- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Иммунитеттік төзімділік
Иммунитеттік төзімділікті 1953 жылы Медавар ашты. Эмбрионалдық даму сатысында донорлық линияның қан жасушаларын тышқан организміне енгізгенде трансплантант ұзақ уақыт сақталады екен. Ертеректе (1942, 1944 ж) Бернет пен Феннер иммунитеттік паралич құбылысын ашқан. Ересек тышқанға пневмококк полисахаридін көп мөлшерде еккенде, антидене синтезделуі тежелген. Осы ғалымдардың, сонымен қатар совет ғалымдары Г.В.Лопашов, О.Г. Строева (1950) ұйғарымы бойынша организмнің өз антигендерін өзге антигендерден айырып білу процесі эмбрион сатысында қалыптасады, яғни жүре пайда болатын құбылыс. Осы теориядан табиғи төзімділік құбылысының болатыны шығады.
Медавар мен Гашек жұмыстарының арқасында төзімділікті сан түрлі антигенге қалыптастыруға болатыны анықталды, мысалы, ақуыздарға, микроб антигендеріне ж.т.б.
Бәрінен бұрын төзімділік құбылысының мәнін Бернет түсініп қорытынды шығарды. Ол жасап шығарған иммунитеттің клон-сұрыптау теориясында осы құбылысты түсіндіру негізгі қағида болып саналады. Эмбриондық даму сатысында организмдегі антигендермен әсерлесе алатын клондар сақталып қалады. Яғни өз антигендеріне төзімділік пайда болып әсерлеспейтін қасиет пайда болады.
Осы тұрғыдан қарағанда иммунитеттік төзімділік – ареактивтілік. Осы антигенмен контактіде болғандықтан пайда болған, онымен арнайы әсерлесуге лимфоидтық жасушалардың мүмкіндігі жойылған құбылыс.
Осы жұмыс үшін Медавар мен Бернетке 1960 жылы Нобель сыйлығы тапсырылды.
Қазіргі кезде жаңа эксперименттік фактілердің пайда болуы арқасында иммунитеттік төзімділік мәселесінің күрделі теориялық мәні болып отыр. Кей кездері антиген антидене синтезіне қатысты төзімділік тудырғанымен осы антигенге қарсы жасушалық реакциялар сақталып қалады. Кейде керісінше, антидене синтезі сақталып, жасушалық иммунитет реакциялары бұзылады. Яғни, жартылай төзімділік пайда болады: гаптенге немесе таратушыларға арналған түрі, оны басқа түрде "жартыланған" төзімділік деп атайды. Толық төзімділік те болуы мүмкін, яғни, гаптенге де, таратушыға да толеранттік, бұл жағдайда тегі бөтен антиген организмде иммунитеттік реакциялар қоздырмайды.
Т-супрессорлардың табылуы мен қызметінің анықталуы иммунитеттік төзімділік антигенге қарсы жасушалардың жойылуынан емес, Т-супрессорлар белсенділігімен қамтамасыз етіледі деген түсінікке жеткізді. Яғни, организмде антигенмен әсерлесе алатын лимфоциттер болады, бірақ олардың қызметін Т-супрессорлар тежейді. Бұл түсінік "жартыланған" төзімділік құбылысында түсіндіре алады. Антигенмен әсерлесу процесінде организмде негізінен Т-Т немесе Т-В белсеніп, соның салдарынан не Т-жасушалық, не В-жасушалық төзімділік туады.
Осы тұрғыдан қарағанда аутоиммундық процестерде организмнің өз антигендеріне төзімділіктің жоғалуы Т-супрессордың қызметі төмендеуінен шығады, соның арқасында өз антигендеріне қарсы реакция жүреді.
Төзімділіктің осы екі теориясы бірін-бірі толықтырады деп қарау керек, яғни, клон-жетіспеушілік және супрессорлық төзімділік. Біріншісі антигенге сәйкес лимфоцит клоны жетіспеуінен туады, не олардың блокадада болуынан шығады. Жетілмеген В-лимфоцит антигенмен кездескенде көбею қабілетінен айрылатыны анықталып отыр, соның салдарынан осы антигенмен әсерлесе алатын В-лимфоциттердің біртұтас клоны естен шығады. Сондықтан жас организмде, әсіресе эмбрионда төзімділікті оңай қалыптастыруға болады. Осылай көбею қабілетінің жойылуы блокада себебінен жүреді, В-лимфоцит антиген танитын азғана рецепторлары "қатырылған" күйде болады (В-лимфоцит рецепторлар аз, баяу синтезделеді).
