
- •1 "Қор" мұнай компаниясы ақ
- •1.1 "Қор" мұнай компаниясының құрылу тарихы
- •1.2 Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы
- •1.3 Компанияның қазіргі жағдайы
- •1.4 Компанияның денсаулық қорғау, қауіпсіздік және қоршаған орта саласындағы саясаты
- •2 Тербелмелі станок жайлы жалпы мәлімет
- •3 Ұзынжүрісті тербелмелі станоктар
- •3.1 Штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мұнай және газ еліміздің шаруашылығында маңызды міндет атқарады. Ауыр индустрияның дамуы, бірінші кезекте олардың отын- энергетикалық комплексі сияқты базалық саласы, бүкіл халық шаруашылық мәселелерін болашақта шешетіні сөзсіз. Академик Е.Велиховтың пікірі бойынша, болашақтағы энергия тұтыну қабылдаудың өсуінің көп бөлігін жабатын, кемінде XX- ғасырдың бірінші жартысында, отынның негізгі түрлері болып табиғи газ, мұнай және көмір табылады. Қазіргі кезде 23% құрайтын, әлемдік энергобаланста табиғи газдың үлесі жаңа ғасырдың бірінші онжылдығында 30% дейін көтерілді. Мұнай мен газ адамзат қоғамының энергия көздерінің ең негізгісіне айналды, әрі ең маңызды химиялық шикізат болып табылады. Мемлекетті мұнай - газ шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді. Мұнай-газ өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұнай өнімдері жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы техниканың ең соңғы үлгілерімен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі технологиялық процестерді жүзеге асыра алатындай жағдайда екені белгілі. Мұнай-газ саласының дамуымен қатар бір мезгілде машина құрастыру салалары да даму үстінде. Осымен қатар ғылым да даму бағытында.
Бұл диплом алдындағы есептемеде негізінен "ҚОР" мұнай компаниясы АҚ жайында жалпы мәлімет жазылады. Жәнеде тербелмелі станоктың жұмыс жасау үрдісі мен негізгі параметірлері және колдану аясы, кандай бөлшектер мен агрегаттардан тұратыны т.б. жайлы жапы мәліміт жазылады. Сонымен қоса менің дипломдық тақырыбым ұзынжүрісті тербелмелі станоктың түрлерімен және жұмыс жасау үрдісімен т.с.с. толық таныстыру мәліметтері жазылады.
Ал негізінен компанияга келетін болсақ компанияда жұмысшыларымен жұмыстың толық циклі орындалады: өндіру және тасымалдау, көмірсутекті шикізатты өңдеп ішкі нарықта сату. Компания өз болашағын бүкіл Қазақстан республикасының дамуымен байланыстырады. Компанияда қазіргі таңда істелініп жатқан жұмыстар болашақ ұрпақтың келешегіне зор үлесін қосары анық.
1 "Қор" мұнай компаниясы ақ
1.1 "Қор" мұнай компаниясының құрылу тарихы
Еліміздегі алдыңғы қатарлы мұнай компаниялардың бірі "ҚОР" мұнай компаниясы акционерлік қоғамы 1995 жылы 21 ақпаннан бастап МГ№256 лицензиясы бойынша өз жұмысын атқаруда.1995 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қызылорда облысы компанияның құзіретіне Ащысай кен орнын барлаужұмыстарын жүргізу мен мұнай өнімдерін өндіруге берді. Компанияның структурасына еншілес Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан компаниялары кіреді. Компания жұмысшыларымен жұмыстың толық циклі орындалады: өндіру және тасымалдау, көмірсутекті шикізатты өңдеп ішкі нарықта сату.
1 - кесте - Ащысай кен орнының даму тарихы
1989 жыл |
Ащысай кен орнының шығыс бөлігінің ашылуы |
1995 жыл |
"ҚОР" мұнай компаниясы иелігіне өтуі |
2001 жыл |
Ащысай кен орнының бірінші сынамасының өтуі |
2004 жыл |
Ащысай кен орнын игерудің технологиялық схемасының құрылуы |
2006 жыл |
284000 т мұнай өндірілді |
2007 жыл |
Бірінші серіктестік шартқа қол қойылды |
2009 жыл |
320000 т мұнай өндірілді |
2010 жыл |
Ащысай кен орнына 15 жыл, "ҚОР" шарайнасы журналдың шығуы |
2012 жыл |
380000 т мұнай өндірілді Ащысай кен орнынан Құмкөл кен орнына дейін 40,5 км құбыр жүргізілді |
1.2 Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы
Компанияның мақсаты: "табиғи ресурстарды жүйелі әрі қауіпсіз игеру, жұмысшыларды біріктіре отырып, технологиялар мен басқаруды біріктіріп Қазақстан Республикасына өз үлесін қосу".
