
- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ф-ОБ-012-016
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
Түркістан 2008 жыл
Кафедра мәжілісінде талқыланған
№___ хаттамасы «___»______2008 жыл
Кафедра меңгерушісімен бекітілген
М.ғ.к, доцент М.С.Жүнісов
______________
№1 сабақ
Тақырып: Иммундық жүйенің құрылысы. Иммунитеттің негізгі теориялары. Иммундық жауап туралы түсінік. Антигендер, олардың негізгі сипаттамалары.
Иммунитеттің гуморалды жүйесі. В-лимфоциттердің дифференциациялануы
Оқу сағат саны – 6
Тақырып өзектілігі:
Иммунология дегеніміз иммунитет туралы ғылым. Бұл қатерлі індеттерге қарсы күрес жолында пайда болып, адамзатты көптеген жұқпалы аурулардан құтқарған ғылым. Оба мен шешек аурулары туралы бұдан 2000 жыл бұрынғы жазбалардан белгілі. Сол баяғы замандарда осы аурумен ауырған адамдар екінші рет ауырмайтыны анықталған екен. Мұсылман ғалымдарының ішінде алғашқы зерттеген ғалымдар Разы мен Ибн Сина. Олар шешек ауруын індет ауруларынан ажыратып, алғаш иммунитет теориясын жасайды. Шешектен құтылу әдісі алғаш Қытайда пайда болған деген болжам бар. Иммунология тарихы ағылшын ғалымы Эдвард Дженнердің еңбегімен басталады.
Гуморальді иммунитет ж‰йесініњ ќ±стардаѓы орталыќ органдары Bursa Fabricius, осы аѓзадан шыќќан лимфоциттер В- лимфоциттер деп аталады. С‰тќоректілердіњ В.Ѓ. аналогы, эмбриональдыќ сатыда, бауырдыњ ќан т‰зетін аймаќтары, туѓаннан соњ с‰йектіњ ќызыл кемігі. Сондыќтан ересек организмде барлыќ В-лимфоциттер с‰йек кемігінен пайда болады. Шеткері органдары ретінде кµкбауырдыњ, лимфа т‰йіндерініњ, кµмекей бездерініњ т.б. органдардыњ тимус-тєуелсіз аймаќтары. Б±л аймаќтарда негізінен В-лимфоциттер орналасады, ал тимуске тєуелді аймаќтарда Т-лимфоциттер болады. Ќан ж‰йесінде В-лимфоциттер мµлшері 30% жетеді (ж±ыќ). Олар негізінен алѓашќы дифференциялану сатысы с‰йек майында µткен, біраќ толыќ пісіп жетілмеген, шет лимфа органдарына, кµкбауыр мен т‰йіндерге баѓыт алѓан лимфоциттер. Осы жерде (кµкбауыр мен лимфа т‰йіндерде) антигендермен єрекетесуі нєтижесінде олар пісіп жетіліп, кµбею процесстері ж‰реді. Соныњ арќасында плазмалыќ клеткалардыњ клоны т‰зіліп, антигенмен арнайы єрекеттесе алатын антителалар синтезделеді.
Сабақтың мақсаты.
Студент білуге тиіс:
иммунология дамуының тарихы жолын;
иммунитеттің негізгі теорияларын;
иммунитет түрлерін;
иммундық жүйенің мүше, жасуша және молекула деңгейінде құрылысын;
иммундық жауап туралы түсінігі;
антигендер, олардың негізгі түрлері және сипаттамалары;
гуморалды иммунитеттің құрылысы мен қызметтерін.
Студент істей алуға тиіс:
лабораторияда жұмыс жасау;
лизоцимнің деңгейін анықау (бейспецификалық қорғаныс факторы);
фагоцитозға баға беру әдісін жүргізу;
нейтрофилдердің жалпы тотығу-тотықсыздану белсенділігін анықтау;
шеткі қандағы лимфоциттер және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолюттік санын анықтау.