Супрессорлық төзімділік Т-супрессордың сәйкес клонымен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда осы екі түрлі төзімділік бірдей жүруі мүмкін немесе біреуі басымырақ болуы мүмкін.
Иммунолог Л.Н.Фонталин төзімділіктің анықтамасын берді. Төзімділік деген антиген әсерінен сол антигенге иммунитет жауабы істен шығуына әкеп соғатын лимфоидтық ұлпа популяциясының құрамдық өзгерісі. Бұл анықтамады клон жетіспеуі де, Т-супрессор әсері де көрсетілген.
Төзімділік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы эмбрион даму сатысында организмнің өз антигендеріне түзіледі, екіншісі туғаннан соң ересек организмде пайда болады.
Табиғи төзімділік тұрақты өмір бойы созылады, бірақ кейде үзіліп аутоиммундық ауруға әкеп соғады.
Жасанды пайда болған төзімділік жартылай жүреді, иммунитет қызметінің біреуі ғана тежеледі. Кейінірек азайып мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.
Ересек организмде иммунитет төзімділігі түзілуі үшін антиген мөлшері, егу әдісі мен мезгілі әрқайсысына жекелей анықталады. Сонымен қатар иммунитет тежегіш әсер арқылы іске асады. Ол үшін радиоактивті сәулемен және цитостатиктармен әсер етеді. Оған жататындар: циклофосфамид, 5-меркаптопурин, циклоспорин, т.б.
Төзімділік тудыру үшін антигеннің құрылысының, мөлшерінің, бөгделік дәрежесінің зор мәні бар. Антиген бөтендігі жоғары болған сайын оған төзімділік жасау қиын болады. Ол әсіресе тимустәуелді трансплантациялық антигендерге қатысты. Төзімділік тудыруға антиген құрылысы да қатысады. Т-тәуелсіз антигенге жақын болған сайын оңай қалыптасады. Яғни, тасымалдаушы тізбегінде тәртіппен біртекті зарядталған топтар кезектесіп отырып тасымалдаушының қатаң құрылысы болса, ондай антигенге төзімділік оңай қалыптасады. Сондықтан Т-тәуелсіз антигенмен оңай иммунитетпараличі құбылысын алуға болады.
Ақуыздық антигендер (көбінесе Т-тәуелді) үшін, оларға антидене синтезін төмендететін әсерлер (мысалы, ыдыратса молекулалық салмағы азаяды) төзімділік туғызатын қасиетін күшейтеді. Осымен байланысты ақуыздардың антидене синтездеу қасиеті мен төзімділік тудыру қабілеті арасында кері тәуелділік байқалады.
Төзімділік антигеннің не тым жоғары мөлшеріне, не тым төменгі мөлшеріне пайда болады, басқаша айтқанда жоғарғы зоналық және төменгі зоналық төзімділік. Антигеннің ортаңғы дозасына иммунитет жауабы қозады.
Төменгі зоналық төзімділік супрессорлық төзімділіктен пайда болады, ал жоғарғы зоналық төзімділік клон жетіспеуінен, соның ішінде ол Т немесе В-лимфоцит клоны жетіспеуінен туады.
Т-жасушалар төзімділігі клон жетіспеуінен болады және Т-жүйеде В-жүйеге қарағанда жеңіл қалыптасады, антиген мөлшерін аз талап етеді және ұзақ уақыт сақталады.
Антигендерде болатын табиғи төзмділік, Т-жасушалық төзімділік арқылы жүреді. Т-жасушалық және В-жасушалық төзімділік үшін келесі ерекшеліктер керек: 1) иммунитеттік тұрғыдан жетілмеген жасушаларда оңай қалыптасады; 2) төзімділік түзілу үшін және сақталу үшін организмде антиген аз мөлшерде болсын айналып жүруі керек.
