
- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
1-Аг экзогенді зат; 4-лизосома;
2-фагосома; 5-Т-жасушалардың
3-фаголизосома; антиген-спецификалық рецепторы.
Спецификалық қорғаныс факторлары.
В-лимфоциттер
Дененің спецификалық қорғаныс факторлары – иммундық жүйенің гуморалдық, жасушалық факторлар комплексі медиаторларымен денедегі бөгде заттарды жойып, шығаруын есте сақтау қабілетін түзуге бағытталған. Бұл қызметтері лимфоидтық мүшелердің жұмысымен, лимфа ұлпаларының жасушаларымен іске асырылады. Иммундық жүйенің спецификалық факторларының негізгі сипаттамасы – бөгде генетикалық құрылымдарды өзінікінен ажырату қабілеті.
Спецификалық иммундық жауаптың толық түзілуі үшін 3 түрлі иммундық ќабілетті жасушалар өзара әсерлесуі тиіс: 1) В-лимфоциттер; 2) Т-лимфоциттер; 3) антигенді таныстырушы жасушалар, яғни антигенді Т және В-лимфоциттерге таныстыратын жасушалар. Оларға макрофагтар, нейтрофилдер, дендритті жасушалар жатады. Презентация (таныстыру) процесінде жоғары белсенді және спецификалы болып макрофагтар есептеледі.
Т және В-лимфоциттердің ізашарлары сүйек кемігінде дің жасушалардан пайда болып, лимфоидты дің жасуша кезеңінен В-алды және Т-алды жасушаларға дейін жетіледі. Бұл процесс өсінді факторлардың цитокиндердің (ИЛ-1,4,6) әсерімен жүреді. Иммундық жүйенің орталық мүшелерінде (В-жасушалар үшін – сүйек кемігінде, Т-жасушалар үшін - тимуста) лимфоциттер жетілген лимфоциттерге дейін бµлінеді. Иммундыќ жүйеніњ шеткі мүшелеріне қарай (көк бауыр, лимфа түйіндері) жылжып лимфоциттер Т және В-тәуелді аймақтарға орналасады. Лимфоциттердің тұрақты рециркуляциясы (қан және лимфа арқылы) гомеостаздың тұрақтылығын бақылау үшін жағдай туғызады. Ары қарай эффекторлық қызметтерді атқару үшін Т және В-лимфоциттер белсенуі керек, яғни «тыныш» жағдайдан белсенді жағдайға өтуі тиіс. Жасушалардың белсенуі пролиферациямен (лат – proles – ұрпақ, ferre – алып жүру), яғни көбеюмен бірге жүреді. Белсену және пролиферация процесі жасуша аралық әсерлесу молекулаларының дифференциалдық антигендердің, медиаторлардың және жасушалардың басқа өсу факторларының синтезін бақылайтын гендердің белсенумен қатар жүреді. Өсу факторы болмаған жағдайда белсенген жасуша физиологиялық бағдарланған түрде жойылады (апоптоз).
В-лимфоциттер жүйесі
В – В-жасушалар түзілетін мүшелер атауының бірінші әрібі: құстарда Bursa (лат) және сүтқоректілерде bone marrow (ағыл. сүйек кемігі). Бұл әртүрлі класты қорғаныс антиденелерінің өндірілуі арқылы иммундық жауаптың гуморалдық тізбегінің түзілуіне қатысатын жасушалар. В-лимфоциттер (жетілген, иммундық емес) бірнеше ай өмір сүреді. В-лимфоциттердің айналымы әлсіз, баяу типті жоғары сезімталдық реакциясына қатыспайды.
В-лимфоциттердің құрамы (жалпы мүше лимфоциттерінен): сүйек кемігінде – 10-15; көк бауырда - 65-ке дейін; лимфа түйіндерінде – 15-25; шеткі қанда – 15-20; көкірек тармағы лимфасында - 10; тимуста - 3-тен төмен.
