
- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
D және В факторлары – альтернативті белсенудің алғашқы кезеңдерінде қатысатын ақуыздар тобы. D факторы қан сары суында белсенді фермент түрінде оранласады. В - D факторының субстраты болып табылады. В факторы D факторының әсерімен ыдырайды.
С3в
В
D
факторы
С3в
Вв
Ва сұйық
түрінде қан сары суына өтеді
С3-конвертаза
+Р- пропердин ақуызы комплексті тұрақтандырады
РС3в
Вв
С3 С3а сұйық түрінде қан сары суына өтеді
С3вРС3в
Вв
С5 конвертаза
С5 С5а сұйық түрінде қан сары суына өтеді
С5в + С3РС3в Вв
С6-С9
С3РС3в
Вв5в
МЕМБРАНАҒА ШАБУЫЛ
ЖАСАУШЫ КОМПЛЕКС
Комплемент жүйесі белсенуінің биологиялық нәтижелері
Комплемент жүйесінің белсенінің нәтижесінде көп мөлшерде биологиялық белсенді компоненттер пайда болады. 4-ші схемада комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті белсенуінің кезеңдері мен олардың негізі биологиялық нәтижелері берілген. Ең алдымен С3 және С5 ыдырағаннан түзілетін ьиологиялық белсенді компоненттер туралы айту керек. Олар ұлпа базофилдерінен (мес жасушалардан) және қанның базофилді гранулоциттерінен вазобелсенді аминдердің, ең алдымен гистаминнің, бөлінуіне алып келетін анафилотоксиндер. Бұл тегіс бұлшық еттердің қысқаруымен және қан тамрыларының өткізгіштігінің жоғарылауымен байқалады. С3а және С5а базоыилдердің бұзылуысыз тегіс бұлшық еттерді қысқартады және капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады, яғни бұл жағдайда С3а және С5а екі жақты – тікелей және ұлпа базофилдері мен базофилді гранулоциттер арқылы әсер етеді. С3а иммуноглобулиндердің антиген спецификалық және митоген индукциялық синтезінде иммунодепрессиялық белсенділігін көрсетіп иммунореттуші молекула қызметін атқарады. С5а қабілетті: 1) өзі бөлінген жерге нейтрофилдерді миграциялаушы хемотаксистік фактордың қызметін атқаруға; 2) нейтрофилдерді қан тамырларының эндотелиіне және бір біріне жабысуын күшейтіп, нейтропенияға алып келеді; 3) нейтрофилдерді белсендіріп, онда тыныс жарылысы мен дегрануляцияны дамытады 4) нейтрофилдердің лейкотриендер өндірісін күшейтеді.
Келесі биологиялық белсенді компонент - C3b. Оның пайда болуы және нысана жасушаларды қоршауы комплемент жүйесінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Сонымен бірге, C3b комплемент жүйесінің альтернативті белсенуінде және опсонизация құбылысында өте маңызды. Фагоциттік жасушалардың (нейтрофилдердің, эозинофилдердің, моноциттердің, В-жасушалардың, базофилдердің, макрофагтардың және эритроциттердің) бетінде C3b ға рецепторлардың болуы олардың опсонизацияланған бактерияларға бекітілуін күшейтеді және жұту процесін белсендіреді. C3b-байланысты жасушалардың немесе иммундық комплекстердің фагоциттік жасушаларға мұндай тығыз бекітілуі имундық бекітілу феномені деп аталды.
C3b факторының ыдырауынан түзілген С3е факторы нейтрофилдерді сүйек кемігінен миграциялап, лейкоцитоздың түзілуіне себеп болады.
Белсенді C3bBb ке, альтернативті белсенудің С3-эстеразасына қарсы антеденелері болатын С3-нефриттік фактор да бар. Бұл антиденелер С3-эстеразамен байланысып әсіресе ангиокапиллярлық гломерулонефриті бар науқастарда гипокомплементемияның түзілуіне алып келеді.
Комплементтің биологиялық белсенді компоненттерінің арасында хемотаксистік белсенділігі бар С5b67 бар. Бірақ ол организмде тез бұзылады, сондықтан оның хемотаксистік ролі маңызды емес.
Келесі компонент – C4, оның ыдырау өнімдері маңызды биологиялық қызмет атқарады. Мысалы, C4b cубкомпоненті комплемент жүйесінің белсенуі жүретін нысана жасушаның мембранасында қалып С1 компоненттің қасында орналасады. Бұл екі компонент – С1 және С4 – құрамында вирус болатын иммундық комплнексті байланыстырып, вирустық белсенділікті бейтараптайды.
Келесі компонент – С2. Ол ыдырағанда C2b ерігіш күйде болып, қан тамырының өткізгіштігін жоғарылататын кинин тәрізді молекулалардың түзілуімен байланысты болады. Бұл эффект туа біткен ангионевроздық ісінудің негізі болып табылады.
Келесі фактор – альтернативті белсенудің В факторы. Ол екі фрагментке ыдырайды: Ва қан сары суына өтеді, нейтрофилдер үшін хемотаксистік фактор болып табылады. Bb макрофагтарды белсендіреді және олардың жасушалардың бетінде жабысып жайылуын қамтамасыз етеді.
Комплемент жүйесінің соңғы компоненттері бактериолиз, цитолиз және виролиз процестерін іске асырады, яғни иммундық комплекстердің құрамындағы жасушалардың жояды.
Комплемент жүйесі туралы түсіндірудің соңында опсонизация процесінің механизмдерін сипаттау қажет.