Компанияның стратегиясы: "өндірілген көмірсутегі шикізат пен мұнай қорын өсіру, ресурсты потенциалды өсіру, жоғары білікті әрі жоғары талпынысты жұмыскерлердің бар болуы, өндірістің көлемін сақтау".
Компанияның артықшылықтары: "компанияда шетелдік акционерлер жоқ және де компанияның ұстанған позициясы Қазақстандық компания ретінде, жасалған жұмыстар тек отанымыз Қазақстан Республикасы үшін. Жұмыс орнында 100 % Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады, оның ішінде 80 % Қызылорда облысының тұрғындары".
1-сурет. Ащысай кен орнында өндірілген мұнайдың тарихи графигі
Акционерлық қоғамның қызмет түрлері:
мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды іздеу-барлау жұмыстары;
мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіру, игеру;
мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өңдеу;
мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарына тиісті барлық қызмет түрлері, соның ішінде бұрғылау, зерттеу қызметтері.
1.3 Компанияның қазіргі жағдайы
"ҚОР" мұнай компаниясы қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жеткен Қазақстан Республикасындағы алдағы қатардағы мұнай компанияларының бірі. Оған дәлел компанияның осы уақыт аралығында алған марапаттары. Мысалы, 2002 жылы "ҚОР" мұнай компаниясы акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен "2002 жылдың ең үздік салық төлеушісі" атағы берілген. 2005 жылы компанияға Кенен комитеті атынан "2005 жылдың Сыртқы экономикалық қызметтінің ең үздік қатысушысы" атағы берілді. Сонымен қатар, компания қайырымдылық шараларын өткізгені үшін жергілікті басқару органдарының, өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың марапаттарына ие.
2007 жылдың 25 сәуірінде Қызылорада облысы әкімі мен "ҚОР" мұнай компаниясы арасында жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі серіктестікке меморандум жасалған. Аталған меморандум бойынша компания 1000000 АҚШ долларын денсаулық сақтау іс-шараларына, білім мен спорттың дамуына, әр түрлі әлеуметтік, экологиялық, мәдени және спорт шараларының өткізілуіне бағытталған жобаларды қаржыландыруға бөлді. Тек қана 2006 жылдың қорытындысы бойынша компанияның қайырымдылық қоры 1,5 млн АҚШ долларын құраған.
Қазіргі таңда компания жергілікті жерде өткізілетін "Менің елім – менің тірегім" сияқты іс-шараларға белсене қатысуда. Сонымен қатар, компания Қызылорда қаласының инфраструктурасының дамуына өз үлесін қосуда. Жыл сайын соғыс ардагерлеріне, мүгедектер мен аз қамтылған жанұяларға ақшалай көмек беріледі. Компания мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды қолдайтын әлеуметтік ұйымдардың іс-шараларына белсене ат салысады.
Компания жергілікті жердегі оқу орындарын қолдайтын іс-шаралар өткізеді. Мұнай кәсіпшілігінде оқитын жергілікті жердегі студенттерге үлкен көлемде ақшалай қаржы бөліп отырады. Конкурстық байқау нәтижесінде өздерін жоғары деңгейде көрсеткен студенттерге компания тағайындаған шәкірт ақы беріледі.
Компания алғашқы жұмыс күндерінен-ақ патриоттық ұстанымда болған. Қазіргі таңда компания жұмысы өз негізін қалаушылардың даму мақсаттарына негізделген. Компания атауының өзі Қазақстанның болашақ ұрпағына қалдырылатын "қор" мағынасын береді. Компания құрылған кезде 10 адам өз қызметін бастаған болатын, ал қазіргі таңда 578 қызметкер бар, оның 577 Қазақстан Респуликасы азаматтары болып табылады. Жыл сайын компания қызметкерлері өз білімін жоғарылату мақсатында квалификациялық мамандандырудан өтеді.
Серіктес таңдауда отандық компанияларға көп көңіл бөлінеді. Отандық компаниялармен мақсатты серіктестік құруының себебі еліміздегі мұнай компанияларының дамуына өз үлестерін қосуды мақсат етуі.
National Business рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша "ҚОР" компаниясы еліміздің ең үлкен 100 компаниясының қатарына, сондай-ақ мұнай саласындағы 20 алдыңғы қатарлы компаниялардың санатына қосылған. Бұның бәрі қызметшілердің адал еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Компания өз болашағын бүкіл Қазақстан республикасының дамуымен байланыстырады. Компанияда қазіргі таңда істелініп жатқан жұмыстар болашақ ұрпақтың келешегіне зор үлесін қосары анық.