Сабаққа дайындық үшін сұрақтар:
Иммунология пәні және мақсаттары
Қазіргі иммунологияның міндеттері
Иммунология дамуының тарихи кезеңдері
Иммунологияның ғылым ретінде пайда болуы. Л.Пастердің еңбегі
Жұқпалы және жұқпалы емес иммунологияның дамуы (И.И.Мечников, К.Ландштейнер)
Иммунологияның дамуында Ф.Бернеттің, Г.П.Медавардың, Д.П.Эрлихтың, Ж.Доссэның, Д.М.Гашектің, Э.Дженнердің еңбектері
Отандық иммунологияның дамуы
Иммунитеттің анықтамасы
Иммунитеттің түрлері
Фагоцитоз туралы түсінік
Иммундық жүйенің орталық мүшелері және олардың қызметтері
Иммундық жүйенің шеткі мүшелері және олардың қызметтері
В- және Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері
Иммунологиялық реактивтілік туралы түсінік
Иммундық реакциялардың негізгі түрлері – гуморалдық, жасушалық, төзімділік, иммунологиялық есте сақтау
Иммундық реакция кезеңдері
Антигендер, олардың сипаттамасы
Антигендер және олардың қасиеттері. Химиялық табиғаты
Бактериалдық жасушалардың антигендік структурасы, топтық және түрлік антигендер, антигендік мимикрия
Антигендер шақыратын реакциялардың түрлері
Антиденелердің антигендермен әсерлесуі
Антигенннің әсеріне иммундық реакцияның жауабы
Иммунитеттің гуморалдық жүйесі, негізгі қызметтері
В-лимфоциттердің дифференциациялану кезеңдері
Тақырып бойынша тест сұрақтары
1.Иммунология – бұл:
А. Иммунитет туралы ғылым
Б.Адам денесінің құрылысы туралы ғылым
В. Мүшелер, ұлпалар қызметттері туралы ғылым
Г. Организмдегі биохимиялық реакциялар туралы ғылым
2.Иммунологияның негізін қалаушы:
А. Ф.Бернет
Б. Л.Пастер
В. И.И.Мечников
Г. П.Медавар
3.Иммунитеттің организмді тек микробтан ғана емес, сондай-ақ бөгде дене жасушаларынан қорғайтынын кім дәлелдеді:
А. Л.Пастер
Б. Ф.Бернет
В. П.Медавар
Г. И.И.Мечников
Д. П.Эрлих
4.Гистосәйкестіктің бір гені бойынша, яғни ең төмен белгісі анықталған бөгде жасушаларға иммунитет түзілетінін кім дәлелдеген:
А. И.И.Мечников
Б. П.Эрлих
В. Л.Пастер
Г. П.Медавар
Д. Ф.Бернет
5.Төмен вирулентті микробтардан вакцина жасау принципін тапқан:
А. И.И.Мечников
Б. П.Эрлих
В. Л.Пастер
Г. П.Медавар
Д. Ф.Бернет
6.Иммунитеттің гуморалды теориясының негізін қалау:
А. И.И.Мечников
Б. Ф.Бернет
В. Э.Беринг
Г. П.Эрлих
Д. Л.Пастер
7.Иммунитеттің жасушалық теориясының негізін қалаушы:
А. И.И.Мечников
Б. Ф.Бернет
В. Э.Беринг
Г. П.Эрлих
Д. Л.Пастер
8.Төзімділілікті алғашқы ашқан ғалым:
А. И.И.Мечников
Б. Л.Пастер
В. Ж.Доссэ
Г. П.Медавар
Д. М.Гашек
9.Фагоцитозды алғашқы ашқан ғалым:
А. Л.Пастер
Б. И.И.Мечников
В. Ф.Бернет
Г. О.Петров
Д. П.Эрлих
10.Организмнің иммундық жүйесінің қасиеттері:
А. Антигендерді тану
Б. Есте сақтау
В. Төзімділік
Г. Фагоцитоз
Д. Лизис
11.Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне жатады:
А. Көк бауыр
Б. Тимус
В. Бауыр
Г. Сүйек миы
Д. Лимфа түйіндері
