- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •1. Пәннің типтік жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі оқу бөлімінің оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.6 Курс саясаты және процедурасы
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен.
- •Шикізаттардың жіктелуі:
- •Қорлардың жіктелуі:
- •Кең орындарын экономикалық бағалау
- •7. Семинар сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Курстық жұмыстарды орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Бағалау бойынша ақпарат
- •Рейтинг-шкала
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •Студенттердің білімін бағалау критерилері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Насырова Г.Т., - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, gulyan_2002@mail.ru.
Шакеев С.С., - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, sayan.79@mail.ru.
Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасы, бас корпус 448 каб, жұм.телефоны: 77-01-69
Консультация уақыты: күнделікті 10:00-17:00.
3.2 Курстың пререквизиттері (берілген курстың басына дейін оқытылуы қажет пәндер) экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, менеджмент, маркетинг, қаржы.
3.3 Курстың постреквизиттері (берілген курс аяқталғаннан кейін оқытылуы дұрыс пәндер) АҚ экономикасы және оны басқару, өндіріс сферасының экономикасы, шағын бизнес экономикасы және оны ұйымдастыру, өңдірісті ұйымдастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметі, табиғатты пайдалану экономикасы
3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
«Кәсіпорын экономикасы» курсы жалпыкәсіби және арнайы пәндер циклының құрамдас бөлігі болып табылады және экономика мамандығы студенттерінің оқуына арналған. Кәсіпорын экономикасының зерттеу объектісі болып жеке шаруашылық субъектілерінде болатын және олардан шығатын барлық процестер табылады. Берілген жағдайда жалпыэкономикалық процестер жеке шаруашылық субъектілеріне олардың әсер етуі тұрғысынан қарастырылады. Олар әрбір шаруашылық субъектінің белгілі бір реакциясын туғызатын берілгендер (нарықтық жағдайлар) ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын экономикасы шаруашылық субъектілерді дәстүрлі мәнде ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары, тұтыну қоғамдары және т.б. сияқты қоғамдық, коммерциялық емес кәсіпорындарды зерттейді.
Кәсіпорын экономикасы көрсетілген процестер бойынша ғылыми гипотезаларды теориялық тұрғыдан құрастыруға тырысады, оларды эмпирикалық берілгендер негізінде тексереді және себептерді зерттеу негізінде қандай нәтижелер күту керектігін көрсетеді. Бұл оқу пәні бір мезгілде қолданбалы сипатқа ие, тәжірибелік мәселелерді шешу үшін инструментарийлер ретінде қолданылатын, қолда бар, құралдар дамуының белгілі бір мақсаттарына сүйеніп, шешім қабылдау модельдерін әзірлейді, кәсіпорын қызметін өнімді жұмысты және қызмет көрсетуді өндіру міндеті бар өңдірістік-шаруашылық жүйе ретінде күрделі организм сияқты зерттейді. Кәсіпорын бизнес саласынан шыққысы келмесе, нарықтық орта оны рентабельдік режимінде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Рентабельділік режимі нарықтық жағдайда кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі нәтижесі және қызмет ету мақсаты пайда екендігін көрсетеді. Зәру қажеттілікті қанағаттандыратын товарлар мен қызметерді өңдіру керек.
Пәнді оқудың мақсаттары мен міндеттері:
«Кәсіпорын экономикасы» курсын оқыту мақсаты болып қоғамдық өмірдің түбегейлі жаңару жағдайында кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметін басқарудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын толық баяндау және Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін ескеріп, шаруашылық ету әдістерінің жүйесін басқару мен жетілдіруге жаңа талаптарды ескеріп кәсіпорын экономикасы туралы студенттердің білім алуы табылады.
Курстың оқудың міндеттері:
«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқу міндеттері жеке экономикалық пән болып табылады. Оның оқу пәніне кәсіпорын қызметі, шаруашылық шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі жатады. Курстың міндеттері берілген пәнді оқу маңыздылығынан шығады және келесі сұрақтарды қарастыруға әкеледі: әлеуметтік бағдарланған нарық экономикасындағы кәсіпорын экономикасының негіздері, кәсіпорындардың түрлері мен формалары, кәсіпорын мүліктері мен ресурстар, оның түрлері және оларды қолдану тиімділігі, кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі, кәсіпорын қаржысы мен инвестицияның қызметі.
3.5. Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
Курсты оқу қорытындысында студент келесілерді білу керек:
кәсіпорында болып жатқан экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін және олардың арасындағы қарым-қатынасты терең түсінуге;
оларды жүйелендіруге және моделдеуге, оларға әсер ететін факторларды анықтауға;
қол жеткізген қорытындыларды бағалауға, өндірістің тиімділігін көтеретін резервтерді анықтауға.
