларда, кейін кесте бойынша өндіріс орындарында арнаулы тәрбиеден бірнеше рет өту арқылы кәсіпке үйреніп, төселеді. Студенттер еңбек семестрінде Қазақстанның жер-жерінде жалақыға еңбек етеді. Курс оқушылары арасынан жеке отрядтар құрылады. Өз араларынан ұйымдастыру қабілеті бар жастардан жетекші тағайындайды. Олар жоспарларын алдын-ала жасап жергілікті ұжымдармен келіседі. Студенттер кіші кәсіп орындарда, фирмаларда, т.б. мамандықтарына қатысы жоқ орындарда еңбек етеді. Еңбек семестрінде оқушылар еңбекке төселеді. Олар қайнаған еңбек ортасында көп нәрселерді үйренеді, еңбек адамдарымен бірге болып, олардың ісін көзбен көріп, қолмен ұстайды.

Сөздік минимум:

Сынақ-зачет

Мамандық-специальность

Кесте бойынша-по расписанию

Еңбек семестрі-трудовой семестр

Қабілет-способность

Жалақы-зарплата

Тағайындау-назначить

Таңдау-выбирать

Тапсырма 2. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Тапсырма 3. Мәтін бойыншы жоспар құрастырыңыз.

Тапсырма 4. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сіз қайда оқисыз?

  2. Сіздің факультетіңіз қалай аталады?

  3. Сіз қандай мамандық бойынша оқисыз?

  4. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде неше факультет бар?

  5. Қандай мамандықтардың атауын білесіз?

Тапсырма 5. Сөздерді дұрыс айтуға, қатесіз жазуға дағдыланыңыздар: маман, табыскер, мамандық, шебер, кәсіп, бастық, кәсіпкер, жұмысшы, кәсіби, хатшы, іс қызметкері, іскер.

Тапсырма 6. Осы сөздерге анықтауыш сөз жазып, сөз тіркестерін құраңыздар. Үлгі: сирек мамандық.

Тапсырма 7. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрап, етістіктердің қай шақта тұғанын түсіндіріңіз. Шебер маман, табысты кәсіпкер, кәсіби жұмысшы, қажет мамандық.

Тапсырма 8. Сөйлемдерді аударыңыз.

  1. Моя сестра учится на музыкально- педагогическом факультете.

  2. Нет плохой специальности.

  3. Моя будущая специальность мне нравится.

  4. Я буду дизайнером.

  5. В мире очень много специальностей.

  6. Мой папа - архитектор.

  7. Дизайнер-необходимая профессия.

Тапсырма 9. Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

  1. Мүсіншінің жұмысы ... .

  2. Жақсы маман барлық салада ... .

  3. Мен күндізгі бөлімде ... .

  4. Біздің факультетте ... психолог мамандығы ... .

  5. Мен жақсы маман ... .

  6. Суретші салған сурет маған өте.....

Сабақ № 3

Тапсырма 1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Өзіңе де, қоғамға да пайдалы, ең қажетті мамандықты таңдап алу өте қиын. Мамандықтың жаманы болмайды. Мамандық таңдауда көп нәрсе әсер етеді. Әке-шешең, туған-туыстарың, ұстаздарыңның, достарыңның да әсері болуы мүмкін. Дегенмен, мамандық таңдауда өз біліміңе, икеміңе, мінезіңе сай келетінін, болашақ мамандығыңның ерекшеліктерін де ескеру керек. Жақсы маман болу үшін жақсы білім алып, көп іздену, еңбектену қажет. Кәсіби білікті, еңбекқор, тәрбиелі, әдепті, ұстамды, төзімді, ізденгіш, парасатты адамдармен тіл табыса білетін адам ғана жақсы маман бола алады.

Тапсырма 2. Жаттап алыңыз.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та, бар, қалан!

(Абай)

Тапсырма 3. Өздеріңіз білетін мамандықты атаңыздар. Сол сөздерге сәйкес анықтауыш сөздер жазыңыздар.

Тақырыпқа байланысты сөздік.

Заңгер-юрист

Зергер-ювелир

Кәсіби-профессиональный

Кәсіпкер-предприниматель

Мүсінші-скульптор

Сәулетші-архитектор

Табыскер-бизнесмен

Хатшы-секретарь

Қаржыгер-финансист

Қызметкер-служащий, сотрудник

Шебер-мастер, умелец

Тапсырма 4. Мамандығыңыз қай салада?Мамандығыңыз туралы айтыңыз

Тапсырма 5. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.

а) Ой еңбегі саласы - ...

б) Ауыл шаруашылық саласы - ... ... ... ... .

Тапсырма 6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазіргі үлкен сұранысқа ие мамандықтар қандай?

  2. Компьютер саласына қатысты қандай мамандықтарды білесіз?

  3. Медициналық салаға қатысты мамандықтар қандай?

Тапсырма 7. «Менің мамандығым» тақырыбында мәтін құрастырып үйренеміз.

Ол үшін мәтінге қажет мына етістіктермен танысамыз:

Жұмыс істеймін, жұмыс істеп жүрмін, қызмет атқарамын, қызмет атқарып жүрмін, ауыстым, бардым, келдім, оқыдым, аяқтадым, бітірдім, таныдым, білдім, білім алдым.

Тапсырма 8. Зат есімдер және сын есімдермен танысамыз:

Оқу орны, мамандық, маман, білім, қызметкер, лауазымды тұлға, әріптестер, жақсы, білікті, біліктілігі жоғары, әділ, адал, еңбек, тартымды, ұсыныс, тексеріс, сүйікті, табыс.

Мәтінге қажет үстеулер мен есімдіктер:

Бұрын, бүгін, кезінде, әлдеқашан, әлдекім, қазір, былтыр, алдыңғы жылы.

Тапсырма 9. Жіктік жалғауын қосып жазыңыз.

  1. Мен сәулетші ... .

  2. Біз ауылда сауыншы ... .

  3. Менің нағашыларым – малшы ... .

  4. Сіздер жұмысшы ... .

  5. Біз суретші ... , олар тоқымашы ... .

  6. Біздің қарындасымыз мектепте мұғалім ... .

  7. Менің әкем – жүргізуші ... .

  8. Сен кім ... .

  9. Біздің достарымыз – құрылысшы ... .

  10. Сіз оқытушы ... ба?

Тапсырма 10. Төмендегі үлгі бойынша жолдасыңыздың айтқанын теріске шығарыңыз.

Үлгі: Сен дәрігерсің. – Жоқ, мен дәрігер емеспін, тілшімін.

Сендер-кеншісіңдер.

Менің нағашым-бағбан.

Олардың мамандығы-аспаз.

Біз ауылда сауыншымыз.

Қайрат- сәулетші.

Алма және Сәуле-мүсіншілер.

Назым-аудармашы.

Сенің ағаң-мал дәрігері.

Сіздің қарындасыңыз-тоқымашы.

Әсеттің әкесі-ұшқыш.

Әсет-балықшы.

Мен аудармашымын.

Сабақ № 4

Тапсырма 1.Мәтінді оқып, танысыңыздар