12.Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне жатады:
А. Көк бауыр
Б. Тимус
В. Бауыр
Г. Сүйек миы
Д. Лимфа түйіндері
13.Кайсы мүшелерде Т және В-зоналары бар:
А. Көк бауыр
Б. Тимус
В. Лимфа түйіндері
Г. Лимфа фолликулдары
Д. Сүйек миы
14.В-лимфоциттердің негізгі қызметтері:
А. Иммуноглобуллиндер синтезі
Б. Реттеуші
В. Эффекторлық
Г. Иммунологиялық есте сақтау жасушаларының синтезі
Д. Фагоцитоз
15.Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері:
А. Иммуноглобуллиндер синтезі
Б. Реттеуші
В. Эффекторлық
Г. Иммунологиялық есте сақтау жасушаларының синтезі
Д. Фагоцитоз
16.Организмнің арнайы емес қорғаныс факторларына жатпайды:
А. Фагоцитоз
Б. Тері және шырышты қабықтар
В. Қалыпты микрофлора
Г. Иммуноглобуллиндер
Д. Интерферондар
17.Организмнің қорғанысына тері мен шырышты қабықтардың қатысуы:
А. Механикалық тосқауыл ретінде
Б. Май және сүт қышқылдарын бөлу арқылы
В. Бактерицидті әсер етеді
Г. Макрофагтармен
Д. Иммуноглобуллиндермен
18.Фагоциттердің қызметіне жатпайды:
А. Секреторлық
Б. Қорғаныс
В. Тосқауыл жасау
Г. Таныстыру
190.Микрофагтарға қайсы жасушалар жатады:
А. Эритроциттер
Б. Гранулоциттер
В. Моноциттер
Г. Дің жасушалар
Д. Лимфоциттер
20.Антигендердің қасиеті емес:
А. Антигендермен өзара әсерлесу
Б. Иммуногендік
В. Антигендік
Г. Организмнің сұйықтықтарында еру
21.Антигендік мимикрияның қасиетін көрсетіңіз:
А. Антигендік
Б. Иммуногендік
В. Антигендердің организм ұлпаларымен ұқсастығы
Г. Термолабилділік
22.Антигенді организмге енгізгенде болатын иммунологиялық реакцияның түрлері:
А. Антиденелердің бөлінуі
Б. Баяу және тез дамитын жоғары сезімталдық
В. Иммунологиялық есте сақтаудың дамуы
Г. Иммунологиялық төзімділіктің дамуы
Д. Барлығы дұрыс жауап
23.Бактериаялық антигендерді көрсетіңіз:
А. Н-антигендер
Б. S-антигендер
В. К-антигендер
Г. L-антигендер
Д. Q-антигендер
24.Қандағы В-лимфоциттердің саны:
А. 40%
Б. 22%
В. 30%
Г. 35%
25.В-лимфоциттердің дифференциациялануының бірінші кезеңі жүреді:
А. қызыл сүйек миында
Б. шеткі лимфа мүшелерінде
В. көк бауырда
Г. лимфа түйіндерінде
26. В-лимфоциттердің дифференциациялануының бірінші кезеңіне тән:
А. жетілмеген бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
Б. ерте бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
В. жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы
27. В-лимфоциттердің дифференциациялануының екінші кезеңіне тән:
А. жетілмеген бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
Б. ерте бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
В. жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы
28. В-лимфоциттердің дифференциациялануының үшінші кезеңіне тән:
А. жетілмеген бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
Б. ерте бастапқы В-лимфоциттің дифференциациялануы
В. жетілген тыныш қалыптағы В-лимфоциттердің дифференциациялануы