В-лимфоциттердің популяциясында олардың бµліну орындарына қарай негізгі 2 субпопуляция болады: 20-ке дейін шеткі лимфоциттерді құрайтын В-1-лимфоциттер және В-2-лимфоциттер. Сүйек кемігі В-жасушалар ізашарларының бір бөлігі айналу (циркуляция) нәтижесінде іш, плевра қуыстарына, бадамшаға түседі, бұл жерде олар бµлініп, дің жасушалары мен сүйек кемігінен бөлектенеді. В-лимфоциттердің бұл тобы В-1-лимфоциттер деп аталады және іш пен плевра қуыстары арқылы (кедергіалды қуыстар) енетін микроорганизмдерге қарсы тез әсер ететін жасушалардың ролін атқарады. В-1-лимфоциттер өзінің мембранасында СД5+ дифференциалдық антигенді алып жүреді және негізінен IgМ-антиденелерін синтездейді. В-1-лимфоциттердің ерекшелігі олардың табиғи көп спецификалық IgМ-антиденелерін өндіруде, сондықтан олар аутоиммундық және лимфопролиферативті процестердің дамуында маңызды орынға ие.
В-2-лимфоциттер («қарапайым») сүйек кемігінде дің жасушалардан В-лимфоциттердің ізашарларына дейін өсу факторының, интерлейкин-дердің (ИЛ-1, 4,6) және микроқоршаудың әсерімен бµлінеді. Ерте, иммундық емес В-жасушалар қан ағысымен көк бауырға, лимфа түйіндеріне және басқа да екіншілік лимфоидтық мүшелерге қарай жылжиды да, ол жерлерде антигентәуелді сатыда дамиды. Бұл кезеңде генетикалық бөгде құрылымдардан сигнал алғанда белсену, пролиферациялану, бµліну сатыларына сәйкес беткей рецепторлардың (маркерлердің) жиынтығы өзгереді. Жетілген лимфоциттің негізгі қызметі көп және әртүрлі спецификалық иммуноглобулиндерді, яғни антиденелерді өндіру (плазматикалық жасуша кезеңі). Плазматикалық жасушалар үшін сүйек кемігі шеткі лимфоидтық мүше болып есептеледі, себебі сүйек кемігіне қайтып келген плазмоцит антиденелердің өндіру көзіне айналады.
В1 және В2 лимфоциттер субпопуляциясының сипаттамасы
В-лимфоциттер субпопуляциясы |
Жетілуі (дифференциа-ция) орны |
Түзілетін антиденелер |
Антиденелердің спецификалық-тығы |
Специфика-лық маркерлер |
Аутореактив-тілігі |
В1 |
Іш, плевра қуыстарында, бадамша, лимфа түйіндерінде |
Ig А Ig М
|
Көпспецификалықтығы |
СД5+ ИЛ-5 рецепторы |
бар |
В 2 |
Шеткі лимфа мүшелерінде, лимфа түйіндерінде – 65-75 |
Ig М Ig G Ig А Ig Е Ig D |
Моноспецифика-лықтығы |
СД5- |
жоқ |
Барлық лимфоциттер морфологиялық құрылысы бойынша ұқсас, бірақ қызметтері әртүрлі болады. Лимфоциттерді және басқа иммундық ќабілетті жасушаларды типтеу арнайы мембраналық антигенді анықтайтын моноклоналдық антиденелер (МкАд) тобының көмегімен іске асырылады. СД-лер спецификалық моноклоналдық антиденелердің нөмірлеріне сәйкес белгіленеді. Бұл моноклоналдық антиденелердің көмегімен антиген құрылысы ұқсастырылады. Барлық антигендердің құрылысы МкАд көмегімен ұқсастырылмайды, сондықтан олардың барлығында СД белгісі болмайды (кластрленбеген). В-лимфоциттердің мембранасының бетінде әртүрлі рецепторлар (лат. recipe - алу) – сигнал қабылдайтын және иммунологиялық маңызды субстанциялар танитын молекулярлық құрылымдар бар. Антигенді танушы құрылымдардың рецепторларға және спецификалық антигендерге бөлінуі шартты (көбінесе рецепторлар – кластрленбеген құрылымдар). Рецепторлар функционалдық ерекшеліктерді анықтайды және «маркерлердің» (фр. marqueur - белгілеу) жалпы тобына жатуы мүмкін. В-лимфоциттердің негізгі антигенді танушы рецепторларының (ВКР немесе ВСR – В cell receptor) бірегей ерекшелігі оның иммуноглобулиндік құрылысы болып табылады. В-лимфоциттер антигенді мембранаға орналасқан иммуноглобулин молекулаларының көмегімен таниды. Антигенді тану нәтижесінде В-лимфоцит плазмоцитке айналып, иммуноглобулиндерді өндіреді. Иммуноглобулиннің Fc бөлігі, комплементтің С3 компоненті үшін арналған рецепторлар лимфоциттердің барлық популяциясына ортақ болып есептеледі; бөлек В-лимфоциттер тізбегіне мембраналық және секреторлық иммуноглобулиндер (IgМ, IgG, IgА, IgЕ, IgD) тән. Барлық рецепторлар жасуша бетінде тегіс орналасқан, жасуша мембранасының бетінде жылжи алады. Лимфоцит белсенгенде рецепторлар жасушалардың бір полюсында «қалпақ» тәрізді (ағыл. cap formation) шоғырланады.
Антингенмен жанасқаннан кейін жетілмеген В-лимфоциттер сигналдарды мембрана бетінен жасуша ядросына беретін белсендіруші рецепторлар деп аталатын жиынтыққа ие болады. Белсендірілген лимфоциттер премиаланған (лат. premia - бірінші) деп аталады. Белсендірілген В-лимфоциттердің негізгі белгілері:
жасушалық рецепторлардың қуыстық пішінінің өзгеруі (конформация);
мембранамен біріккен жасуша ішілік ферменттердің белсенуі;
жасушада кальций құрамының көбеюі;
ақуыздар, сондай-ақ цитокиндер өндірілуінің жоғарылауы;
медиаторлардың көп бөлінуі;
ДНК синтезінің жоғарылауы.
В-лимфоциттер жасушалардың бетінің, олардың түктерінің, мембранамен біріккен молекулалар құрамының көбеюімен бірге белсенеді. В-лимфоциттердің бµлінуініњ соңғы түрі плазматикалық жасушалар болып табылады, олар басқа жасушалардан бірнеше негізгі белгілермен ерекшеленеді:
жақсы дамыған цитоплазмалық ретикулумы, Гольджи аппараты бар үлкен жасушалар;
жасуша цитоплазмасында көп иммуноглобулиндер өндіріледі (90-ға дейін);
М иммуноглобулинімен қатар басқа да иммуноглобулиндерді өндіру қабілеті жоғары.
Плазматикалық жасушалар 3 аптаға дейін өмір сүреді, бұл уақыт ішінде мыңдаған антиденелер молекулаларын өндіреді.
В-лимфоциттердің бір бөлігі антиген спецификалықдың ұрпағын (клонын) түзеді, олар антигенмен қайта кездескенде белсенеді және тез арада G иммуноглобулині тобының спецификалық антиденелерін өндіреді. Толық иммунологиялық реакциялар В-лимфоциттердің антигенді танушы рецепторының, рецепторлық аппараттың сапалық және сандық жиынтығы; антигенді Т-лимфоциттерге таныстырушы құрылымдар, басқа иммундық ќабілетті жасушалармен әсерлесу қабілеті болған кезде түзілуі мүмкін. Антиген және басқа иммундық ќабілетті жасушалардан (әсіресе Т-жасушалардан) қосымша ақпарат болмаған жағдайда В-жасушалар жойылады (апоптоз).
Иммунологиялық реакциялардың (иммундық жауаптың) толық мәні – жасушалардың белсенуі мен апоптоз процесінің тепе-теңдігінде.
Апоптоз (грек. апо – жоқ, птоз – бұзылу, яғни бұзылусыз жойылу) – ДНК ядросының деградациялық және ядроның дегенерациясымен жүретін жасушаның бағдарланған физиологиялық жойылуы. Соңынан деградацияланған жасуша фагоцитоздалады. Апоптоз процесі бірқатар мембраналық және жасуша ішілік өзгерістермен ерекшеленеді. Жасушаның мембранасында апоптоз индукторынан сигнал өткізетін апоптоздың арнайы рецепторлары болады.
Сонымен, В-лимфоциттер унипотентті дің В-жасушалардан түзіледі:
сүйек кемігінің ізашарларынан;
В-лимфоциттердің екі субпопуляциясы анықталады: В1 және В2;
моноклоналды антиденелердің көмегімен В-лимфоциттердің идентификациялануы (иммундық фенотиптенуі) нәтижесінде олардың мембранасында болатын (СД+) немесе болмайтын (СД-) СД жиынтығымен сипатталады. Жетілген В-лимфоциттердің негізгі маркерлері: беткей иммунглобулиндердің рецепторлары; комплементтің С3в компонентіне рецепторалар; СД21 (комплементтің С3d компонентіне және Эпштейн-Барр вирусына рецепторлар); СД19, СД20, СД22;
жетілген белсенді В-жасушалардың негізгі маркерлері: СД19, СД20, СД23, СД25, СД71.